Үшінші бөлім. С1.
Биосферадағы азот айналымын сурет бойынша сипатта. Бұл айналымға қандай организмдер қандай процестер негізінде қатысады? Бұл айналымға адам қалай қатысады?
Фосфордың және судың айналымын сипатта. Бұл айналымға қандай организмдер қандай процестер негізінде қатысады? Бұл айналымға адам қалай қатысады?
21 –тақырып. Қазақстанда табиғатты қорғау және табиғат байлықтарын үнемді пайдалану 1-нұсқа Бірінші бөлім А деңгейі. Топырақты қорғаудың түрін көрсет: а) минералды тыңайтқыштарды қолдануға тиым салу; в) қорғаныш ағаштар отырғызу; с) даланы батпаққа айналдыру;
Ауаның ластануының негізгі себептерінің бірі: а) өндірістің ластаған суы; в) автомобиль көлігінің шығарған газдары; с) мұнай өнімдері; д) егістіктерден тыңайтқыштар мен химиялық улардың шайылуы.
Алғаш Қызыл кітапты жасауды ұсынған ғалым:
а) К.А.Тимирязев; в) П. Скотт; с) В.И.Вернадский; д) Э.Зюсс.
«Қызыл кітаптың» Қазақстанда бірінші рет шыққан жылы:
а) 1968; в) 1978; с) 1988; д) 1989.
Қазақстанда ғана кездесетін жануар: а) қызыл қасқыр; в) Мензибра суыры;
с) қарғатұмсық қаз; д) ақ тырна.
Семей полигонындағы Тайсойған, Нарын, Азғыр мекендерінде жүргізілген ядролық жарылыстар саны: а) 1000; в) 600-ден астам; с) 400; д) 500-ден астам.
Арал теңізіндегі су конценрациясы: а) 20г/л; в) 60г/л; с) 40 г/л; д) 45г/л.