Деонтология ұғымы



Дата02.10.2023
өлшемі19,4 Kb.
#112678
Байланысты:
тапсырма

Деонтология ұғымы


3 Деонтология салаларының демократиялық өзіндік ерекшеліктері, өзгешеліктері мен ортақ белгілері
4. Ұстаз қызметіндегі педагогикалық деонтология.
И.Бентам өз тұжырымдамасын «деонтология» деп атады, бұл бағыт КСРО-да сонау 1917 жылғы революция кезінен бастап белгілі болды, «патша тәртібінің мұрасын» жоққа шығарып, жазалау қаупін төндіріп, үкімет әр ғылымның, оның ішінде медицинаның ең басты құрамдас бөлігі болып табылатын әдеп мәнін жоюға тырысып, тыйым салды. Е.Барштейн «Дәрігер-стахановшы не білуі тиіс» (1938 ж.) [8] атты мақалада: «Аты шулы дәрігерлік этиканы жойыңдар: «сын және өзара сын» – міне осылар ғана кеңес дәрігері қызметінің негізі», - деп айтқан болатын. . Ғылымның басқа салаларындағы осындай көзқарасты ұстанған адамдар аз болмады. Медицинаны әдепсіз елестету мүмкін емес. 1946 жылы совет онкологиясының негізін қалаушы Николай Николаевич Петров хирургиялық әдеп жөнінде кітап жазады, КСРО-да әдеп жөнінде кітаптың басып шығарылуын мүмкін еместігін түсініп, қолжазбадағы «әдеп» терминін белгісіз бір «деонтология» терминімен алмастырады [7]. Н.Н.Петровтың замандастары мен ізбасарлары естеліктерінде: «Николай Николаевич сөздерді алмастыру мәлім болған жағдайда, ол түрмеден қайтып оралмайтынын анық түсінсе де, тәуекелге бел буды. Сол кездегі цензордың (баспа орындарын бақылау) Н.Н.Петровқа қарағанда сауатсыз болуы кітапты жетістікке жеткізді» [7]. Осылайша бұрынғы Кеңес үкіметінде қазіргі уақытта тек медицинада ғана емес, «адам-адам» жүйесінің түрлі аспектілерін қарастыратын көптеген ғылым салаларында қолданылатын «деонтология» термині алғаш рет пайда болды .
Алайда адамгершілік пен парыз туралы ілім ретінде деонтология пәні «аз көлемдіге» айналып, «деонтология» термині әдеп ілімінде қажетсіз болып шықты. Әдеп саласының мамандары сөздігінен осы терминнің жоғалуға шақ қалуы кездейсоқ емес. Дегенмен «деонтология» атты ерекше ғылым жойылмай, «құпия өмірін» жалғастырды. «Инкубациялық кезең» бірнеше онжылдыққа созылып, ақыр соңында «деонтология» медицинадан бастап спортқа дейінгі әлеуметтік тәжірибенің түрлі саласына бағытталған ғылымның маңызды бөлігіне айналды.
Әрбір ғылымға өзінің пәндік аясын нақтылауға бағытталған дифференциация үдерісі тән екендігі мәлім. Алғашында ол барлық ғылыми салада дамиды: медицина, педагогика, психология, әлеуметтану және т.б. Бұл үдерістің түрлі саладағы мамандық иелерінің кәсіби парыз мазмұнына байланысты деонтологияға да тиісті, мына салаларын атап айтуға болады:
- педагогикалық деонтология – ұстаздың кәсіби парызына сәйкес мінез-құлқы туралы ғылым [10] (К.М.Левитан, Г.М.Кертаева, Г.А.Қараханова, , А.Е.Күдерина, Д.Д.Есімова, Ү.А Ажигалиева және т.б.);
- медициналық деонтология – медицина қызметкерлерінің көмек сұрап келген адамдарға қатысты құқылық, кәсібилік, моральдық міндеттері мен тәртіп ережелері туралы ілім [11] (А.Ф.Билибин, Б.Е.Вотчал, Ф.П.Гааз, А.А.Грандо, Н.Н.Пирогов, И.С.Сук, Н.В.Эльштейн және т.б.);
- психологиялық деонтология – «көмек ұсынушы - көмекті қабылдаушы» сияқты өзара әрекеттесудің, жәрдемдесуші мамандардың моральдық сенімділігін қамтамасыз ететін тұлғаның психологиялық тетіктерінің этикалық аспектілерін зерттейді [12]. (М.А.Гулина, А.А.Крылов, И.В.Силуянова, А.И.Юрьев т.б.);
- әлеуметтік деонтология – әлеуметтік қызметкердің іс-әрекеті мен мінез-құлқы принциптерін және кәсіби-этикалық нормаларын зерттейді [13] (Л.М.Анисимова, Н.Ю.Гурьевич, Л.П.Козыревская, Д.П.Котов, Г.П.Медведева, т.б.);
- құқықтық деонтология – заңгердің кәсіби мінез-құлқы кодексі жөнінде жинақталған мағлұматтар жүйесін белгілейтін заң ғылымдарының бір саласы ретінде анықталады [14] (Н.М.Блохин, В.М.Горшенев, Ю.А.Романов, т.б.);
- журналистік деонтология – журналистің кәсіби мінез-құлқы, парыздылық талаптарының, нормаларының, принциптерінің жүйесі ретінде; БАҚ қызметкерлерінің жауапты мінез-құлқының құқықтық және этикалық нормаларының жиынтығы ретінде, журналисттік парыздылық пен міндеттемелер және осы міндеттемелерді олардың қандай деңгейде ұғынуына қарамастан орындау нормалары ретінде (Е.П.Прохоров, Ю.М.Батурин, Я.Н.Засурский, К.Крисченс, М.Трейбер, К.Норденстренг және т.б.) анықталады [9].
Сонымен осының бәрін саралай келе, біз деонтологияны «адам-адам» жүйесіне қызмет ететін мамандардың парызына адалдығы мен кәсібіне сәйкес саналы әдеп және құқықтық ұстанымдар мен ережелер кешені жатады деп қорытамыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет