СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ
32
қарсы тетіктерді құру, мысалы, Лиепаядағы сыбайлас жемқорлыққа
қарсы агенттік және Латвиядағы алғашқы мамандандырылған веб-сайт
жасаумен аяқталады.
Латвияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті сыбайлас
жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Бюро
(KNAB) жүзеге асырады. KNAB 2002 жылдың қазанында құрылды және
Министрлер кабинетінің қадағалауындағы мемлекеттік мекеме болып
табылады. KNAB негізгі міндеттері болып табылады:
–
мемлекеттік лауазымды тұлғалардың қызметіне және оларда
көзделген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына бақылау жасау;
–
лауазымды тұлғаларды «Мемлекеттік лауазымды тұлғалардың
қызметінде мүдделер қақтығысын болдырмау туралы» Заңын бұзғаны
үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту;
–
саяси партияларды қаржыландыру, сондай-ақ сайлау алды үгіт-
насихатқа шектеу ережелерінің сақталуын бақылау;
–
«Саяси ұйымдарды (партияларды) қаржыландыру туралы» және
«Сайлау алды үгіт-насихат туралы» Заңдарын бұзғаны үшін әкімшілік
жауапқа тарту;
–
мемлекеттік бюджетке заңсыз алынған немесе жұмсалған қаражатты
төлеу туралы шешім қабылдау.
KNAB консультациялық кеңесі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін
біріктіреді, өз пікірлерін және ұсынымдарын жұмыс топтарында, жария
пікірталас барысында білдіреді.
Жалпы алғанда, Латвияны табысты елдің мысалы ретінде Еуропалық
Одақтың қолдауымен барлық кезеңдерде сыбайлас жемқорлыққа
қарсы білім беру практикасы кеңінен қолданылды.
Сонымен қатар заңның көмегі мен жұртшылықтың қолдауымен
сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұратын Сыбайлас жемқорлықты
болдырмау және оған қарсы күрес жөніндегі Бюро сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызметті жан-жақты ашып көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: