Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы
и институты развития
кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау тағы басқа да салаларда сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қарастырылады.
Жалпы алғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі
қоғамдық кеңестер мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы
қатынасты байланыстыратын пәрменді құрал болды, олардың жұмысы
бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен көрсетіледі. Қоғамдық
кеңестердің жұмысының арқасында мемлекеттік органдардың қызметі
қоғам өкілдері үшін ашық, қол жетімді бола түсті.
Жастар арасында нысаналы жұмыс жүргізілуде. Патриоттық тәрбие
және облыстық бағдарламаларды іске асыру мақсатында жұмысқа ҮЕҰ
жастары тартылады. Жыл сайын көктемде «Нұр Отан» партиясының
«Жас Отан» Жастар қанаты ұйымының қамқорлығымен еліміздің жоғары
оқу орындарында студенттік жастар мен «Студент ЖОО-дағы сыбайлас
жемқорлыққа қарсы» жастар ұйымдарының арасында акция өткізіледі.
Бұл акция барысында жоғары оқу орындарында сенім жәшігі
орнатылып, Қазақстан студенттері Альянсы республикалық штабының
сенім телефондарының нөмірлері басылады, студенттер арасында жоғары
оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының алдын
алу бойынша парақшалар, плакаттар, стикерлер таратылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және халыққа сыбайлас
жемқорлықтың қоғам мен мемлекет дамуына келеңсіз әсерін түсіндіру
жөніндегі ақпараттық-насихаттық іс-шаралар кешені өткізіледі. «Жас
Отан» ЖҚ кеңесінің белсенділері «Қарсы» атты сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қоғамдық жастар қозғалысын құрды, оның мақсаты әлеуметтік
әрекеттің алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болып
табылады.
«Қарсы» ЖҚ өткізетін іс-шаралар («Парасыз студенттік сессия», «Жастар
сыбайлас жемқорлықты жояды» және т.б.) қазақстандық қоғамдағы
сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастырады.
Барлық мемлекеттік органдарда лауазымды адамдардың Мемле-
кеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес туралы заңнаманы бұзу фактілері туралы хабарлау үшін жұмыс
режимі сағат 9-дан 18-ге дейін белгіленген сенім телефоны орнатылады.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, оның ішінде насихаттау және
түсіндіру жұмысына айрықша назар аударылады, оның шеңберінде
алуан түрлі акциялар, «дөңгелек үстелдер», семинарлар, халықтың
әртүрлі топтарының өкілдерімен кездесулер ғылыми практикалық
конференциялар және сыбайлас жемқорлыққа арналған басқа да іс-
шаралар өткізіледі.
БАҚ-тың сыбайлас жемқорлық дүниетанымы мен мәдениетін
қалыптастырудағы рөлі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс тиімділігінің басты
қағидаттарының бірі жариялылық болып табылады. Сондықтан сыбайлас
жемқорлыққа қарсы органның маңызды міндеті БАҚ-ты сыбайлас
жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыруға және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызметті танымал етуге тарту, БАҚ-та өңірлерді,
салаларды, ірі кәсіпорындарды, мемлекеттік органдардың шешімдері
59
ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛ ТУРЫ
мен олардың өкілдерінің нақты қызметін өзара салыстыруға мүмкіндік
беретін сыбайлас жемқорлық деңгейі индексін жариялау болып
табылады.
БАҚ-тың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі мақсаты сыбайлас
жемқорлықтың қазіргі қазақстандық қоғамда таралуына мүмкіндік
бермей оның жасырын тетіктерін қоғамға түсіндіру болып табылады.
БАҚ-тың мейлінше пәрменді әдісі сыбайлас жемқорлық фактілеріне
журналистік тексеру жүргізу және материалдар мен фактілерге жария
сипат беру болып табылады, бұл қоғам мен жемқорларға қоғамға қарсы
әрекет үшін жазалаудың болмай қоймауын көрсетуі тиіс [2].
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін бұқаралық
ақпарат құралдарында жүйелі түрде жариялау проблемасы әртүрлі
деңгейде жүйелі түрде талқыланады. Баспа басылымы, радио,
телевидениенің сыбайлас жемқорлыққа қарсы үлкен ықпал ете алуы
БАҚ-тың айрықша рөлі екені сөзсіз.
«Нұр Отан» париясының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында бұл бағыттағы БАҚ
басымдықтары белгіленді, атап айтқанда БАҚ-ты сыбайлас жемқорлыққа
қарсы мәдениетті қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызметті танымал етуге тарту мәселесі сыбайлас жемқорлық деңгейі
индексін әзірлеу және БАҚ-та жариялау, мемлекеттік органдарда,
өңірлерде, салаларда, ұлттық холдингтердегі сыбайлас жемқорлық
деңгейіне салыстыру мүмкіндігін қамтамасыз ету арқылы іске асырылуға
тиіс. Журналистік қоғамдастыққа кәсіби этика қағидаларын әзірлеуіне
және сақтауына, журналистік тексеру стандарттарын енгізуіне қолдау
көрсету қажет.
Бұқаралық ақпарат құралдары қоғам мүдделерін көрсетеді,
азаматтардың толық және объективті шынайы ақпарат алу құқығын
іске асырады. Бұл ретте БАҚ жарияланған материалдар мен деректердің
анықтығы үшін толық жауапты болады. Қазақстан Республикасында
мемлекеттің саяси, экономикалық стратегиясын, оның ішінде сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелерін жария етудің
белсенді құралы болатын БАҚ тәуелсіздігіне кепілдік беріледі.
Ақпараттық орган мен мемлекеттік саясатты көрсетуші болатын
газеттер, журналдар, сайттар әртүрлі проблемаларды айқындап
және жария ете отырып, халықтың үлкен сеніміне кіреді. Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес фактілерін объективті жариялау басылымға
қызығушылықты арттырады, бұл өз кезегінде басылымның тиражына
әсер етеді. Халыққа құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
білім беру саласындағы әртүрлі ақпараттық іс-шаралар өткізіледі, кейбір
ақпараттық басылымдар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның
салдарына қарсы күрес аспектілеріне назар аударады. БАҚ-тың сыбайлас
жемқорлық деңгейін төмендету бойынша басты мақсаты ол бойынша
ақпарат берушілік деңгейін жақсарту және қазіргі заманғы келеңсіз
құбылыс ретінде сыбайлас жемқорлыққа қоғамдық қатынасты өзгерту
болып табылады. Бұл салада жұмыс істейтін журналистер сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесіне баса көңіл
бөледі.
60
|