Деңгейлік тапсырмалар жинағы


-нұсқа Бірінші бөлім А деңгейі



бет46/59
Дата20.09.2022
өлшемі3,37 Mb.
#39552
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   59
Байланысты:
1454325596413 2

2-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі.
1. Басқа белгілерге қарағанда кең реакция нормасымен шектелетін белгі: а) құстың күннің ұзақтығына жауап беруі; в) жануарлардың еліктендіруші реңі; с) примула гүлінің температураның өзгеруіне байланыты қызыл түстен ақ түске ауысуы; д) көбелектің қанатының пішінінің өзгеруі .
2. Қай мысалда сыртқы орта жағдайларының әсері байқалады: а) бір қолтұқымға жататын сиырлардың маңдайындағы ақ жұлдыз сияқты әртүрлі сурет; в) картоптың бір іріктемесінің түйнегінің көлемі; с) бір отбасының балаларының көздерінің түсі; д) екі пианистің музыкалық қабілеті.
3. Екі жұмыртқадан пайда болған егіздер қандай белгілері бойынша айырмашылығы болады: а) фенотипімен; в) генотипімен; с) реакция нормасымен; д) үшеуімен де.
4. Адамның зат алмасуының бұзылуын зерттейтін әдіс: а) егіздік; в) цитогенетикалық; с) биохимиялық; д) генеологиялық.
5. Резус- конфликтің себебін зерттейтін әдіс: а) егіздік; в) генеологиялық; с) биохимиялық; д) цитогенетикалық.
6. Ауыл тұрғындарының қала тұрғындарынан бұрын терісінің қартаюы: а) комбинативтік; в) мутациялық; с) тұқымқуалайтын өзгергіштік; д) модификациялық.
7. Дрозофиланың ақ көзді мутациясы қандай мутация түріне жатады: а) гендік; в) хромосомалық; с) геномдық; д) жыныстық.
8. Егіздік әдістің негізін қалаушы: а) Ч.Дарвин; в) Ф.Гальтон; с) Т.Морган; д) Дж. Тийо мен А. Леван.
9. Даун ауруының себебі: а) митоздың бұзылуы; в) сыртқы орта жағдайының әсері; с) мейоздың бұзылуы; д) хромосомалардың екі еселенуі.
10. Хромосома бөлігінің түсіп қалуы: а) инверсия; в) транслокация; с) дупликация; д) делеция.
Екінші бөлім В деңгейі. В1
1. Сандық белгірердің реакция нормасы ...
2. Тұқым қуалайтын тұрақты өзгерістер...
3. Хромосомалар санының гаплоидтық хромосомалар санына сәйкес емес (бір,екіге) кемуі немесе артуы ...
4. Хромосомалардың бір бөлігінің екі еселенуі ...
5. Адамның туғаннан саңырау болуының тұқым қуалауы ....
6. Егер егіздердің біреуінде ғана белгі байқалса, ол ... деп аталады.
7. ДНҚ дағы нуклеотидердің орын ауыстыруы, бір нуклеотидтің түсіп қалуы немес екі еселенуі .... мутация
В2 . Сәйкестікті анықта.

Адамның тұқым қуалау заңдылықтарын зерттеу әдістері

Сипаттамалары

  1. Генеалогиялық.

  2. Биохимиялық.

  3. Цитогенетикалық.

  4. Егіздік.

А) Сыртқы орта жағдайларының әсерін зерттейтін әдіс
Ә) Хромосомалар саны мен құрылысының өзгеруін зерттейтін әдіс
Б) Адамның қалыпты және патологиялық белгілерінің тұқым қуалауының заңдылықтарын зерттейтін әдіс
В) Зат алмасу процестерінің бұзылуын зерттейтін әдіс.



В4. Артық ұғымды көрсет:
Транслокация Инверсия Дупликация Анеуполиплоидия
В5. Дұрыс тұжырымды көрсет: 1) Ата- аналарынан ұрпақтарының айырмашылығы негізінде мутациялық өзгергіштік жатыр; 2) Комбинативтік өзгергіштікке себеп болатын жағдайлардың бірі мейоз кезінде гендердің әртүрлі комбинациясының түзілуі; 3) Жануарларға полиплоидия өзгерісі тән; 4) Альбинизм геномдық мутацияның мысалы бола алады; 5) «Мутация» алғаш ғылымға енгізген ғалым голландиялық ботаник Х.Де.Фриз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет