1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
19
Адамгершілік бастаулары тамыр жайған қоғамда заңдар сақталады,
жемқор өзін қолайсыз сезінеді, оның іс-әрекеті шектелген және өзінің
қылмыстық мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмайды. Басқаша айтқанда,
мораль (қолданыстағы мінез-құлық ережелерінің жиынтығы ретінде)
және жоғары өнегелі орта жемқордың қылмыстық іс-әрекетін аса
қиындатады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру үшін жазалау шаралары
жеткіліксіз. Сот тағайындайтын жазаның қаталдығы мен жұрт алдында
тұтқындау кезінде қарапайым адам оның алдына қазіргі болмыс қойған
қарапайым сұрақтарға жауап табуы тиіс. Өзі байқаған нәрседен адам
сыбайлас жемқорлыққа және оның қоғам өмірі мен өзінің өмірлік
қағидаттарына жағымсыз ықпалына қатысты өз тұжырымын жасайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жазалау тетіктеріне немесе
ғылыми зерттеулерге ғана сүйенбеуі тиіс. Адамдардың сыбайлас
жемқорлық туралы моральдық құндылықтар негізінде қалыптасатын
түсінігін басты мәселе қойған жөн. Тек қана осы жол арқылы мемлекет
қарапайым адамдардың «мемлекет» және «сыбайлас жемқорлық
билік» ұғымдарын теңдестіруіне жол бермеуі тиіс. Егер соңғысы
бұқара халықтың санасында тамыр жайса, онда сыбайлас жемқорлық
мыңдаған жемқорлар жазаланса да жойылмайды.
Адамгершілік ұстанымы мықты адам сыбайлас жемқорлықты былайша
сипаттайды:
–
өзі үшін, өз елі және оның болашағы үшін төнетін нақты қауіп;
–
азаматтың өзін азаматты болып табылатын елмен байланыстыруын
тоқтатуының бір себебі;
–
ұлттық байлықты тонау және қоғамдық сананы бұзу арқылы параға
сатып алу және заңсыз баюдың қылмыстық сызбасы;
–
мемлекеттің құрылысына, өнегелік құндылықтарына қол сұғатын
және бұқара санасына жалған құндылықтарды енгізу үшін жағдайлар
жасайтын қылмыстық идеологияны заңсыз енгізу;
–
заңдар жұмыс істемейтін және әділдікке орын жоқ әділетсіз өмір.
Сыбайлас жемқорлықты жағымсыз құбылыс ретінде қабылдай
отырып, оның әртүрлі көріністерін зерттей, сыбайлас жемқорлықтың
алдын алу бойынша әдістерді әзірлей отырып, мемлекет жүргізетін
сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың нәтижелерін көрсеткен жөн. Оң
нәтижелер бар екеніне құқық қорғау статистикасы мен сот практикасы
дәлел бола алады. Оң өзгерістер туралы ауыз ашпау адамдардың
құқықтық саясаттың тиімділігіне сенбеушілігін туғызады және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуына көмектеспейді.
Достарыңызбен бөлісу: