ЖаҺандану баламалары[өңдеу]
Жаһандану үрдісінің ішкі қайшылықтарын көрсететін әр-түрлі нұсқасы. Жаһандану процестеріне нақтылы балама жолдар ұсынбай-ақ олар жаһанданудың ішкі өзгермелілігін көрсетеді. Ол ең алдымен жаһандану жүзеге асырылатын үлгілерге қатысты - либералдық (кейде "неолибералдық" ұғымы қолданылады) немесе әлеуметтік бағытталған, яғни, "солшыл" (саяси мағынада) үлгі. Жаһандану баламалары, әсіресе, ақпараттық салада аса шиеленіскен: жаһандану жасаған ақпараттың бүкіл халыққа кеңінен ашықтығы (осыған орай, демократия кеңістігінің кеңеюі), әр-түрлі саяси күштер тарапынан ақпаратпен алдап- арбау қаупінің артуы және демократиялық институттардың кірпияздығын, оның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру нәтижесі. Жаһандану барысында жаңа билік ықпалы полюсін және мемлекеттік билік институттарын құрайтын трансұлттық корпорациялар қарама- қарсылығы қоғам өміріндегі өз орнын жаңаша анықтау қажеттігін туғызады. Жаһандану баламалары жаһандануды басқаруда мемлекет немесе трансұлттық корпорациялар үстемдік етуші күшті таңдауды білдіреді. Жаһандану баламаларының болуы ғаламданушы әлем жағдайында адам үшін оның жағымсыз салдарын азайтып, одан барынша пайда көруге, жаһандану процестеріне өздігінше ықпал етуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |