Денсаулық сақтауды ұйымдастыру. Жауаптарымен тест
1.Санитариялық эпидемиологиялық сараптама мына жағдайда жүргізіледі
*+ техногендік жағдайларда
*жарамды тамақ өнімдерін тексеру
*жаңа піскен ауылшаруашылық өндіріс өнімдерінің болуы
*жарамды тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізатының болуы
*жарамсыз тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізатының болмауы
2.Елге әкелінген және елден әкетілген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникалар туралы мәліметтерді қандай органдар береді
*Қаржы органдары
*Салық органдары
*+Кеден органдары
*Ұлттық қауіпсіздік органдары
*Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
3.Дәрілік заттардың кері әсерінің мониторингі жүргізіледі
*Фармация комитетінмен
*медициналық зерттеу ұйымдарынмен
*+Медициналық және фармацевтикалық ұйымдармен
*фармацевтикалық және фармакологиялық ұйымдармен
*Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен
4.Мемлекеттік санитариялық эпидемиологиялық қадағалау басшысы болып табылады
*өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары
*шет мемлекеттердің елшіліктері мен консулдықтарының қызметкерлері
*Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
*Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі
*+Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
5.Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әзірлеушінің құқықтары Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалады
* Қылмыстық құқықпен
*Медициналық құқықпен
*Комуналдық меншікпен
*Мемлекеттік меншікпен
*+Интеллектуалдық меншікпен
6.Фармакологиялық және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы клиникалық зерттеу және сынау қатысуымен өткізіледі
*+Адамның
*Құстардың
*Тышқандардың
*Егеуқұйрықтардың
*Сүтқоректі жануарлардың
7.Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және оларды сатып алу жөніндегі бірыңғай дистрибьютердің өнім берушіні таңдауының негізгі критериі болып табылады
*Тіркеу куәлігі мен мөрінің болуы
*Лицензиясы мен жарғылық капиталы
*+дәрілік заттарды өндірушінің ресми өкілінің мәртебесінің болуы
*Банктік шоты, заңды тұлғаның мекен жайы, танылғандығы мен беделінің болуы
*Қазақстан Республикасы әділет министрлігімен берілген заңды тұлға мәртебесінің болуы
8.Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың жарамдылық мерзімін ұзарту
*ҚР ҚМ рұқсат береді
*ҚР ДМ рұқсат береді
*+Мерзімін ұзартуға тыйм салынады.
*Бір жылдан аспайтын мерзімге ғана рұқсат беріледі
*Алты айдан аспайтын мерзімге ғана рұқсат беріледі
9.ҚР заңнамасына сәйкес шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға ел аумағына жеке қолдану үшін дәрілік заттарды әкелуге қандай жағдайларда рұқсат етіледі
*+арнайы органдардың рұқсатынсыз
*Фармация комитеті рұқсат бергенде
*Кеден органдары арнайы рұқсат берген жағдайда
*жазбаша тіркелген декларация бар болған жағдайда
*Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің аумақтық органдарының мақұлдауымен
10.Денсаулық сақтау саласындағы медициналық қызмет өткізу жүзеге асырылады
*денсаулық сақтау саласындағы медициналық сараптама арқылы
*фармацевтикалық қызметті мемлекеттік бақылау комитеті арқылы
*дәрі-дәрмектер мен медициналық қызметтердің бағаларын реттеу арқылы
* денсаулық сақтау саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сәйкестіктерін растау арқылы
*+медициналық және фармацевтикалық қызметті қадағалау және сапасын бақылау арқылы
11.Дәрілік заттың жарамдылық мерзімі
*дәрілік зат шығарылғаннан кейінгі 1 жыл
*дәрілік зат шығарылғаннан кейінгі 2 жыл
*дәрілік зат шығарылғаннан кейінгі 3 жыл
*фармация комитеті қабылдаған, шартта бекітілген мерзім
*+уақыты біткеннен кейін дәрілік затты қолдануға болмайтын күні
12.Халықтың санитарлы-эпидемиологиялық қауіпсіздігін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуге жатады
*Қытайдан тасымалданатын шаруашылық тауарлары
*Европадан келетін медициналық техникалық өнімдер
*+адам денсаулығына зиянды әсер етуі мүмкін азық-түлік өнімдері
*Шығыс Еуропа елдерінен әкелінетін балаларға арналған, азық-түлік өнімдері
*адам денсаулығына зиянды әсер ететін шет елдерден келетін тұрмыстық заттар
13.Айналасындағылар үшін қауіп төндіретін созылмалы бактерия таратушылар, созылмалы инфекциялық және паразиттік аурулармен ауыратын науқастарға жатады
*жұмыс берушінің нұсқауы бойынша мәжбүрлі түрде емделуші
*+еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан уақытша шеттетiлген азамат
*еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан босату және шеттетілетін азамат
*қоршаған ортадан аластау және прокурордың санкциясы бойынша мәжбүрлі түрде емделінетін тұлға
*халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексіне сәйкес профилактикалық емделуші адам
14.Денсаулық сақтау– бұл
* Медициналық ұйымдардың жиынтығы
*әлеуметтік – экономикалық, саяси – құқықтық және медициналық сипаттағы мемлекеттік іс-шаралар жүйесі
*халықтың денсаулығын нығайтуға және сақтауға бағытталған медициналық ұйымдардың қызметі
*+денсаулық сақтау субъектілерінің функциясына бағытталған азаматтардың денсаулығын қорғау мен қамтамасыз ету органдарының жиынтығы
*ауруды емдеу және алдын алуға бағытталған медициналық, саяси, экономикалық сипаттағы іс-шаралар жүйесі
15.Денсаулық бұл -
*аурулар мен физикалық ақаулардың болмауы
*физикалық және әлеуметтік әл-ауқатының толық жағдайы
*әр түрлі патологиялық процестердің тұтастай болмауы
*ағзаның қоршаған орта жағдайына бейімделе отыратып өзгеру қабілеті
*+физикалық, рухани және әлеуметтік әл-ауқатының толық жай-күйі
16.Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі түсінігі
*Қазақстан Республикасының азаматтарына тегін медициналық көмектің кепілді көлемі
*Қазақстан Республикасының азаматтарына тегін медициналық көмектің ең төменгі көлемі
*Қазақстан Республикасының азаматтарына және шет ел азаматтарына көрсетілетін медициналық көмектің көлемі мен медициналық қызметтің тізбесі
*+Уәкілетті орган бекіткен медициналық көмекпен медициналық қызметтерінің бірыңғай тізбесі
*БМСК деңгейінде Қазақстан Республикасының азаматтарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген ең төменгі көлемі
17.Денсаулық сақтау саласындағы стандарттау» түсінігі
*стандарттарды әзірлеуге және енгізуге уәкілетті органдардың қатысуы
*+үдеріс сипаттамаларын оңтайлы жүйелеу дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар
*медициналық қызмет көрсету қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге бағытталған стандарттау саласындағы уәкілетті органдардың қызметін жүзеге асыру
*аурудың ағымын жеңілдету және тоқтата тұру үшін бағытталған бірқатар медициналық қызмет көрсету
*медициналық қызмет көрсету процесін қамтамасыз етуге бағытталған стандарттау саласындағы уәкілетті органдардың қызметін жүзеге асыру
18.Медициналық қызмет - бұл кәсіби қызмет болып табылады
*стандарттарды әзірлеу және іске асыру бойынша құзыретті органдар
*азаматтардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған
*азаматтардың денсаулығын қорғауға бағытталған заңды тұлғалар
*нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық бағыты бар денсаулық сақтау субъектілері
*+жоғары немесе орта кәсіптік медициналық білімі бар жеке тұлғалар
19.Денсаулық сақтау саласын мемлекеттік реттеу жүзеге асырады
*Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен
*Қазақстан Республикасының Үкіметмен, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен
*Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен, әкімдіктердің атынан жергiлiктi өкiлдi органдармен
*+Заңнамада белгіленген құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Үкіметімен, уәкілетті органдармен өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдармен
*Қазақстан Республикасының Президентімен, Үкіметімен, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен, Білім және ғылым министрлігімен
20.Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу арқылы жүзеге асырылады
*денсаулық сақтау саласындағы медициналық сараптама
*фармацевтикалық қызметті мемлекеттік бақылау
*денсаулық сақтау саласындағы (жұмыстар, қызметтер) тауарлардың сәйкестігін растау
*+мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мен медициналық және фармацевтикалық қызметті мемлекеттік бақылау
*денсаулық сақтау ұйымдары ұсынған дәрі-дәрмектер мен медициналық қызметтердің бағаларына мемлекеттік реттеу
21.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, «медициналық көмек» түсінігі
*халықтың денсаулығын сақтау мен қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені
*жоғалған денсаулығын қалпына келтіру үшін медициналық мекемелер ұсынған медициналық қызмет көрсету
*халықтың денсаулығын сақтау мен қалпына келтіруге бағытталған стандарт талаптарына сәйкес медициналық қызмет көрсету
*+халықтың денсаулығын сақтау мен қалпына келтіруге бағытталған, соның ішінде дәрілік көмек, медициналық қызмет көрсету кешені
*жоғалған денсаулығын қалпына келтіру үшін білікті мамандармен толық қамтылған медициналық қызметтер көрсету
22.Медициналық қызмет көрсетудің сапасы түсінігі
*медициналық көмектің сапасының индикатор сәйкестігінің деңгейі
*диагностика және емдеу үшін медициналық көмек стандарттарына және хаттамаларына сәйкес деңгейде көрсету
*медициналық көмек көрсетудің стандарттар мен хаттамаларға сәйкес интегралдық көрсеткіші
*+ медициналық көмектің уәкілетті орган бекіткен стандарттарға сәйкестігінің деңгейі
*тегін негізде Қазақстан Республикасы азаматтары мен оралмандарына медициналық көмектің кепілдік берілген минималды көлемінде көрсету
23.Репродуктивті денсаулық
*ұрпақтарын көбейту қабілеті
*ұрпақты болу жасындағы бала денсаулығын қорғау
*ұрпақты болу жасындағы адам денсаулығын қорғау
*қабілетін және ұрпақтарын молайту құқығын көрсететін адам денсаулығы
*+жан-жақты дамуын, жаңғыртуын, оның қабілетін көрсететін адам денсаулығы
24.Халықтың санитарлық және эпидемиологиялық салауаттылығы - бұл халықтың денсаулық жағдайы
*өмір сүруіне қолайлы жағдайына кепілдік беру
*салауатты өмір салты мен тегін медициналық тексеруді қарастыру
*тегін медициналық тексеру және толық әлеуметтік қамтамасыз етуге кепілдік
*адам өмір мен денсаулығы деңгейіне зиянды әсерінің болмауы
*+адам денсаулығы деңгейіне зиянды әсерінің болмауы және қолайлы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету
25.Денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы негізделеді
*+Қазақстан Республикасының Конституциясына
*Қазақстан Республикасында ратификациялаған халықаралық шарттар
*Денсаулық сақтаудың халықаралық қағидалары
*Денсаулық сақтау саласындағы ҚР денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік құқықтық актілері
*Халықтың денсаулығын қорғау саласындағы ҚР Президентінің Жарлығы мен Үкіметінің қаулылары
26.Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары болып табылады:
*Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық жобаларға қатысу
*Қазақстан Республикасының эпидемиологиялық қауiпсiздiгін қамтамасыз ету
*Салауатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы халықаралық ынтымақтастық
*Халықаралық деңгейде денсаулық сақтау мәселелерін шешу үшін халықаралық құқықтың нормалары мен принциптерін қолдану
*+ Халықаралық деңгейде денсаулық сақтау мәселелері саласындағы ғылыми зерттеулерді шешу үшін халықаралық құқықтың нормалары мен принциптерін пайдалану және қолдану
27.Денсаулық сақтау жүйесінің бюджет және өзге де құралдары, қаржылық қайнар көздері болып табылады
*Ерікті сақтандыру құралдары
*Міндетті медициналық сақтандыру құралдары
*Ақылы медициналық қызмет көрсету үшін алынған қаражат
*+Ерікті сақтандыру қаражаты, ақылы қызмет көрсету үшін алынған қаражат және өзге де қайнар көздер
*Ерікті сақтандыру қаражаты, ақылы медициналық қызметтер көрсету саласындағы жеке заңды тұлғалардың қаражаты
28.Қазақстан Республикасының, заңнамасына сәйкес «Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу» болып табылады
*GCP , GMP медициналық қызмет көрсету стандарттарға сәйкестігі
*Медициналық көмектің сапасын медициналық қызметтер стандарттарына сәйкес деп тану
*+Денсаулық сақтау саласындағы белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкес медициналық қызметтердің сәйкестігін тану
*Денсаулық сақтау саласындағы сапа көрсеткіштерін медициналық және фармацевтикалық қызметтердің сәйкестігін тану
*Денсаулық сақтау саласындағы стандарттар бойынша медициналық немесе фармацевтикалық ұйымның қызметіне тәуелсіз сарапшылардың бағасы
29.Денсаулық сақтау саласындағы медициналық куәландыру – бұл
*Уәкілетті органның қызметі медициналық қызметтер сапасының деңгейін белгілеу үшін
*Стандарттарға сәйкес медициналық қызмет көрсету уәкілетті органның сапалы деңгейін белгілеу
*Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның сапалы деңгейін белгілеу
*+Денсаулық сақтау қызметінің әртүрлі бағыттары бойынша қызметтер мен ресурстарды құру деңгейі мен сапасына бағытталған ұйымдастырушылық, талдамалық және практикалық іс-қимыл жинағы
*Медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың бағалау ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылған іс-шара
30.Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау объектілері болып табылады:
*Диагностикалық және емдеу хаттамалары
*Денсаулық сақтау саласындағы стандарттар
*денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық ресурстар
*+Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін медициналық қызметтер
*тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің құрамына кірмейтін медициналық қызметтер
31.Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ақпарат субъектілері болып табылады:
*электрондық медициналық ресурстар
*барлық меншік нысанындағы ұйымдар
*+мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар
*медициналық құжаттаманың электрондық нысандары
*Медициналық ұйымдардың автоматтандырылған басқару жүйесі
32.Негізгі медициналық көмек түрлері болып табылады
*Амбулаториялық-емханалық және білікті медициналық көмек
*+Ауруханаға дейінгі медициналық көмек; білікті медициналық көмек; мамандандырылған медициналық көмек
*Медициналық және әлеуметтік көмек; жедел медициналық көмек; амбулаториялық-емханалық көмек
*Білікті медициналық көмек; консультативтік-диагностикалық көмек көрсету; санитарлық авиация
*Білікті медициналық көмек; медициналық және әлеуметтік көмек; жедел медициналық көмек; амбулаториялық-емханалық көмек
33.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, аккредиттеу жүзеге асырылады
* міндетті түрде
*+ ерікті негізде
* жұмыс берушінің актісіне сәйкес
*Денсаулық сақтау субъектілерінің тілекткрі бойынша
* денсаулық сақтау органының жергілікті аумақтық шешімімен
34.Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру объектілері болып табылады
*Электрондық ақпараттық ресурстар.
*Денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі
*Пациенттердің амбулаториялық картасы және тұрғындарға бекітілген регистрлер
*Электрондық денсаулық сақтау қызметтері, электронды БАҚ, сондай-ақ, денсаулық сақтау ақпараттық жүйесі
*+Денсаулық сақтаудағы ақпараттық жүйе және электрондық қызметтер, электрондық ақпараттық ресурстар
35.Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың экономикалық негізі болып табылады
*тек қана халықаралық гранттар
*халықаралық шарттар мен келісімдер
*+халықаралық ұйымдардағы міндетті және ерікті жарналар
*халықаралық жобалар мен іс-шаралар, гранттарды пайдалануды қаржыландыруға қатысу
*халықаралық ұйымдарға жарналарды мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлу
36.Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың құқықтық негізі болып табылады
*ҚР конституциясы
*+Халықаралық шарттар мен келісімдер
*ДДҰ және т. б. халықаралық ұйымдарды реттейтін құжаттар
*Халықаралық ынтымақтастық саласындағы ҚР Үкіметінің қаулысы
*Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының кодексі
37.Денсаулық сақтау жүйесін құрайды
*+мемлекеттік және мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторлары
*мемлекеттік сектор
*мемлекеттік және жеке денсаулық сақтау ұйымдары
*жеке және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары мен ұлттық холдингтер
*Мемлекет, үкіметтік емес денсаулық сақтау секторы және медициналық сақтандыру компаниялары
38.Дәрілік формуляр-бұл
*маңызды дәрілік заттардың тізбесі
*дәрімен қамтамасыз ету стандарты
*+ереже тәртібімен келісілген және денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекіткен құжат
*медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника үшін өндірушінің өндірістік объектілерде тапсырыс бойынша жасалатын медициналық техникасы
*адам организмімен байланысқа түсетін құрамында фармакологилық белсенді заттары бар құрал
39.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық көмек мынадай нысандарда көрсетілуі мүмкін
*БМСК және стационарлық
*+амбулаторлық-емханалық көмек
*дәрігерге дейінгі, дәрігерлік көмек
*дәрігерге дейінгі, кеңестік-диагностикалық көмек
*дәрігерге дейінгі, дәрігерлік, консультациялық диагностикалық көмек, медбикелік күтім
40.Ғылыми-медициналық сараптама объектілері болып табылады
*+бағдарлама жобалары, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер; республикалық нысаналы ғылыми-медициналық бағдарламалар
*Қазақстан Республикасы мемлекеттік наградасына ұсынылатын ғылыми жобалар
*іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу жобалары, аяқталған ғылыми-зерттеу жобалары
*мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер
*халықаралық медициналық ұйымдармен қаржыландырылатын жоба бағдарламалары, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер
41.Алғашқы медициналық-санитариялық көмек бұл
*ауыл тұрғындарына медициналық жәрдем
*тәулік бойы медициналық көмек көрсететін ауруханалар
*дәрігерлер мен орта буындағы медициналық персонал көрсететін медициналық көмек
*+тәулік бойы медициналык бакылау жасалмайтын дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек
*денсаулыққа айтарлықтай зиян келудің алдын алу мақсатында жасалатын шұғыл медициналық көмек
42.Алғашқы медициналық-санитариялық көмек қамтиды
*+ең көп таралған ауруларды диагностикалау және емдеу , сондай-ақ жарақаттануларды, улануларды және басқа да кезек күттірмейтін жай-күйлер
*ең көп таралған ауруларды диагностикалау және емдеу
*ең көп таралған ауруларды диагностикалау және емдеу, жұқпалы аурулардың алдын алу
*әлеуметтік маңызды ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу
*ең көп таралған ауруларды диагностикалау және емдеу,санитарлық-ағарту жұмысы
43.Алғашқы медициналық - санитариялық көмек көрсетіледі
*жалпы практика дәрігерлерімен
*учаскелік терапевтер және педиатрлармен
*учаскелік терапевтер, педиатрлар, жалпы практика дәрігерлерімен
*учаскелік терапевтер, педиатрлар, жалпы практика дәрігерлер және акушерлермен
*+учаскелік терапевтер, педиатрлар, жалпы практика дәрігерлер, фельдшерлер, акушерлер және мейірбикелермен
44.Медициналық қызмет көрсету сапасын сараптау бөлінеді
*+ішкі және сыртқы
*ішкі және қаржылық аудит
*клиникалық және параклиникалық
*ведомстволық және ведомстводан тыс
*медициналық және медициналық емес
45.Ішкі бақылау (аудит) қызметі міндеттерін құрайды
*медициналық көмектің тәртібін бұзу фактілері мен стандарттарын анықтау *медициналық көмек көрсету мен стандарттарды сақтамау фактілерін анықтау
*сақтау және стандарттар тәртібін бұзу фактілерін анықтау, және кінәлі адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту
*+медициналық ұйымның клиникалық қызметі мен медициналық көмек көрсету ұйымының ағымдық сараптамасы
*ұйымның медициналық көмек көрсетуінің ағымдық сараптамасы мен емделуші науқастардың он күннен аспайтын өтінімдерін қарау
46.Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен дәрілік заттарды сатып алу қағидалары болып табылады
*отандық тауар өндірушілерді қолдау
*ақшаны тиімді басқару
*потенциалды жеткізушілер арасында еркін бәсекелестік
*дәрілік заттардың Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігімен бекітілген талаптарға сай болуы
*+сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау
47. Бірыңғай ұлттық Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің жүйесі ( БҰДЖ) қамтамасыз етеді
*науқастарға дәрігерді еркін таңдауын қамтамасыз ету
*науқастарға дәрігер мен медициналық ұйымды еркін таңдауын қамтамасыз ету
*медициналыөқ ұйымдар мен медициналық қызмет көрсетуде бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастыру
*науқастарға дәрігер мен медициналық ұйымды еркін таңдауын, медициналық қызмет көрсетуде бәсекелестік ортаны қалыптастыруды қамтамасыз ету
*+науқастардың дәрігер мен медициналық ұйымды еркін таңдауын қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсетуде бәсекелестік ортаны қалыптастыру
48. Өлшеу құралы болып табылатын медициналық техникалық құрал
*техникалық қадағалау
*мемлекеттік кадастрға енгізу
*мемлекеттік мониторингке енгізу
*стандарттау мен сертификаттау тізіліміне қосу
*+өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін тізілімге енгізу
49.Аурулардың алдын алудың негізгі мақсаты
*елімізде медицинаны дамыту
*шетел азаматтарының денсаулық жағдайын тексеру
*Қазақстан республикасындағы қоғамға қауіпті ауруларды анықтау
*денсаулық сақтау жүйесінің мемлекеттік стандарттарға сай болуы
*+аурудың туындауының алдын алуды ескерту немесе өршуі мен салдарының алдын-алу
50.Екінші қайталама аурудың алдын-алу
*аурудың ерте сатысында дәрі беру
*қолайлы өмір сүру жағдайын қалыптастыру
*алғашқы медициналық көмек көрсету
*аурудың асқынуы мен зақымданған ағзалар мен тіндерді бақылау
*+аурудың алғашқы сатысы мен олардың салдарларының алдын-алу, ескерту
51.Салауатты өмір салтын қалыптастыру қамтамасыз етіледі
*Құқық қорғау органдарымен
*Жергілікті атқарушы органдармен
*Өз құзыреті шегінде қоғамдық ұйымдармен
*Қазақстан Республикасының азаматтарымен
*+Өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау субъектілерімен
52. Медициналық тексеру болуы мүмкін
*жеңіл
*орташа
*ішкі және екіншілік
*біріншілік және екіншілік
*+міндетті және профилактикалық
53. Алдын-ала медициналық қарау жүргізудің мақсаты
*еңбек заңнамасының нормаларын сақтау
*мемлекеттік қызмет жарамдылығын анықтау
*аурулар менхалықтың салауатты өмір салтын қорғауды анықтау
*ауыр жұмысқа жарамдылығын, инфекциялық және паразиттік ауруларды анықтау
*+мамандық пен оқуға міндеттерін орындауға жарамдылығын анықтау, жұқпалы және паразиттік аурулардың таралуының алдын алу
54. Медициналық қызметкерлердің еңбектегі құқықтық категориясын құрайды
*ақысыз еңбек демалысы
*+ай сайынғы еңбек жалақысы
*2 жылда 1 рет берілетін еңбек демалысы
*еңбек демалысы кезінде біліктілікті арттыру курсынан өту
*жыл сайынғы еңбек демалысы уақытында тегін санитарлық-курорттық емделуге жолдамамен қамтамасыз ету
55.Профилактикалық медициналық тексеріп-қарау бөлінеді
*ішкі және сыртқы
*бастауыш және орта
*+жаппай және таңдамалы
*профилактикалық және таңдамалы
*міндетті және профилактикалық
56.ҚР заңнамасына сәйкес жұқпалы және паразиттік ауруларға қарсы жеке тұлғаларға егу жұмыстары қандай жағдайларда қажетті
*еркі бойынша
*өз қаражаты есебінен өтуге міндетті
*ҚР азаматтығын алған жағдайда міндетті
*құқық қорғау органдарына еңбекке орналасу барысында міндетті
*+кепілдік берілген тегін медициналық көмектің аясында міндетті
57. Инфекциялық аурулар мен паразитті қоздырғыштарды жою
*өндеу
*антисептика
*+дезинфекция
*дезинсекция
*дератизация
58. Ұлттық алдын алу тетігі құрамының билігі тоқтатылады, тек
*Кодекс нормаларын бұзған жағдайда
*+ҚР тыс жерге тұрғылықты тұруға көшкен жағдайда
*өз қызметінен жазбаша кету туралы арыз жазған жағдайда
*Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалтқан жағдайда
*соттың өлді деп жариялау туралы шешімінің заңды күшіне енген кезінен бастап
59. Медициналық қызметпен айналысуға лицензияның күші қанша жарамды
*5 жылға дейін
*8 жылға дейін
*10 жылға дейін
*15 жылға дейін
*+жарамдылық уақыты шектеусіз
60. Медициналық қызметкерлердің Ар-намыс Кодексіне сәйкес
*сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсылық таныту
*қызметтік ақпаратты жеке мақсатта пайдалану
*медициналық ұйымның қызығушылығы негізінде шешім қабылдау
*+жарнамалау, аурудың алдын-алу мен емдеудің әдіс-тәсілдерінде жеке мақсатты басшылыққа алмауды болдырмау
*Қазақстан Республикасы медициналық қызметкердің жоғары беделіне зиян келуі мүмкін жағдайда төзімді іс-әрекет таныту
61.Медицина қызметкерлерінің ресми құқықтары болып табылады
*2 жылда 1 рет ақылы демалысы
*+жылдық ақылы еңбек демалысы
*жалақы сақталмайтын жылдық еңбек демалысы
*еңбек демалысы кезеңінде біліктілікті арттыру курстарының өту
*жыл сайынғы еңбек демалысы уақытында тегін санитарлық-курорттық емделуге жолдамамен қамтамасыз ету
62.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі саласындағы білім беру қызметінің міндеттері болып табылады
*Орта және жоғары медициналық персоналды дайындау
*Кәсіби ғылыми-педагогикалық қызметкерлерді даярлау
*БМСК, стоматолог және фармацевт жұмысшыларын дайындау
*Мұғалімдер мен медициналық қызметкерлердің біліктілігін көтеру
*+Ғылыми-педагогикалық, медициналық және фармацевтикалық кадрларды дайындау
63. Арнаулы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары жүзеге асырылады
*мектеп-гимназияларда
*жалпы білім беру мектептерінде
*аз қамтылған мектеп-интернаты балаларына
*+арнаулы дарынды балаларға білім беру ұйымдарында
*медициналық мекеме жанындағы арнайы дайындау курстарында
64.Медициналық білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың алғышарттарын құрайды
*оқытушылардың біліктілігін жоғарлату
*кешенді академиялық жүйені қалыптастыру
*+интеграцияланған академиялық жүйені қалыптастыру
*мұғалімдер мен медициналық қызметкерлердің біліктілігін көтеру
*ҚР білім берудің интеграциясына негізделген академиялық жүйені қалыптастыру
65. Халықтың санитарлық эпидемиологиялық әлеуеттілігін қамтамасыз етудегі мемлекеттік ұйымның жауапты міндетін құрайды
*медициналық іс-шараларды жүзеге асыруды қадағалау
*құрылыс объектілеріне тіркеу номерін беру тәртібін анықтау мен оларды тізімге енгізу
*+халықтың декреттелген тобына гигиеналық білім беру тәртібін жаса және бекіту
*денсаулық сақтау саласындағы қызметтің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарламаны қабылдау
*медицина және фармацевтика кадрларына білім беру тәртібін жасау мен бекіту
66. Жоғары, университеттен кейінгі және қосымша білімі бар азаматтардың медициналық ұйымда қызметпен айналысуының негізін құрайды
*маман сертификаты
*жоғары медициналық білім туралы диплом
*мемлекеттік білім алу туралы диплом, маман сартификаты
*орта медициналық білім туралы диплом, Қазақстан республикасында тұруға ықтиярхат
*+білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжат, клиникалық мамандық сертификаты және маман сертификаты
67.Қандай жағдайда жеке тұлғалардың клиникалық тәжірибені жүзеге асыруға тыйым салынады
*еңбек өтілі мен жұмыс тәжірибесі
*біліктілік туралы аттестат
*біліктілік және еңбек өтілі
*+тиісті маман сертификаты
*жоғарғы оқу орнын бітіргені туралы диплом
68.Тиісті маман сертификаты жоқ адамдарға клиникалық тәжірибені жүзеге асыруға рұқсат етіледі
*клиникалық тәжірибемен айналысуға рұқсат етілген интерндер
* клиникалық тәжірибемен айналысуға рұқсат етілген бакалаврлар
* клиникалық тәжірибемен айналысуға рұқсат етілген абитуренттер
* +клиникалық тәжірибемен айналысуға рұқсат етілген резиденттер
*медицина саласында ғылыми зерттеу жұмысымен айналысатын медицина ұйымындағы оқытушылар
69. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы өкілетті органның міндетіне кіреді
*+спорттық медицина ұйымының қызметіне басшылық жасау
*дәрілік заттарды, спорттық техникаларды сатып алу, сақтауды жүзеге асыру
*халықтың салауатты өмір салтын сақтауға бағытталған білім беру шараларын жүзеге асыру
*спорттық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу
*дене шынықтыру саласында кадрларды қайта дайындау мен біліктілігін көтеруге бағытталған шараларды жүзеге асыру
70. ҚР денсаулық сақтау саласында мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттары жасалады
*ҚР Президенті
*ҚР Парламенті
*+ҚР Үкіметі
*Денсаулық сақтау саласындағы өкілетті орган
*Акиматтар мен маслихаттар жетекшілігімен болатын жергілікті атқарушы орган
71. Шешім қабылданғаннан соң кадрлар резервінде болу мерзімі
*үш ай
*бес ай
*алты ай
*екі жыл
*+бір жыл
72. Еңбек жарақаты немесе кәсіби ауруына байланысты еңбекке уақытша жарамай қалғандарға жәрдемақы төленеді
*жұмысқа шықпаған күннен бастап
*+еңбекке жарамай қалған күннен бастап
*еңбекке жарамсыздықтың деңгейі белгіленген күннен бастап
*еңбекке жарамсыздық жайлы анықтаманы ұсынған күннен бастап
*басшы қызметкердің жоқ болуына байланысты орнын алмастыру жайында бұйрық шығарғаннан бастап
73. Білікті жұмысшыны кәсіби ауруына байлаеысты басқа қызметке ауысуға рұқсат беріледі
*жұмысшының келісімімен
*жұмыс берушінің келісімімен
*жұмысшының жазбаша келісімінсіз
*+жұмысшының жазбаша келісімімен
*қызметкердің жазбаша келісімінсіз
74. Білім беру мекемелерінде оқитын және оқу жылы ішінде оқуды жұмыспен қатар алып жүретін он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі оқушыларға күніне жұмыс уақытының ұзақтығы құрайды
*1 сағат
*3 сағат
*1,5 сағат
*2,5 сағат
*+ 3,5 сағат
75. Еңбек шартының басталу уақыты
*мекеме атына арыз берген уақыттан бастап
*жұмысқа қабылдануға арыз берген уақыттан бастап
*жұмыстың басталу уақыты ұжымдық шартпен мақұлданған сәттен бастап
*+келісімде белгіленген уақыт пен екіжақты келісімге қол қойған сәттен бастап
*Еңбек шартында жазбаша түрде көрсетілген жұмыс уақытының басталған күнінен бастап
76. Жеке еңбек шартында көрсетілгендей, 15 жасқа толмаған азаматпен еңбек шартын жасаған кезде келісім болуы қажет
*баланың
*ата-ананың
*қорғаншы және қамқоршы комиссияның
*әлеуметтік-медициналық сараптамалық комиссияның
*+ата-анасының біреуінің (асырап алушының, қамқоршының)
77. Еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шартын жасауға болатын жас мөлшері
*18 жас
*15 жас
*14 жас
*17 жас
*+16 жас
78. Кәмелетке толмаған азаматпен еңбек шартын жасаған уакытта ата-ананың немесе қамқоршысының келісімі қажет жас
*16 жас
*17 жас
*18 жас
*+15 жас
*21 жас
79.Қызметкер – бұл
*жұмыс берушінің актілерін сақтайтын жеке тұлға
*қоғамдық жұмыстармен айналысатын жеке кәсіпкер
*еңбек шартында белгіленген ішкі еңбек ережесін орындайтын жеке тұлға
*қызметкерлердiң қызығушылықтарындағы өкілдікке уәкiлеттi кәсiподақ органы
*+жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға
80. Қызметкерді үстеме жұмысқа жіберуге рұқсат беріледі
*қызметкердің келісімінсіз
*еңбек ұжымының келісімімен
*қызметкердің өтініші бойынша
*кәсіподақ комитетінің келісімімен
*+еңбек шартында көрсетілген жағдайлардан басқа, қызметтердің келісімі бойынша
81.Мерекелік және демалыс күндері жасалған жұмыстың өтемақысы
*бір есе көлемде
*+екі есе көлемде
*демалыс беріледі
*жарты есе көлемде
*жылдық еңбек демалысы азаяды
82.Түнгі жұмыс уақыты мынадай сағат аралығын қамтиды
*23-тен 6-ға дейінгі
*22-ден 5-ге дейінгі
*+22-ден 6-ға дейінгі
*Жұмыстың 25%бөлігі түнде атқарылатын жұмыс ауысымы
*Жұмыстың 50% бөлігі түнде атқарылатын жұмыс ауысымы
83.Ұйымдарда еңбек заңнамасынынң сақталуына бақылау жүргізеді
*Прокуратура органдары
*Еңбек қорғау инспекторлары
*Мемлекеттік стандарт органдары
*+Мемлекеттік өкілетті органның еңбек инспекторы
*Мемлекеттік қалалық техникалық бақылау органдары
84.Тәртіптік жазаның түрлері
*сөгіс, жеке еңбек шартының бұзылуы
*ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, жұмыстан босату
*ескерту, қатаң сөгіс, еңбек шартының бұзылуы
*ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, қоғамдық жұмыс
*+ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, еңбек шартының бұзылуы
85.Еңбек шартын жасау барысындағы сынақ мерзімінің ұзақты:
*екі айдан аспауы тиіс
*+үш айдан аспауы тиіс
*бір айдан аспауы тиіс
*кәсіподақ органының рұқсатымен ғана бекітіледі
*қызметкердің келісімімен алты айдан аспауы мүмкін
86.Еңбек шартын жасау барысында сынақ мерзімін тағайындау мақсаты
*біліктілікті арттыру
*жалақыны төмендету
*жұмыс берушінің біліктілігін тескеру
*+жұмысшының берілген жұмыс бойынша біліктілігін тексеру
*жұмысшының маусымдық жұмыстар бойынша біліктілігн тексеру
87.Еңбек құқығының пәні болып табылады
*әкімшілік айыппұл
*+қоғамдық еңбек қатынасы
*әлеуметтік қамтамасыздандыру қатынасы
*еңбек бойынша мемлекеттік инспекторлар
*медициналық сақтандыру аясындағы қоғамдық қатынастар
88. Еңбек шартына байланысты қызметкерге алғашқы жұмыс жылында берілетін демалыс
*+бірінші жұмыс жылы аяқталған кезде
*қызметкердің өтініші бойынша кез-келген уақытта
*қызметкердің 9 ай бойы үзіліссіз жұмыс жасаған кезде
*еңбек шартының жылдық қолдану мерзімі аяқталған кезде
*кәсіподақ органының ұсынысы бойынша кез-келген уақытта
Достарыңызбен бөлісу: |