Денропарктегі мәдени өсімдіктердің көптеген түрлерімен таныс болып оларға сараптама жүргіздік және көптеген түрлеріне сипаттама бердік



бет4/4
Дата04.02.2023
өлшемі35,56 Kb.
#65176
1   2   3   4
Байланысты:
3-4-5

Реликті өсімдіктер
Реликт(лат. relіctum — қалдық) — геологиялық замандарда кеңінен таралған, осы кезде тек шағын алқаптарда сақталған өсімдіктер мен жануарлар түрлері немесе табиғи бірлестіктер. Реликттер өздері тіршілік еткен заманның жасымен: мыс., палеозой заманымен (латимерия), мезозой заманымен (гаттерия, гинкго), кайнозой заманымен (секвойя, қортық қайың, т.б.) ерекшеленеді. Кайнозойдың мұздану немесе мұзданудан кейінгі кезеңінен сақталған.
Реликт өсімдіктер алеонтологиялық реликтілер деп аталады.Қазақстанда нағыз Реликт жануарларға қоқиқазбен реликт шағала жатады: олардың алғашқысы байырғы мекенінен тым алыстап кеткен, соңғысы тек Алакөлдің алабында ұялайды. Жануарлар мекенінің өзгеруі олардың тіршілік жағдайларының ұзақ уақыт өзгеріп отыруына байланысты. Қазір жұпартышқан, Мензбир суыры, жалман, Үстірт арқарының таралу аймағы тарылып кетті. Ал Жетісу аяқтыбалығы Қазақстанда ғана сақталып қалған. Ертеде ылғалды жерлерді қоныс еткен, оңтүстік өңірлерге ғана тән кейбір жануарлар (кіші аққұтан, сары құтан, сұлтан тауығы, қырғауыл, бірқазандар, т.б.) Реликт жануар ретінде Каспий теңізінің солтүстігінде тіршілік етеді.
Қазақстанда реликт өсімдіктер деп Шарын өзенінің аңғарында кездесетін шаған (ерен) тоғайын атауға болады. Ғалымдар ол тоғайдың жасын 25 млн. жылға теңеп отыр. Мұндай тоғай қазір АҚШ-тағы Колорадо штатындағы Үлкен каньонда ғана сақталған. “Алтынемел” ұлттық табиғи саябағында кездесетін тораңғы тоғайы да реликт түрге жатады. Мұздану кезеңінен сақталған Алматы облысындағы Шынтүрген шыршалы алқабы — бір кездегі солтүстік тайганың қылқан жапырақты орманының қалдығы. Мұндай Реликт түрлерге Бурабай, Зеренді өңіріндегі сфагнум мүгін, Қарқаралы алқабындағы шымтезекті батпақты биоценозды жатқызуға болады. Реликт түрлерінің ғыл. маңызы зор. Олардың таралу аймағы тарылып, санының азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
Реликт түр— өткен геологиялық заманда тіршілік еткен фаунаның немесе флораның "сынығындай" белгілі бір жерде сақталған түр. Реликт түр сирек немесе жойылып бара жатқан түр болып саналады.[1]
Шарын шаған тоғайы- неоген кезеңінен сақталып қалған. Тоғай Алматы облысындағы Іле өзенінің сол жақ саласы Шарын өзенінің ортаңғы ағысында, Сарытоғай елді мекеніне жақын жерде орналасқан. Мұнда өте сирек кездесетін, реликті ағаштың үш түрі: Іле жидесі, Іле бөріқарақаты және соғды шағаны өседі. 
Кәдімгі шаған
Секвойя — мәңгі жасыл қылқан-жапырақты ағаштар туысы. Жалғыз түрі — мәңгі жасыл секвойя (биіктігі 100 м-ден артық, диаметрі 6-10 м), жер шарының ең биік ағаштарына жатады. 3000 жылға дейін жасайды. Калифорниятауларында өседі. Бұл тұқымдаска мәңгі жасыл ағаштардың тағы бір түрі — секвойядендрон (мамонт ағашы) жатады. Діңі тік, түзу, биіктігі 100 м-ге дейін болатын, 2500 жылдай (кейде 3000-4000 жыл) жасайтын ағаш. Олардың ішіндегі "Генерал Шерман" деп аталатын ең үлкенінің биіктігі 83 м, жер бетінен 1,5 м биіктікте құлаштағанда 24,1 м. Секвойялар сәндік үшін Еуропаның саябақтары мен бақтарында, Қырымның оңтүстік жағалауында өсіріледі.
Секвойя
Өсімдіктер экологиясы — өсімдіктердің өзара және ортамен қатынастарын зерттейтін экологияның және ботаниканың бөлімшесі.
Қазақстанда өсімдіктер экологиясы мәселелері жайлау өсімдікеріне әр түрлі сыртқы ортаныңәсерлері үйретілген.Қазіргі ғылым – техника прогрессі дәуірінде адамзаттың табиғатқа әсері артып баруы нәтижесінде, жаратылыстыңөзара байланыстары бұзылуда. Соныңүшін басқа биология пәндері қатарында экология пәнінің маңызы артуда.

«Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің Боралдай филиалы Қаратау тауының жоталарында орналасқан. Оның жер көлемі 36 255 гектар. Филиалда өсімдіктер қауымдастығы биологиялық алуан түрлілігімен ерекшеленеді.


Боралдай тау жоталарының өсімдіктер әлемі 85 тұқымдасқа кіретін өсімдіктердің 700-ге жуық жоғарғы сатыдағы өсімдіктерден тұрады. Оның 42 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктер ретінде еніп, айрықша қорғауға алынған. Жалпы, Қаратауда, оның ішінде Боралдай өңірінде өсімдіктер дүниесінің қалыптасуы ежелгі замандардан басталған. Оның флорасының ежелден келе жатқанына мұндағы кездесетін өсімдіктердің көне реликт түрлері дәлел болып табылады.
Кәдімгі таусағыз– күрделігүлділер тұқымдасына жататын тасты, шөгінділерде, қиыршықтасты беткейлерде өсетін жартылай бұталы өсімдік. Каучук алу үшін бағалы шикізат өсімдік болып табылады. Қазақстан Қызыл кітабына реликті (көне) сирек кездесетін өсімдік ретінде енген. Бұл өсімдікте Кайнозой кезеңінің плейстоцен дәуірінен бері сақталып келеді.
Қаратау жебірі – Нарқайсарлар (вербеналар) тұқымдасына жататын тасты тау беткейлер мен аласа таулардың шөгінділерінде өсетін жартылай бұта өсімдігі. Дәрілік және балдық, эфир майын алу үшін маңызы бар. Кайнозой кезеңінің плейстоцен дәуірінде, яғни 1,8 млн жыл бұрын адам пайда бола бастағаннан бері сақталып келе жатқан өсімдік.

Соғды шағаны-зәйтүндер тұқымдасына жататын өте сирек кездесетін реликті өсімдік. Үштік дәуірдің жалпақ жапырақты ормандар қалдығы. Сұлулығы керемет, ылғал сүйгіш ағаш. Жайылма ормандарда, сирек тау беткейлерінде жолақты немесе оқшауланған тоғайлар болып өседі. Тұқыммен көбейеді. Шағанның табиғаттағы жасының шегі – 300 жыл. Мұндай алыптардың биіктігі 25 метрге жетеді, ал діңінің жуандығы 1,5 метрден асады. Ең жақсы шаған ормандары Берікқара, Қошқарата, Боролдай, Қаратау өзендері аңғарларында сақталған, тығыздығы 1 га жерде 133-200 шаған өседі


Сиверс алмасы – 2(6-8)м биіктіктегі ағаш. Жеуге жарамды. Суыққа және құрғақшылыққа төзімді түр, 150 жыл өмір сүреді. Шалғынды қара топырақта, таудың өте сілтісізденген аса құнарлы және орташа қара топырақтарында жоғары өнімді алма бақтарын құрайды. Жеміс өнімдерін алуда бұл алма түрі ерекше маңызға ие. Бұл жабайы өсетін алма дәмі жағынан бауда өсірілетін сорттардан кем түспейді. Жақсы бал жинаушы, тығыз өскен алма ағаштары бір гектардан 25-40 кг бал береді. Бұл түр көптеген мәдени сорттардың арғы тегі болып табылады. Соңғы жарты ғасырда ауыл шаруашылығы дақылдары мен саяжай құрылыстары әсерінен алма бақтарының көлемі қатты қысқарды. Қазақстанның Қызыл кітабына енген.
Биік тау жуасы – лалагүлдер тұқымдасына жататын тасты және қиыршақтасты тау беткейлерінде өсетін көпжылдық өсімдік. Тағамдық маңызы бар. Кайнозой кезеңінің плейстоцен дәуірінен сақталып келе жатқан өсімдік болып табылады.
Шренк тобылғы түсі – орташа биіктігі 1,5 м бұта, сұлбасы кең, жапырағы ұзын қауырсын тәрізді. Гүлі ақшыл-қызғылт, хош иісті. Тұқымымен көбейеді. Көгалдандыру үшін енгізуге болатын сәндік өсімдік. Ал өте әдемі сүрегінен әртүрлі көркем ұсақ заттарды жасауға болады. Бұл өсімдік – Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапқа да енгізілген реликт.
Регель рафидофитоны – алабұталар тұқымдасына жататын тасты және қиыршықты тау беткейлерінде өсетін бұташық өсімдік, құрғақшылыққа төзімді. Сирек эндемикалық өсімдік ретінде республиканың Қызыл кітабына енген. Кайнозой кезеңінің миоцен дәуірінен сақталып келе жатқан палеоэндемикке жатады, яғни бұл өсімдік 26 млн. жыл бұрын құзды таулар көтеріле бастағанда болған.
Тянь-шань шиесі – раушангүлділер тұқымдасына жататын тасты беткейлерде, бұтақты қопаларда өсетін бұта. Тағамдық және селекциялық мақсатта жаңа сорттарды алуда маңызы бар. Сиреп бара жатқан өсімдік ретінде Қызыл кітапқа енгізу ұсынылып отыр. Кайнозой кезеңінің голоцен дәуірінде мұхит сулары көтеріліп, мұздақтар ере бастағанда пайда болған.
Кавказ таудағаны – Боралдай, Қошқарата, Көкбұлақөзендерінің жағалауында жекелеп немесе шоқ тоғай болып өседі, Қызыл кітапқа енген, сирек кездесетін өсімдік.
Қаратау сетені – күрделігүлділер тұқымдасы,сетен туысына жататын ксерофильді бұташық. Түркістан облысының қаратау жотасында (орталық және шығыс бөлігі), Келтемашат, Машат, Дәубаба аласа тауларында өседі. Таудың жартастарында және ең биік жерлерінде жеке немесе басқа түрлерімен араласа, кей жерлерде 5-10 немесе 100-ден аса түп бірігіп, шоғырланып өседі., Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Бұл ағаш бұталар бірнеше дәуірден бері өсіп сақталып қалған. Сиверс алмасы барлық шығарылған алма сорттарының атасы болып есептеледі, дәрумендік, селекциялық маңызы бар. Ал шаған ағашы мен Шренк тобылғы түсі бұтасын көгалдандыруда сәндік өсімдік ретінде кеңінен енгізуге болады. Өңірлік паркте реликті (көне) және Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді қорғау шаралары күшейтіліп, зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстанда өсімдік физиологиясын зерттеу ісі ерекше жолға қойылып, өсімдіктің тұзбен улануының биохимиялық тетігін (Л. Қ. Қылышев және оның шәкірттері), кексағыз бен таусағызды физиологиялық тұрғыда зерттеу (А.А. Прокофьев, К. М. Мыңбаев), бидайдың қолайсыз жағдайға төзімсіздігі, түсімділігі, сондай-ақ физиологиялық белсенді заттардың өсімдікке тигізетін әсерін зерттеу (Ф. А. Полымбетова, Л. К. Маманов), темекі будандарының ата-енелік формаларына қарағанда сапасының артық болатынын дәлелдеу (М. Ф. Тамаровский, Ж. Қ. Калекенов, т. б.), жабайы алманың сұрыптау барысында құнды тектік қор екені дәйектеліп, таулы жерлерде алма өсіру жолдарын зерттеу (А. Ж. Жанғалиев, Ж. Жатқанбаев, т. б.) мәселелері жан-жақты тексерілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет