Дениет негіздері


-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМА



Pdf көрінісі
бет54/70
Дата18.11.2023
өлшемі1,52 Mb.
#124700
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   70
Байланысты:
Сыбайлас-жемқорлыққа-қарсы-стратегиясы

3-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМА 
ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ 
ҮШІН ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
§ 11. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың конститу-
циялық негіздері
Конституция – еліміздің Негізгі заңы.
 
Қазақстан халқы 1995 жылғы 
30 тамызда республикалық референдум арқылы ел егемендігінің 
қалыптасу негізін, қоғам мен мемлекеттің құқықтық жүйесін айқындайтын 
қолданыстағы Конституцияны қабылдады.
Өткен жылдарға назар аударсақ, барлық уақытта Конституцияның 
нормаларын орындау мақсатында адам мен азаматтың құқықтары мен 
бостандығын жүйелі әлі тұрақты түрде қорғау, сондай-ақ халықаралық 
қатынастарда ұлттық мемлекеттілік пен тәуелсіздікті нығайту процестері 
жүзге асырылып келді. Бұл ретте, ең алдымен, Конституцияның ішкі 
логикасы негізге алынды. Онда Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, 
құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырып, ең маңызды 
негіз ретінде адам мен азаматтың құқықтары мен мүдделерін толыққанды 
қорғау және сонымен бірге саяси билік нормаларының көмегі арқылы 
ықтимал қиянат жасау мен сыбайлас жемқорлықты шектеуге ұмтылу 
міндеттері белгіленді.
Бұл жөнінде еліміздің Конституциясы бойынша ең маңызды негіз 
ретінде оның 12-бабы 2) тармақшасының нормалары қолданылады, онда 
«Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, 
олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар 
мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы 
осыған қарай анықталады» деп анық жазылған. 
Әрине, 20 жылдан аса уақыт бойына Негізгі заңның мәртебесін көтеру, 
жоғары заңдық күші бар және республика аумағында тікелей әрекет ететін 
нормативтік құқықтық акт ретінде іске асыру және оның барлық құқықтық 
жүйесі мен қолданыстағы құқықтарының негіздерін қамтамасыз ету 
ғылыми негізделген бағдарламалар мен тұжырымдамаларды әзірлеуді 
талап етті. 
Бұндай саяси-құқықтық құжаттар үшін біздің қоғам өмірінің заң 
саласын кешендік бағалау негізге алынып, конституциялық нормалар мен 
ережелерді құқық жүйесіне, заң практикасына, еліміздің егемендігінің 
объективті әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұлттық, діни, мәдени және 
тарихи факторларын ескере отырып, үстемдік етіп отырған құқықтық 
идеологияға енгізу жолдары ұсынылды, қоғам, мемлекет және құқықтың 
өзара қарым-қатынасын құқықтық реттеудің тиімділігін қамтамасыз етті. 
Ең алдымен, Конституцияны еліміздегі Негізгі заң ретінде қарастыру 
керек. Бұл конституциялық құрылысты, адам мен азаматтың құқықтары 
мен бостандықтарын бекітетін, республиканың жоғары мемлекеттік 
билік органдарын тағайындайтын негізгі құрылтайшы саяси-құқықтық 
акт болып табылады. Негізгі заңымыздың негізінде біздің барлық саяси 
және құқықтық жүйеміз құрылды, сондай-ақ үш негізгі тірек: саясат, 


СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 
88
құқық және экономика арасындағы белгілі бір теңгерімге қол жеткізілді. 
Оған екі рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді және олар жоғары 
дәрежеде алға жылжу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталуымен 
ерекшеленеді. 
Мысалы, 1998 жылғы қазанда Қазақстан Республикасының 
Конституциясына алқабилердің қатысуымен сот ісін жүргізу туралы 
норма енгізілді. Бұл жаңашылдықты ғылыми пайымдау және талқылау 
үшін уақыт қажет болды және 2007 жылдың қаңтарынан бастап еліміздегі 
қылмыстық процесте сот алқабилерінің қатысуымен жұмыс істей 
бастады. Бұл ретте, оны құқықтық реттеу тиімділігін арттыру мақсатында, 
оның қызметіне тұрақты түрде құқықтық және ғылыми мониторинг 
жүргізіледі.
Басқаша мысал келтіретін болсақ, 2007 жылдың мамырында 
Конституцияға кезекті конституциялық өзгерістер мен толықтырулар 
енгізілген болатын. Соның нәтижесінде, 2008 жылдың 1 қыркүйегінен 
бастап біздің елімізде қылмыс жасаған адамдарды сотта қамауға алу 
енгізілді. Заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында, қылмыстық қудалау 
органдарының және соттың оны таңдауы үнемі еліміздің Жоғарғы 
Сотының және Бас Прокурорының тиісті түсіндірмелерін шығару арқылы 
түзетіліп отырады. Конституцияның ең басты миссиясы - қабылданатын 
заңдардың адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын 
бұзбауын және құқық қолдану процесінде оларды қорғауды тиімді 
қамтамасыз етуі болып табылады. 
Конституция – еліміздегі Негізгі заң. Оның анықтамасын ашып көрсетер 
болсақ, ең алдымен, Конституция – бұл мемлекеттік егемендіктің 
негізі, яғни мемлекеттік өз аумағында үстем болуы және халықаралық 
қатынастардағы оның тәуелсіздігін бекітеді. Конституция заң жүзінде 
белгіленген негізгі нормативтік құқықтық актілердің ішінде, сондай-ақ 
Қазақстан Республикасы заңнамасының жіктемесі жүйесінде бірінші 
орында тұрады. Сонымен бірге ол барлық заңнамалық белгіленген 
нормативтік құқықтық актілер сатысында да бірінші орынды алады. 
Сәйкесінше, барлық қалған нормативтік құқықтық актілердің нормалары 
мен ережелері Конституцияның нормалары мен ережелеріне қайшы 
келмеуі тиіс. Бұдан басқа, Конституцияның өзінде оның жоғары заңдық 
күші бар екені және республиканың барлық аумағында тікелей қолданы-
латыны көрсетілген. Бұл ретте, еліміздің ешқандай заңы бұндай заңдық 
мәртебеге ие емес екенін айта кету керек. Осы айтылғандардың барлығы 
түсінікті болса да, талдау барысында адамзат тәжірибесінде, азаматтарды 
қоса алғанда, барлық құқық субъектілері өздерінің істері мен дауларын 
шешу кезінде Конституцияның нормаларын пайдаланбайтыны
анықталып отыр. Бұл біздің қоғам мен мемлекеттің құқықтық мәдениетіндегі 
салмақты кемшіліктердің бірін көрсетеді. Нақтырақ айтқанда, 
Конституция – Негізгі заң десек те, күнделікті тәжірибеде азаматтар оның 
нормаларын басшылыққа алмайды, Конституция әрбір азаматтың үстел 
үстінде тұратын негізгі кітабы болуы тиіс екенін ескермейді. Бұдан басқа, 
Конституцияның нормаларын пайдалануға негізделген соттық және өзге 
де құқықтық шешімдердің аз болуы жағдайды күшейте түседі. Еліміздің 


1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
89
Президенті Қазақстан Республикасының Конституция Күнін белгіледі. 
Бұл күн әрқайсымыз үшін Конституция нені білдіретінін барлық қоғамға 
тағы бір рет түсіндіруге мүмкіндік береді. Аталған мәселені түсіндіруде 
еліміздегі заң қоғамдастықтары, атап айтқанда Конституциялық Кеңес, 
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Президент жанындағы Адам құқықтары 
жөніндегі комиссия да өз үлестерін қосуда. Жалпы алғанда, барлық 
мемлекеттік органдар, ұйымдар, ғылыми-педагогикалық орта және және 
т.б. Конституцияның нормалары мен ережелерін қарқынды насихаттауы 
қажет. Осы ретте, Конституциямыздың артықшылықтарын емес, ол 
әрине даусыз, оның нормаларын қолданудың нақты жағдайлары немесе 
Конституцияның нормалары мен ережелеріне жекелеген заңдардың 
ережелерінің сәйкес келмеуі туралы көптеп айту керек. Конституцияның 
өзінде де, 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер 
туралы» Заңда да Конституция түсінігінің тікелей анықтамасы жоқ екенін 
ескеру қажет. Сондай-ақ бұндай жағдай белгілі бір деңгейде Конституция 
нормаларын көпшілік және қоғамдық тәжірибеде пайдалану жиілігінен 
және нақты көлемінен, ең алдымен, нақты істер мен дауларды шешу 
кезінде көрініс табады. 
Конституция ұғымының анықтамасы мынадай маңызды сәттерді 
қамтуы тиіс: біріншіден, ол конституциялық құрылысты, адам мен 
азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бекітеді, екіншіден, ол 
басқару нысанын және мемлекеттік құрылысты белгілейді, үшіншіден, 
ол мемлекеттің жоғарғы органдарын құрады, яғни Конституция арқылы 
бекіту, белгілеу және құру мәселелері көрсетілуге тиіс. Әрине, бұл 
еліміздің барлық құқықтық жүйесіндегі оның үстемдігін айқын түсінуге 
мүмкіндік береді.
Құқық пен мемлекет теориясында Конституция ұғымының бұндай 
анықтамасы оған дейін әзірленген.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
нормалары. Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын 
талдау барысында оның барлық негізгі ережелерінің сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне тікелей қатысы бар екенін 
көрсетті. Конституцияны сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес базасы, 
негізгі құқықтық тетік, бағдарлама ретінде қарастыру қажеттігін айта 
кету керек. Бұны мынадай сыбайлас жемқорлыққа қарсы маңызды 
конституциялық ережелер мысалында түсіндіруге болады.
Бірінші. Қазақстан Республикасының өзін құқықтық мемлекет деп 
жариялауы болып табылады. Барлық істер мен даулар Қазақстан 
Республикасының қолданыстағы құқығы негізінде және оған қатаң 
сәйкестікте шешілуі тиіс деп ойлау керек. Қазақстанда сот төрелігі тек сот 
арқылы жүзеге асырылады. Аталған конституциялық норманың сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы дәлелі айқын және түсіндіруді талап етпейді.
Екінші. Конституция бөлімдерінің логикалық құрылуы мен жүйелілігіне 
келсек, онда еліміздің мемлекеттік аппарат жүйесінде сыбайлас 
жемқорлықты жеңудің негізгі әдісі ретінде тежемелік әрі тепе-теңдік 
жүйесіндегі әрбір жоғары мемлекеттік билік органының миссиясын 
көрсетеді.


СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 
90
Үшінші. Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының 
құрылымын және оның ішкі қарама-қайшылығын, нормативтік құқықтық 
актілерді қамту және қолдану арқылы адамның құқықтары мен 
бостандықтарының органикалық байланысын, сыбайлас жемқорлықты 
жеңудің маңызды шарты ретінде қарастырылатын, азаматтардың 
құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік 
құқықтық актілерді ресми жариялау міндетін бекіту.
Төртінші. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталуға қатысты 
Конституцияның нормалары бар, онда ел Президентін Мемлекет 
басшысы және оның жоғары лауазымды адамы ретінде сайлау 
рәсімдері, сол орында оның болу мерзімдері, сондай-ақ Қазақстан 
Республикасының Президенті лауазымын атқаруына байланысты 
шектеулер көрсетілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдістері 
ретінде, мысалы, заңдарды қабылдау (заңдарды, оның жекелеген 
баптарын қайта талқылау және дауыс беру үшін қайтару құқығы) 
кезінде Парламентпен өзара қарым-қатынасын, немесе Үкіметтің және 
Премьер-Министрдің, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар 
мен астана әкімдерінің актілерінің әрекетін толық не ішінара тоқтата 
тұру құқығын қарастыру керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы салмақты 
әлеует Негізгі заңның 45-бабы 3-тармағының ережелерінде енгізілген. 
Онда Парламент Палаталарының Төрағалары мен Премьер-Министрдің 
заңдық тұрғыдағы жауапкершілігі, сәйкесінше, Президент қол қоятын 
Парламент актілерінің заңдылығы, сондай-ақ Үкіметтің бастамасымен 
шығарылатын, Елбасы қол қоятын Президент актілерінің заңдылығы 
үшін жауапкершілік бекітілген.
Бесінші. Заңмен реттелетін маңызды қоғамдық қатынастар шеңбері, 
заңдарды ұжымдық қабылдау, өзге де мәселелерді Парламент 
деңгейінде шешу, Парламент және оның палаталары ішінде заң жобасы 
қозғалысының рәсімдері, депутат мәртебесіне байланысты, Парламент 
депутаттары үшін шектеулер, қылмыстық процестегі депутаттық қол 
сұғылмаушылық, Үкіметтің есебін Парламенттің бекітпеуге құқығы 
және басқа да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың дербес 
конституциялық факторлары айқындалған.
Алтыншы. Заңдарды нақты әрі мінсіз орындау, министрліктер, 
мемлекеттік комитеттер, өзге де орталық және жергілікті атқарушы 
органдардың актілерін толық немесе ішінара жою не тоқтата тұру 
құқығы, лауазымды атқаруына байланысты шектеулер – бұл Үкіметтің 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс істеу әдістерінің толық емес тізімі.
Жетінші. Конституциялық Кеңеске Конституцияның нормаларын 
түсіндіру құқығы, Парламент қабылдаған заңдарды ел Президенті қол 
қойғанға дейін олардың Қазақстан Республикасының Конституциясына 
сәйкестігін қарау, заңдарды Қазақстан Республикасының Конституциясына 
сәйкес келмейді деп тану жүктелген – бұл Конституцияны «қорғаушының» 
және «еліміздегі екінші заң шығарушының» сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы құқықтық тәсілдерінің жиынтығы.
Сегізінші. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары әлеует еліміздегі 
сот төрелігінің конституциялық негіздері ретінде алынған, оның ішінде 


1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
91
судьяларды сайлау және тағайындау тәртібі, қылмыстық процестегі 
судьялардың қол сұғылмаушылығы, судья лауазымын атқаруына 
байланысты шектеулер бар. 
Тоғызыншы. Сыбайлас жемқорлық әсіресе, жергілікті жерлерде, 
өңірлерде көптеп көрінеді. Сондықтан, Конституция жергілікті жерлерде 
мемлекеттік қызметтің имиджін нығайту және сыбайлас жемқорлықты 
жеңудің өзекті факторлары ретінде жергілікті мемлекеттік басқарудың 
құқықтық негіздерін дамытуға үлкен мән береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет