Демократия



Pdf көрінісі
Дата22.05.2023
өлшемі48,79 Kb.
#95694
Байланысты:
демократия



демократия
марданова диана


Демократия – мемлекеттің саяси құрылымының бір түрі,
онда халық биліктің заңнамалық және атқарушы
функцияларын тікелей немесе өз өкілдері арқылы жүзеге
асырады.
Демократия – ұжымды ұйымдастырудың тәсілі, онда
ұжымның барлық мүшесі басқарудың маңызды
кезеңдеріне тең қатысады.


Демократия – демократиялық қоғамды жақтайтын саяси қозғалыс.
Жалпыға бірдей және еркін сайлауы бар демократиялық қоғамда сайлау
құқығы бар адамдар өздері қалаған партияға және мемлекеттік, аймақтық
және жергілікті деңгейде шешім қабылдайтын саясаткерлерге дауыс бере
алады.
Демократияның белгілері:
- халықтың егемендігі,
- билік органдарын сайлау (шектеулі мерзімге),
- Конституцияның болуы,
- саяси пайымдаулар бостандығы, оның ішінде саяси плюрализм,
- азаматтық құқықтарды сақтау кепілдігі,
- шешімдер демократиялық жолмен қабылданады (референдумдар, дауыс
беру және т. б.)


Демократия мәселесі - саясаттанудағы негізгі
тақырыптардың бірі.Демократия туралы мәселенің өте
маңызды болуына бірнеше себептер бар. Біріншіден,
қазіргі кезеңде демократия дүниежүзілік жалпы
адамзаттың рухани құндылығы болып табылады. Ол
халықтар арасындағы бірлестіктің, қауымдастықтың
дамуына зор әсер етеді. Екіншіден, әрбір мемлекеттегі
саяси биліктің сапасы қоғамдағы демократияның
деңгейіне байланысты. Үшіншіден, демократия біздің
Қазақстан мемлекетінің мақсаты мен болашағы.


Демократия деген сөз гректің “demos” –халық және “kratos” – билік
деген сөздерінен құралған. Яғни, халық билігі деген мағынаны
білдіреді. Бірақ бұл ұғымды ертедегі гректер өздерінің қоғам,
мемлекет құрылыстарымен байланыстырған.Қазіргі кезеңдегі
демократияның ұстанатын басты мақсаты – билікті қалыптастырудың
көзі халық болуында. АҚШ-тың он алтыншы президенті Авраам
Линкольндің айтуы бойынша: “Демократия: халық үшін сайланған
халық билігі”. Қазір ежелгі антикалық уақытпен салыстырғанда
демократия түсінігінің ауқымы да, мазмұны да біраз кеңейді.
Демократия қазір тек қана сайлау мәселесімен шектелмейді.
Қоғамдағы көптеген саяси процестер, саяси құбылыстар, саяси қарым-
қатынастар демократиялық ұстаным негізінде сипатталады.


назарларыңызға
рахмет


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет