СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ
30
Ұлыбританияның сыбайлас жемқорлықты ғаламдық түп-тамырымен
жою жөніндегі идеясын жақтаушылардың қатарына мыналар
жатады: «Ұлыбританияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумы»,
«Transparency International», «Кедейшілікке қарсы инженерлер»,
«Ғаламдық инфрақұрылымдық сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталық»
және басқалар.
Ұлыбританияда превентивті шаралар арқылы сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күресті жүзеге асыратын екі негізгі мемлекеттік ведомство бар:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство және Ұлыбританияның
жария саласының стандарттары бойынша комитет [10].
Жоғарыда аталған екі құрылымдық элемент Ұлыбританияда
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі субъектілері болып
табылады. Оларға тән ерекшелік – бизнес-қоғамдастыққа бағдарлану
болып табылады.
Ұлыбританияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін
жауапты құрылымдары өз жұмысында превентивтілік қағидаттарын
басшылыққа алады. Жария тұлғалар мен мемлекеттік қызметшілердің
этикасын дамытуға, сондай-ақ оларды оқытуға екпін беру өте
маңызды, себебі этикалық стандарттар мен нормаларға сәйкес
шенеунік өзінің бағыты бойынша сыбайлас жемқорлыққа теріс
қарай бастайды, кейіннен жоғары мінез-құлық стандарттарының
қалыптасуына әкеледі, оған мемлекеттік саланың басқа өкілдері
бағыттала бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: