Денесі бір ғана жасушадан тұратын, көпшілігі микроскоп арқылы көрінетін ұсақ ағзалар



бет13/14
Дата20.12.2023
өлшемі68,18 Kb.
#141772
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Жорғалаушылар класы

Жорғалаушылар


- нағыз құрлықта тіршілік етуге бейімделген омыртқалы жануарлар
Түр саны
- 8 мың
Қазақстанда кездеседі
- 51 түрі (тасбақа -2, кесіртке - 30, жылан - 19)
Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелінген
- 10 түрі (6 кесіртке, 4 жылан)
Жорғалаушыларды зерттейтін ғылым
- герпетология
Денесі тұрады
- 5 бөліктен (бас, мойын, тұлға,құйрық және 5 саусақты аяқ)
Қаңқа бөлімдері
- бас сүйек, омыртқа жотасы, иық белдеуі мен алдыңғы аяқтары, жамбас белдеуі мен артқы аяқтары мен кеуде қуысы (5 бөліктен)
Қаңқасында алғаш рет пайда болған
- көкірек қуысы
Терісі
- құрғақ, бездері аз, сырты мүйізді қабыршақ, қалқанша, сауытпен қапталынған
Жыланның тілі
- сипап сезу қызметін атқарады
Жыланның уы
- үстіңгі жақсүйектерінде орналасқан тістерінде
У дегеніміз
- түрін өзгерткен сілекей
Тыныс алуы
- өкпе
Қанайналым жүйесі
- тұйық, 2 шеңберден тұрады
Жүрегі
- 3 бөлікті (2 құлақша, 1 қарынша)
Қарыншасы
- жартылай перделі
Жүрегі 4 бөлікті жорғалаушы
- крокодил
Зәр шығаруы
- бүйрек
Алдыңғы ми сыңарының сыртында алғаш рет пайда болған
- жүйке жасушасының шоғыры
Сезім мүшелері
- көз, құлақ, танау
Көбеюі
- даражынысты, жұмыртқа салу арқылы
Ұрпақтарын тірі туатын түрлері
- сұржылан, қалқантұмсық
Отрядтары
- тұмсықбастылар, қабыршаұтылар, крокодилдер, тасбақалар
Тұмсықбастылар өкілі
- гаттерия (Жаңа Зеландия аралында өмір сүреді, Халықаралық Қызыл Кітапқа тіркелінген, түнде белсенді тіршілік етеді, жыныстық жағынан 20 жылда жетіледі 50 жыл өмір сүреді)
Өте ертеден тіршілік етіп келе жатқандықтан тірі қазба деп аталады
- гаттерия
Қабыршақтылар отрядының өкілдері
- жылан, кесіртке, құбылғы
Мүшелдік жыл санауға жылан кірген жыл
Қазақстанда кедесетін улы жыландар
- 4 (кәдімгі, дала сұржыланы, қалқанұмсық, қаражылан)
Сұр жыланның уы әсер етеді
- көбіне қанға
Кобраның уы әсер етеді
- Жүйке жүйесіне
Қалқантұмсық ойыс шұңқыры арқылы сезеді
- температура өзгерісін
Қалқантұмсық кең тараған
- Қазақстанның оңтүстік аймағына
Қазақстанда кездесетін жыланның ерекше түрі
- оқжылан
Қазақстанда кездесетін тасбақалардың түрлері
- дала және батпақ тасбақалары
Крокодилдер отрядының тұқымдастары
- нағыз қолтырауын, қолтырауын, азғы
Қазақстанда мекендейтін кесірткелердің түрлері
- шұбар батбат, зайсаңдық батбат, келес, сарлан,үлкенкөз кесіртке, шұбар кесірке
Еліміздегі ең үлкен кесіркенің түрі
- сұр келес
Аяқсыз кесіртке
- сарлан
Қазақстанның оңтүстігіндегі Қызылқұм өңірінде өте сирек кездесетін жорғалаушы
- сұр келес
Құстар
Құстар
- денесі қауырсынмен қапталған, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған, жылықанды омыртқалы жануарлар
Түр саны
- 8 600, Қазақстанда 500
Құстарды зерттейтін ғылым
- орнитология
Дене температурасы
- +41, +43°
Денесі
- бас, мойын. тұлға
Терісі
- жұқа, құрғақ, бездері аз, су құстарында қауырсынын майлайтын құйымшақ безі жақсы жетілген
Терінің қосалқы бөлімдері
- қауырсын, тұмсық, жіліншік, саусағындағы мүйізді қабыршақтар
Қауырсындар
- ұшуға жағдай жасайды, әрі денедегі температураны реттейді
Ірі қауырсындардың теріге еніп тұрған бөлігі
- қаламша
Мүйізді бөлігі
- сояу
Құйрықтағы ірі қауырсындардың қызметі
- құстың ұшу бағытын өзгертеді, қонған кезде екпінін баяулатады
Қанатты қағатын қауырсындар
- қанаттың қалақшасын түзетін ұзын қауырсындар
Қаңқа бөлімдері
- бассүйек, омыртқа жотасы, иық белдеуі мен қанат,жамбас белдеуі мен артқы аяғы, кеуде қуысы
Құстарға тән күрделі сегізкөзді құрайды
- омыртқа жотасының арқа, бел, сегізкөзбөлімдері жамбас сүйектерімен тұтасып
Қыртөс түзеді
- ұшатын, жүзетін құстардың төссүйегі алдыңғы жағынан қырланып
Жіліншік
- толарсақ, табан сүйектерінің бірігуінен пайда болған
Тұмсық
- жақсүйектің созындысы
Жемсау
-өңештің кеңейген бөлімі (дәнқоректі құстарда)
Құстың қорегі ұсақталып ботқаға айналады
- етті қарында
Дәнқоректі құстар
-кептерлер, тауықтар
Бунақденеқоректі құстар
- қарлығаш, үйрек
Қарын бөлінеді
- етті және безді болып
Тістің қызметін атқарады
- етті қарын
Тыныс алуы
- өкпе және ауа қапшығы
Құстарға тән ерекше тыныс алу түрі
- қосарланып
ауа қапшықтарының көлемі өкпе көлемінен
- 10 есе артық
Төменгі көмекей
- кеңірдектің екі ауатамырына жалғанған жері
Әнші құстар дыбыс шығарады
- төменгі көмекей арқылы
Жүрегі
- 4 бөлімді (2 жүрекше, 2 қарынша)
Құстарда нашар дамыған сезім
- иіс
Қорегін иісі арқылы іздеп табады
- дауылпаз, киви
Зәр шығаруы
- бүйрек
Көбеюі
- даражынысты, жұмыртқа салып
Қызылшақа балапандар
- әлсіз, көзі соқыр, қауырсыны жетілмеген болады (торғай, кептер, тоқылдақ)
Ширақ балапандар
- үлпілдек қауырсынды, бірден тіршілік әрекетіне көшеді (қаз, тауық тәріздестер)
Құстардың ең ежелгі ата тегі
- 225 млн жыл бұрын тіршілік еткен ілкіқұс
Құстардың арғы тегі
- 150 млн жыл бұрын тіршілік еткен көнеқұс (археоптерикс)
Көнеқұстың қазіргі құстардан айырмашылығы
- жақ сүйектерінде тістері болған, 20 құйрық омыртқасы бар, жақ сүйектерінде тістері болған, қанат саусақтарында тырнақтары бар, бірақ төс сүйегінде қыр болмаған
Қыртөстілер немесе ұшатын құстар
- қыртөсі жақсы жетілген, қанаттары сүйірленген, ұзын, қаңқа сүйегі жеңіл, қазіргі кездегі құстардың ең көп түрі
Сулы, батпақты жерлерді мекендейтін құстар
- қаздар, бірқазан, дегелек, қоқиқаз, тырна
Су құстары
-дауылпаз, шағала, сұқсыр, үйрек
Су құстарына тән белгілер
- саусақтары арасында жүзу жарғағы бар, жақсы сүңгиді.Көпшілігінің тұмсықтары жалпақ және тұмсық жиектерінде араның тісі тәрізді майда "тісшелері" болады
"Тісшелердің" қызметі
- қоректі сүзіп ұстау (қаз, үйрек)
Орман құстары
- тоқылдақ, көкек, тотықұс, жапалақ, көпшілік торғайлар
Орман құстарының денелері
- шағын, қанаттары сүйір
Тоқылдақ
- ағашта өрмелеп тіршілік етуге бейімделген, 2 саусағы алға, 2 саусағы артқа бағытталған, қатты құйрық қауырсыны тірек қызметін атқарады
Қазақстанда кездесетін тоқылдақтың түрлері
- 3 (қара, шұбар, кіші)
Ашық далалы алқаптардағы құстар
- күндізгі жыртқыштар (тазқара, бүркіт, жұртшы); тауық тәрізділер (ұлар, бөдене, кекілік, қырғауыл); дуадақтар (безгелдек, жорға дуадақ)
Күндізгі жыртқыштар
- қанаттары кең, қалықтап ұшуға бейімделген,тұмсықтары қысқа кейде иіліп келген өткір
Жыл құстары
-күзде оңтүстікке кетіп, көктемде қайта оралады ( қараторғай, тырна)
Көшпелі құстар
- күзде, қыста, ауа райының қалай суығанынан солтүстіктен оңтүстікке жылыстайды (полюстік үкі, кейбір жыртқыш құстар)
Қыстап шығатын құстар
- жыл бойы бір аймақта тіршілік етіп, көбейеді (қарға, торғай, сауысқан, шымшық)
Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген құстардың түрі
- 56
Зайсаң, Балқаш, Каспий, Арал, Алакөл, Марқакөл суларында кездеседі
- қара дегелек, сары және кіші құтан,қалбағай, қарабай
қазақстанның оңтүстік өңірінде ғана таралған
- ақ дегелек немесе ләйлек (жыл құсы)
Қоқиқаздар мекені
- Қорғалжың
Аққудың қоразы
- саҺар
Аққудың балапаны
- көгілдір
Сұңқар тәріздестер
- тұйғын, бүркіт, кезқұйрық, сақалтай, жұртшы, құмай, сұңқар, ителгі, лашын, бидайық
Халық сұңқартәріздестерді атайды
- қыран құстар деп
Қыран құстардың қоразы
- шәулі
Қыран құстардың аналығы
- мекиен, ұябасар
Қыран құстардың балапаны
- ақүрпек
Тауықтәрізділердің жіліншігінің артқы жағындағы мүйізді өскін
- тепкі
Тырнатәріздестер
-сулы, батпақты жерлерде таралған(,сұр,ақбас,тырна)
Реликт(аламойнақ)шағала
-алакөл көлінде ғана таралған
Қызыл кітапқа тіркелген жапалақтәріздес
-үкі
Торғай тәріздестер
-жоғаторғай,көкқұс,үлкен құралай
Еліміздің шөлейтті алқабында мекендейді
-жорғаторғай
Құс шаруашылығы дегеніміз
-асыранды құстарды қолда ұстау
Үй құстарынан ең алғаш қолға үйретілген
-жабайы қаз
Тауық мұшелік жыл санауды иеленген
-10 шы жылды
Тауықтардың жабайы арғы тегі
-банкив тауығы
Банкив тауығы таралған
-үндістан жерінде,Ява,Суматра,Цейлон,Зонд аралығындағы орманды алқаптарында
Жұмыртқалағыш тауық қолтұқымдары
-леггорн, минорка,андалуз,орыстың ақ тауығы, орлов, павлов, воронеж
Етті тауық қол тұқымдары
-Виандот,Род-Айленд, шантеклер,доминикан,дисерсей
Бройлер
-етті бағыттағы тауық қолтұқымының 7-8 апталық балапаны
Әрі етті,әрі жұмыртқалағыш
-плимутрок
Төбелестіру мақсатында өсіреді
-малай, үнді, ағылшын қол тұқымдары
Үйректің арғы тегі
-жабайы барылдауық үйрек
Қолға үйретілген құстарының ең ірісі
-күркетауық
Қазіргі кезде көп үйретіле басталған құс
-түйеқұс(страус)
Құстарды дене құрылысына тіршілік әрекетіне байланысты бөлінеді
-3 топқа(қыр төссіздер, жүзетін құстар, ұшатын қыр төстілер)
Қыр төссіздер
-төс сүйегі жалпақ ұша алмайды,бірақ жылдам жүреді, қанат қауырсындары доғал келеді, аяқтары жақсы жетілген
Түйе құстардың ең ірісі
-Африкалық страус, екі саусақты
Ең кіші түйеқұс
-киви салмағы 2-3 кг жаңа Зеландия аралында өмір сүреді жұмырқасы 0,5 кг
Нанду
-Африканын далалы шөлді аймақтарында таралған
Эму
-австралияда өседі 3 саусақты
Жүзетін құстар
-пингвиндер,алдынғы аяқтары ескекке айналған, аяқтары қысқа дененің артқы жағында орналасқандықтан тік жүреді
Пингвиндердің ең ірісі
- император пингвині
Саны көп таралған түрі
-қоршау көз(адели пингвині)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет