Байланысты: Статья Организация и проведение демонстрационного экзамена в соответствии с требованиями worldskills[1][1]
ДЕМОНСТРАЦИЯЛЫҚ ЕМТИХАННЫҢ ОҢТАЙЛЫ ТҰСТАРЫ ДЫ WORLDSKILLS ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ. Аңдатпа: Осы мақалада ҚР ТжКБ оқу орнында демонстрациялық емтихан дайындау және өткізу туралы сипаттама берілген. Демонстрациялық емтихан білім алушыға меңгерген кәсіби біліктілігн іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ мақалада жаңа форматтағы біліктілік емтиханы немесе қорытынды аттестация туралы айтылған. «Техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарына еңбек нарығының нақты қажеттіліктеріне бағдарлану және еліміздің жаңа экономикалық бағытының мәндеттеріне сай болу қажет» (ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтің Жолдауы, 2022 жыл) Бүгінгі таңда ІТ саласындағы революциялар адамзаттың өміріне түбегейлі өзгерістер алып келуде. «Сапалы, қолжетімді және заманауи білім беру Қазақстанның дамыған мемлекеттер қатарына қосылуының кепілі болып табылады», - деп Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаев баса айтты, сондықтан білім беру жүйесінде жаңа өмірге бейімделуіміз керек. Ол үшін ІТ саласындағы дамуға жаңа, мықты серпін беру үшін осы салада кадрларды даярлау маңызды.
Қазіргі уақытта әлемдегі дерлік барлық салалар ақпараттық технологияларды қолданады, сондықтан ақпараттық технологиялар маманы қазіргі заманның ең көп сұранысқа ие мамандықтардың бірі болып табылады. Жас қазақстандықтардың білім сапасын арттыру, олардың ұмтылыстары мен құлшынысын жоғарылату, бәсекеге қабілетті жас ұрпақты дайындау біздің еліміздің дамуының негізін құрайды. Кәсіби білімді жаңартудың өзекті проблемаларының бірі ІТ саласында кадрларды дайындау, олардың даярлау сапасын арттыру болып табылады. Осыған байланысты тәуелсіз бағалау сипатын іске асыратын білім беру және кәсіби стандарттар талаптарына сай келетін білім нәтижелерін бағалаудың жаңа біліктілікке бағытталған форматтарын енгізу аса өзекті болып отырҒАНДЫҚТАН. Студенттерді қазіргі заман талаптарына сай дайындау формаларының бірі біліктіліктерді көрсету бойынша емтихандарды WorldSkills кәсіби стандарттарын ескере отырып өткізу болып табылады.
Демонстрациялық емтихан қазіргі дәстүрлі форматқа қайшы келмейді және қорытынды аттестациялаудың жаңа стандартталған форматының рөлін атқарады: бағалау бірыңғай баға беру шарттары мен ережелері бойынша жүргізіледі; емтиханда алынған жекелеген біліктіліктердің қалыптасуына берілген бағалар құжатта көрсетілген кәсіби қызметті меңгеруіне берген бағалар жиынтығына, бірыңғай форматта – дағдылар төлқұжатында жиналады; сертификаттау құралдарының және демонстрацияық емтихан форматындағы нәтижелердің барлық мүдделі тараптар үшін ашықтығы қағидаты іске асырылады.
Білім алушылардың кәсіптік модульдердің мазмұнын меңгеру деңгейі, олардың сапасын арттыру оқу (аралық аттестациялау) аяқталған соң немесе тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарында көзделген модульдер көлемін меңгерген соң анықталады (қорытынды аттестациялау).
Демонстрациялық емтихан – бұл студенттерге меңгерген кәсіби біліктіліктерін іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік беретін жаңа форматтағы біліктілік емтиханының немесе қорытынды аттестациялаудың нәтижесі.
2022 жылы Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжінде эксперимент ретінде екі мамандық бойынша WS талаптарына сай демонстрациялық емтихан енгізілді. «Графикалық дизайн» біліктілігі бойынша біздің колледжіміздің төрт студенті қатысты: Демеу Чингис, Ясын Эльда, Ендальцев Эдуард және Макс Андрей. Емтихан тапсырАТЫН ып жатқан білім алушылардың білім сапасын сарапшылар – Халық банкі, «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ, «EXPOBEST» халықаралық тауарлар мен қызметтерді өндірушілер қауымдастығы сияқты ұйымдар мен компаниялардың жетекші мамандары бағалады.
Жұмыс берушілердің бүгінгі таңда қоятын талаптары – үш өлшемді модельдеу, анимация және графикалық дизайн, мобильдік қосымшалар дизайны, сондай-ақ креативтілік пен бірегейлік. Сондықтан Веб-дизайн біліктілігімен нәтижелі жұмыс жасау үшін студент алдымен логотипті құрады, мекеменің күнделікті қызметіндегі ең жиі қолданылатын материалдарын зерттейді, яғни кітапша, бір беттік сайттың дизайнын, мобильдік қосымшаның дизайнын, жарнама баннерін, тауарлардың дизайнын жасап шығара алады, 3D модельдеумен айналыса алады. Сонымен қатар емтихан тапсырып жатқан студент бөлінген 12 сағаттық уақытты тиімді қолдана алады және өзінің теориялық білімін іс жүзінде қолдана алады, сөйтіп біліктілік төлқұжаты болып табылатын Skills төлқұжатына ие бола алады.
Осы емтиханды ұйымдастыру бойынша үлкен дайындық жұмысы жүргізілді, біліктілік бойынша бағалау құжаттамасының жиынтықтары әзірленді, емтихан тапсырушылардың жұмыс орындарының дайындығы тексерілді, демонстрациялық емтихан өткізуге рұқсат алынды. Сонымен бірге КБ оқытушылары мен шеберлері демонстрациялық емтиханды ұйымдастыру және өткізу тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Жаңа форматтағы қорытынды сертификаттау өте жоғары нәтиже берді. 2021-2022 оқу жылының соңында демонстрациялық емтихан нәтижелері бойынша талдау жасалып, білім сапасы 100 пайызды құрайды деген қорытынды жасалды.
1-сурет. Жаңа форматтағы қорытынды аттестациялаудың нәтижесі
Демонстрациялық емтиханның нәтижелі тапсырылуы оқу орнының беделінің артуына себепші болады. Ұлттық біріншілік критерийлері бойынша өткізілетін техникалық кәсіби білім беру жүйесінің түлектерін мемлекеттік қорытынды аттестациялаудың өткізу шеңберінде демонстрациялық емтихан өткізу жаңа серпін болып табылады. Сондықтан қорытынды мемлекеттік аттестациялаудың және білім беру бағдарламаларын іске асырудың міндетті элементі ретінде мұндай емтиханды өткізу колледж жұмысының негізгі бағыты болып табылады.
Қазіргі уақытта ТжКБ ұйымдарында демонстрациялық емтихандарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі бойынша әртүрлі семинарлар, кездесулер мен дөңгелек үстелдер, мастер-кластар өткізілуде.
Мемлекеттік қорытынды аттестациялауды өткізудің жаңа форматы студенттерге өз кәсіби біліктіліктерін алынған дағдыларын, жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып іске асыруға мүмкіндік береді, болашақ түлектердің кәсіби мансабына әсер етеді. Биылғы оқу жылында демонстрациялық емтихан тапсыруға «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша білім алып жатқан 42 студент өтінішін білдірді.
Демонстрациялық емтихан тапсырудың колледж түлегінің жұмысқа орналасуы кезінде бірқатар артықшылықтары бар. Студент бітіру емтиханын жай тапсырып қана қоймай, біліктілігінің халықаралық стандарттарға сәйкестігін растайды. Бұл ретте колледж өз бағдарламалары мен материалдық-техникалық базасына бұрынғыдан анағұрлым объективті баға бере алады. Ал әлеуметтік серіктестер өздерінің болашақ мамандарының кәсіби даярлығына көрнекі түрде көз жеткізе алады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 1 қыркүйек 2022 жыл. https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy-181416
2. «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы.
Қазақстан Республикасы Білім министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 382 Бұйрығы . Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 29326 тіркелген. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029326
3. WorldskillsКазахстан. https://kasipkor.kz/?page_id=96&lang=ru,• https://worldskills.kz/