Зооцидтердің түрлері
Зоокумарин (варфарин) — қоймаларда қора-қопсы мен тұрғын үйлерде кеміргіштерді жоюға арналған иіссіз, ақ түсті кристалл; негізінен шаруашылықтың және тұрғын жайларында қолданылады. 0,5% ұнтақ күйінде шығарылады. Еліктіргіш улы жем ретінде қолданылады. Еліктіргіш құрғақ жем дайындау үшін 10 г улы препаратқа 200 г ақ нан немесе ботқа және 10 г өсімдік майын қосып, әбден араластырады, содан соң кеміргіштердің келетін жолына сеуіп тастайды. Препаратты тағамдардан бөлек, балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Бактокумарин – құрамында зоокумариінің натрилі тұзы және сүзек ауруының бактериалды культураларымен өңделген дәндерден тұратын кешенді препарат, зооцид ретінде жиі қолданылады, ауыл шаруашылық малдары үшін қауіптілігі онша емес.
Қанның ұюын нашарлататын препараттар қатарына ақ түсті, иіссіз, кристалды түйіршікті ұнтақ ратинданды да, дифиназинді де жатқызуға болады. Олар 0,5% немесе 0,18%-ды ұнтақ түрінде шығарылады. Өте уытты әсер етеді. Тышқандар үшін ЛД-63,4 мг/кг. Күшті әсер ететін кумулятивті зооцид. Әсер етуі мен емі зоокумаринге ұқсас.
Ратиндан – іс әрекеттіне байланысты антикоагулянт болып табылады. Ол кеміргіштердің организміне тағам мен бірге түсіп, қанның ұюын төмендетеді және капиллярлық қабырғалардың өткізгіштігінің жоғарылауына ықпал етеді, бұл тоқтаусыз қан кетулерге әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |