§ 15. Мемлекеттік жоспарлау сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимылдың тетігі ретінде . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 140
§ 16. Мемлекеттік қызметтер екөрсету процесін жетілдіру . . . . . . . . . 150
§ 17. Бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы
қалыптастыру . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 157
Негізгі әдебиет . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 163
5
КІРІСПЕ
Қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістер жағдайында елде
қабылданған бағдарламалық құжаттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл мәселелеріне айрықша назар аударылады. 2014 жылы
қабылданған Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған
сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басты ерекшеліктеріне
қазіргі кезеңдегі жұмыстың басым бағыттарының бірі – қоғамда сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жатады. Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда барынша табысқа жеткен
елдердің тәжірибесін талдау қоғамда сыбайлас жемқорлықты рухани-
этикалық деңгейде қабылдамау ахуалын қалыптастыру мейлінше тиімді
тәсіл екенін көрсетті.
Осыған байланысты елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті
қалыптастыру бойынша мақсатты жұмыс келешек түлектердің қызмет
бейініне қарамастан барлық оқу орындарын қамтуға тиіс. Өткен жылдан
бастап барлық жоғары оқу орындарындағы оқу процесіне «Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» атты жаңа пән енгізіле
бастады. Дегенмен, бізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің
дүниетанымдық, этикалық, рухани аспектілерін жан-жақты көрсететін
тиісті әдебиет әлі аз, ал бұл проблема бойынша қолда бар әдебиет көбіне
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық аспектілерін ашуға
бағытталған.
Қалыптасқан мән-жайды назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының
ғалымдар тобы бұл проблема бойынша оқу процесін әдістемелік
қамтамасыз ету үшін оқу құралын жасау туралы бастама білдірді.
Ұсынылатын оқу құралы Академияның профессор-оқытушылар
құрамының жұмыс нәтижесі болып табылады, оқу орнының құрылымдық
бөлімшелерінде құқық қорғау, экономикалық және тәрбиелік моделдерін
қамтитын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың пәрменді тетіктері
жүйелі түрде әзірленуде.
Авторлар ұжымына әртүрлі бейіндегі мамандар кірді, олардың
ішінде – практикалық тәжірибесі бар мемлекеттік қызметшілер, педагогика,
философия, экономика, юриспруденция саласында зерттеулер жүргізетін
ғалымдар бар. Авторлық ұжымның мұндай іріктелуі белгіленген
міндеттерді шешуге және тарихи әрі қазіргі заман тұрғысынан алғанда
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың өзекті
проблемаларын байыптауға кешенді көзқарасты қамтамасыз етті. Жүйелі
тәсілдің міндетін белгілеген авторлар сыбайлас жемқорлықтың мәнін,
табиғатын, шығу тегін, оның орнықтылығының себебін ашу, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени,
рухани-этикалық аспектілерге сапалы талдау ұсыну әрекетін жасады.
Оқу құралында қамтылған мәселелер кешеніне орай оларды
төрт тарауға топтау орынды деп табылып, олардың әрқайсысы тиісті
тақырыптық блокты қамтыды.
6
Оқу құралы аясында оқырмандар сыбайлас жемқорлыққа қарсы
сана және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет сияқты ұғымдармен
танысып, қазіргі күннің құбылысы ретіндегі сыбайлас жемқорлық және
оның тарихи тамырлары туралы мәлімет алады. Тұлғаны сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениет тұрғысынан тәрбиелеуде отбасының
рөліне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздеріне,
шетелдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға
айрықша назар аударылған.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» оқу құралында
авторлар оқытудың тәрбиелік сипатына сүйенді, сондықтан ол
жоғары оқу орындарының барлық мамандықтары мен дайындық
бағыттары бойынша оқу процесінде пайдаланылуы мүмкін. Бұл ретте
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік
басқару академиясының соңғы жылдары жинақтаған тәжірибесін
пайдаланғанымызды, Академияда еліміздің мемлекеттік қызметшілерін
оқытудың барлық бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы
бағыттылық пәндері енгізгенін атап көрсету қажет.
Бұл тақырып бойынша бірінші оқу құралының жарыққа шығуы
және оның отандық жоғары оқу орындарының білім беру процесінде
пайдаланылуы бұл пәнді оқытудың жаңа модельдері мен әдістемелерін
өмірге әкелуі мүмкін. Оқу құралының мән-мазмұны бойынша берілетін
кез келген ескертулер, ұсыныстар бұл ұжымдық еңбектің мазмұнын
жақсарту тұрғысынан алғанда мұқият қаралады және Қазақстан
Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару
академиясы білім беру саясатының бұл маңызды бағыты бойынша
ынтымақтастыққа дайын.
|