Декреттік демалыс – еңбек ететін азаматтарға ұсынылатын демалыс (әйелдерге де, ерлерге де). Әйелдерге – бала туғанға дейін және туғаннан кейін, ерлерге – бала күтімі бойынша 3 жасқа толған мерзімге дейін. Тәжірибеде көп жағдайларда декреттік демалысқа жүктілігіне 30 апта толуына байланысты еңбекке жарамсыздық парағын ұсына отырып, әйелдер шығады. Аталмыш еңбекке жарамсыздық парағының негізінде әйелдер оған тиісті декреттік демалысқа, туғанға дейін және туғаннан кейін де, сондай-ақ бала туған күннен бастап 3 жылға дейн бала күтімі бойынша шығады.
Декреттік демалысқа шығуы бойынша мемлекет еңбекақыдан ұсталатын әлеуметтік аударымдар негізінде жәрдемақы төленеді:
* жүктілігі және бала босануына берілетін төлемдер
* бала 1 жасқа толғанға дейн бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы (қалған 2 жылда әйел ақша төленбейтін декреттік демалыста болады).
4-ші және одан кейн туылған балаларға 8,9 АЕК 28302 тг
Жұмыс істейтін азаматтарға берілетін төлемдер
Бала босануға дейн берілетін (до родовой) төлемдер
1-3-ші балаға дейн 38 АЕК (АЕК 2022 жылы 3180 тг)
120840 тг
4-ші және одан кейн туылған балаларға 63 АЕК
200340 тг
Бала бір жасқа толғанға дейн ай сайынғы берілетін әлеуметтік төлем соңғы 12 айда алған жалақыңыздың 40% құрайтын болады. Бұл жағдайда бала саны есепке алынбайды.