СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ
26
Әлеуметтік стратификацияның барлық қабатында, Сингапурдың
мемлекеттік билігінің барлық тармақтары мен деңгейлерінде «тоғы-
шарлық, шенеуніктердің сатқындығы мен моральдық іріп-шіруіне»
жиіркенушілік ахуалын қалыптасқан, қоғамда ғасырлап орныққан
«азиаттық сыбайлас жемқорлық өмір салтын» бұзу үшін барлық жағдай
жасалған.
Ақылға қонымды қарапайым тұрғын үй, жеке бағбаны мен
жүргізушісінің жоқтығы, қатаң қызметтік орынжай, аса қымбат жеке
көлігіне тыйым салу көптеген мемлекеттік қызметшілер үшін саясатта
және қызметтік қатынастарда адалдыққа ұмтылу символына айналды.
Жұмыссыздықпен күрес, аз қамтылғандарды мемлекеттік қолдау,
тұрғын үй мен денсаулық сақтауды субсидиялау, экономика тиімділігінің
артуына сәйкес еңбекақыны қарқынды өсіру туралы қамқорлық,
әділетті зейнетақымен қамтамасыз ету, теңгермелі салық салу саясаты
елдің әлеуметтік-саяси тұрақтылығының кепілі болып табылады [6].
Осылайша, Сингапур бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық деңгейін
азайту, экономикалық бостандық және басқарушылық деңгейі бойынша
әлемдік рейтингте жетекші орын алады. Сингапурдың мысалы саяси
күш-жігер, заңнамадағы тиімді өзгерістер, сатылмайтын Бюро және
судьялар корпусының тәуелсіздігінің арқасында сыбайлас жемқорлық
тәуекелдерін азайтуға және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа жиіркену
ахуалын қалыптастыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: