Жүзеге асыру формалары
Сайлау өткізу, есеп беру.
Жобаларды бүкілхалықтық талқылау.
Референдум өткізу.
Митинг, жиналыс.
Съезд, конференция, пленум.
Шеру, бой көрсетулер.
Сессия
Шетелге сапарлар.
Ереуілдер
Демократиялық қоғам белгілері
Демократиялық қоғамның белгілерін экономикалық, саяси, рухани, әлеуметтік салаларына қарай бөлуге болады.
Экономика саласында
Еңбек адамдарының меншік қатынастарына тікелей тартылуы;
Меншік түрлерінің әркелкілігі;
Ауқымды өндіріс демократиясы қажет;
Кәсіподақтардың еңбекшілер құқын қорғауы;
Еңбекке қарай бөлу принципінің болуы;
Мүгедектермен,табысы төмен топтарға қамқорлық жасау;
Саяси салада
Саяси пікірдің әр алуандығы;
Көппартиялылықтың болуы;
Демократиялық сайлау жүйесінің болуы;
Құқықтар мен бостандықтар туралы заңдардың болуы;
Оларды іс жүзінде қолдану;
Қоғамдық ұйымдар жүйесінің болуы;
Саяси өмірге қатынасу мүмкіндігінің болуы;
Оппозицияның болуы;
Рухани салада
Заң жүзіндегі сөз, ұждан, шығармашылық, т.с.с. бостандықтар жүйесінің болуы;
Өнердің, мәдениеттің барлық түрлерінің дамуы;
Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы;
Оқу-ағарту мекемелер жүйесінің болуы;
Мәдениет пен шығармашылықтың барлық саласының дамуы, оған еркін қол жеткізу;
Зұлымдық, қаталдық, нәсілшілдік насихатының шектелу;
Достарыңызбен бөлісу: |