ИКИГАЙ
Құралай Бауыржанқызы @shuakh @shuaq_smm_school
Құралай Бауыржанқызы
@shuakh
@shuaq_smm_school
Сәлем, досым!
Менің атым Құралай Бауыржанқызы. Сен мені
@shuakh аккаунтымнан тануың мүмкін.
Сонда да, өзім туралы қысқа ақпарат айтайын
Блогерлер мен эксперттердің продюсерімін
@shuaq_smm_school қазақ тіліндегі алғашқы SMM
мектебін құрушы командам бар
@shuaq_production жетекшісімін
WEB produser
Нарықтағы ең мықты копирайтерлердің ұстазы
02
02
@shuakh / @shuaq_smm_school
Икигай деген не? Бұл сөз "ики" - өмір сүру, "гай" - себеп
деген мән-маңызға толы 2 түбірден тұратын ұғым. Икигай
- сенің күнде таңертең ұйқыңнан қуана оянуыңа, өмірге
деген құштарлығың болуына себеп.
Иә, күнде-күнде! Оған ауа-райы, түрлі сыртқы факторлар
еш әсер етпейді. Міне, тура осындай себеп бар ма сенде?
Бар болса, онда сен талааай адамға қарағанда
бақыттысың, біліп қой! Алайда асықпа, өмірлік себебіңді
әлдебір статус не титулмен шатастырып алма.
Мына бір диалогқа назар аударшы. Мұнда адамның
статусынан икигайдың қандай айырмашылығы барын
білесің.
- Сен кімсің?
- Мен Айгүлмін. Архитектордың жұбайымын,- деп ол
ылдым-жылдым жауап берді
- Сенің есіміңді, күйеуің кім екенін сұраған жоқпын. Өзің
кімсің?
- Үш баланың анасымын.
- Мен "СЕН кімсің?" деп сұрадым.
- Мектепте мұғаліммін,- қысыла, күмілжи жауап қатты.
- Мен сенен қанша балаң бар, қайда жұмыс істейсің деп
сұрадым ба?
- Мен сүйікті отбасым мен жақындарым барына қуанып,
оларды одан сайын жақсы көру үшін шаттана оянатын
әйел-ана, ал мектепте балаларды білім нәрімен
сусындатып жүрген бақытты ұстазбын!
02
@shuakh / @shuaq_smm_school
Икигай деген не?
Әркімнің өз икигайы бар. Біреу оны әлдеқашан тапса,
біреу әлі іздеп жүр. Өмір де сонысымен қызық. Уақыт өте
адамның икигайы да өзгеріп отыруы ықтимал.
Өмірдің әр белесінде өзіңді қуанышқа бөлеп, өміріңе мән
беретін жаңа икигайыңды тапқан да - бір бақыт!
Әйтпегенде әлдене жоғалтқандай, жалыққандай,
жолыңнан, бағытыңнан жаңылғандай сезім билейді.
Осыған дейін тәп-тәуір айналысқан, өзіңе ұнайтын тірлігің
қазір бұрынғыдай ләззат сыйламайтындай, әйтеуір ілініп-
салынып өмір сүргендей сезім саған да таныс па? Құдды
бір бәрі сол баяғыша тұр, тек сені ғана ауыстырып
қойғандай...
Ал түптеп келгенде сен емес өзгерген, бар болғаны сенің
икигайың өзгерген. Бүгін ендеше сен де өз икигайыңды
тауып көр. Егер де икигайыңды ап-анық анықтап, жазбай
тани алсаң, таң атар-атпастан күнмен жарыса, жадырай
оянатын боласың.
Дайынсың ба?
Жаттығу: өз икигайыңды қалай табасың?
02
@shuakh / @shuaq_smm_school
Мына 4 сұраққа жауап бер:
не істегенді ұнатасың? (көзің жайнап, қаның ойнап
тұрып қуана айналысатын ісің)
қолыңнан не келеді?
сенде не бар? Ол нәрсе өзгелерге де керек пе?
саған не үшін (қай қызметің) ақы төлейді?
Бұл төрт сұраққа бірден жауап бере алмай тосылып
қалсаң - еш уайымдама. Алда саған өзіңді жақынырақ
тани түсуге көмектесетін 3 қадам бар.
Ал әзірге мына графаларға ойыңа келген әрекеттерді
түсір. Сосын олардың өзара байланысын бағамдап көр. 4
сауалдың жауабы бір-бірімен қабыса байланысып, бір-
бірін толықтырып тұрғаны маңызды. Жоғарыда берілген
суреттегідей. Сенің икигайың да сол тұста екеніне сен!
Достарыңызбен бөлісу: |