Дебиеттер тізімі



Дата11.02.2023
өлшемі12,61 Kb.
#67015
түріДиссертация

8.8. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
8.8.1 Диссертацияны жазу барысында дереккөздерге сілтеме жасалу керек.
8.8.2 Дереккөздер туралы мәліметтерді диссертация мэтінінде дереккөзге сілтеме жасалу реті бойынша орналастырып, араб цифрымен нөмірлеу керек жэне азат жол басынан бос жер қалдырмай басу керек.
8.8.3 Пайдаланылған әдебиеттер сілтемесін тік жақшаға алу керек [5, 76].
Бір дереккөзге бірнеше рет сілтеме жасау кезінде дереккөздің реттік нөмірмен бірге сәйкес беті беріледі. БАҚ-тан ақпарат пайдаланылған жағдайда тік жақшада тек дереккөз нөмірі ғана көрсетіледі.
8.8.4 Стандарттар мен техникалық талаптарға сілтеме жасауда олардың тек белгісі ғана көрсетіледі, бұл ретте, егер пайдаланылған эдебиеттер тізімінде стандарттың толық сипаттамасы берілген жағдайда олардың бекітілген жылын көрсетпеуге рұқсат етіледі.
8.8.5 Пайдаланылған эдебиеттер қатарында электронды дереккөздер, интернет ресурстары қолданылған жағдайда, пайдаланылған эдебиеттер тізімінде ол деректердің интернеттегі адресі толық көрсетіледі. Ресурсқа кірген кездегі мерзімі де көрсетілуі тиіс. Үлгісі (библиографиялық мэліметтер шарттъі түрде алынды):
Кітаптар үшін: Авторлардың аттары мен тегі. Тақырып. - Қайта басылым туралы мәлімет. Басыльш орны: Баспа, шыққан жылы. - Бет саны.
Мәселен: С.С.Мәуленова, С.Қ. Бекмолдин, Е.Қ. Қүдайбергенов. - Экономикалық теория. - 1 бөлім. - А.: Экономика, 2013. - 194 б.
Журналдардағы мақала үшін: Авторлардың аттары мен тегі. Мақала атауы // Басылым атауы. (Серия). - Шыққан жылы. - Том. - Нөмірі. - Беті. Мысалы: Еркінбеков Д.А., Садақбаева Ж.К., Маманов Е.А. жэне т.б. Метал өндірісіндегі фазааралық қатпардың қүрылымы жайында // Қазақстан нанотехнологиялары. - 2009. — Т. 4. - N0 5-6. - Б. 114-120.
Конференция мен жинақ еңбектерінің материалдары үшін жэне т.б.: Авторлардың фамилиялары мен аты жөні. Мақала атауы // Басылым атауы: Басылым түрі. - Орын, басылған жылы. - Том. - Нөмір. - Беттері. Үлгісі: Төкенов Н.Б., Бекболатов Н.О., Рахметова С.А., Төмен қысымдағы жалында көміртекті наноқұрылымды сараптау // VI Халықаралық симпозиум: Көміртекті материалдардың физикасы мен химиясы / Наноинженерлік. - Алматы, 2010 . — Б. 134-138.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет