ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛЬТУРЫ
хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды. Ешбір қазақ көрмедім, малды
иттікпен тапса да, адамшылықпен жұмсаған. Бәрі де иттікпен табады,
иттікпен айрылады. Бейнет, күйігі, ызасы
–
сол үшеуінен басқа ешнәрсе
бойында қалмайды» (оныншы сөз) [5, 143, 144, 161-бб.]. Отыз жетінші
сөзінде ол осы екі қасиеттің – еңбек пен білімнің қаншалықты жоғары
бағалатынын нақты айқындап береді: «Бақпен асқан патшадан, Мимен
асқан қара артық;Сақалын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық.
[5, 212-б.]. Ашкөздік пен еңбексіз баюды айыптау, еңбек пен оқу-
білімге шақыру алыс және көрші халықтардың батырлары туралы
тарихты кеңінен тарату арқылы даладан далаға берілетін. Ұлы Абай
Шығыстың көптеген халқына танылған және халық ауыз әдебиетінде
ойып тұрып орын алған грек қаһарманы Александр Македонскийге
арнаған «Ескендір» поэмасында былай деп жазады [5, 257-б.]:
Кәпір көздің дүниеде араны үлкен,
Алған сайын дүниеге тоя ма екен?
Ұятың
мен арыңды малға сатып,
Ұятсызда
иман жоқ, түпке жетер.
Өзінің басқа «Масғұт» поэмасында Абай былай дейді: «Еңбексіз
мал дәметпек – қайыршылық, Ақылды ерге ар болар ондай қылық.»
[5, 261 -б.].
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің элементтерін халықтың
өзі шығарған шығармаларда – халық ертегілерінен табуға болады.
Ертегі – халықтың арманы, оның керемет қоғам туралы елесі. Ертегі-
лердің көпшілігінде халыққа тән адамгершілік белгілері: отанына
деген сүйіспеншілік және оның қорғау, батырлық, зұлымдықпен
күресу, еңбексүйгіштік және әділдік, адалдық пен достық, білім мен
шығармашылық жинақталған. Ертегілер халықтың мінезін, оның психо-
логиясын, өмірлік ұстанымдарын білдіреді.
«Сондай-ақ халық ертегілерінде басты персонаж ретінде жануар-
лар – жылқылар, түйелер, ешкілер, қойлар, бүркіттер алынады, қоғам-
ның материалдық өмір жағдайларына байланысты. Үй жануарлары
образында әдеттегідей, адам сияқты сөйлейді, халық аллегориялық
нысанда адамның кеселі мен кемістігін күлкі етеді және айыптайды» [4].
Қасқыр персонажы көптеген ертегілерде дөрекі, қатал адаммен,
қоян – қорқақ, аю – қолапайсыз, түлкі – айлакер және сараң адаммен
ұқсастырады. Мысалы, «Қаңбақ шал мен түлкі» қазақ ертегісіндегі
шалдан күн сайын балығын тартып алатын және біреудің еңбегімен
күн көретін түлкі айлакерлік пен сараңдықты сипаттайды. Аралар мен
құмырсқалар (кейбір ертегілерде есектер мен түйелер) еңбекқор
адамның прототипі және оқырман немесе тыңдаушының нақты
өмірде еңбекке және еңбекшілерге құрметін тәрбиелеп, жалқаулық,
ақымақтық пен көргенсіздікті мазақтайды.
Көріп отырғанымыздай, ұлттық мәдениет адамдарды адамгер-
шілік тазалығы мен арына, әділдікке, адалдыққа, парасаттылыққа,
сатылмаушылыққа шақырады. Ол
әрқашан да парақорлықты, ашкөздікті
әдепсіз құбылыс, әділдікті, моральдық адамгершілік нормаларын бұзу
ретінде айыптайды. Бұған дәлелді Абайдың «қара сөздерінен» табуға
42