- емдеу тәсілдерін анықтап, студенттерге түсіндіру
Зерттеу міндеті:
Кіріспе
Дәнекер тінінің диффузды аурулары (ДТДА) деп дәнекер ұлпаның және оның туындыларының жүйелі иммунды қабынуына байланысты, біршама ағзалар мен тканьдердің үдемелі ауруын айтады. ДТДА- ны бір топға жатқызудың себебтері: 1. Аутоиммундық патогенезі 2. Патоморфиялық өзгерістердің ұқсастығы (фибиноидты некроз, талшықты структураларының дезорганизациясы, васкулиттер, лимфоидты және плазмоцитарлы инфильтрация). 3. Клиникалық белгілерінің ұқсастығы (үдемелі ағымы, ағзалардың жүйелі зақымдалуы: буындар, жүрек, тері және басқалар). 4. Глюкокортикостероидтар мен цитостатиктердің және СЕҚҚП () көмектеседі.
Дәнекер жүйесі ауруларының емдеу және диагностика стандарттары АХЖ-10 бойынша жіктемеcі (M30-M36)
М36- басқа котегорияда жіктелген дінекер тінінің жүйелі зақымданулары
Дерматомиозит – көлденең жолақ және бірыңғай салалы бұлшық еттер басым зақымданып, қозғалыс қызметі бұзылатын, тері эритема және ісіну түрінде зақымданатын, ішкі мүшелердің зақымдануы жиі кездесетін дәнекер тінінің үдемелі қабыну ауруы. Науқас адамдардың 25-30% терінің зақымдануы болмайды, ондай жағдайды полимиозит деп атайды. Кейде бұл ауруды Вагнер-Унферрихт-Хепп ауруы деп атайды.