Дербес компьютердің есте сақтау құрылғылары


Статикалық және динамикалық оперативті жад



бет3/4
Дата08.12.2023
өлшемі1,33 Mb.
#134819
1   2   3   4
Байланысты:
ref -este-saqtau-qurylgylarynyn-klassifikacijasy dinamikalyq-zhad-kontrolleri

1.1Статикалық және динамикалық оперативті жад.
Оперативті жад динамикалық (Dynamic Random Access Memory-DRAM) немесе статикалық (Static Random Access Memory-SRAM) типтерінен құралады. Жадтың статикалық типі әлдеқайда жоғары жылдамдықпен орындалады,бірақ DRAM-нан айтарлықтай қымбат. Статикалық жадта элементтер (ұяшықтар) әртүрлі триггерлердің нұсқауынан құрастырылған-екі тұрақты жағдайдағы кестеден тұрады.
Статикалық жадтың микросхемасының көмегіне жүгінсек,оған толық адрес беріледі және ол ішкі дешифраторлардың көмегімен нақты ұяшықтың сигналдарына түрленеді. SRAM ұяшықтары орындалғанда аз уақытқа ие (наносекунд бірлігі),алайда осы негіздегі микросхема төмен үдемелі сиымдылықпен және жоғарғы энергияны көп қажет етуімен ерекшеленеді. Сондықтан статикалық жад негізінен микропроцессорлық және буферлік (кэш-жад) түрінде қолданылады.
Динамикалық жадта ұяшықтар өте аз орын алатын және сақтау кезінде мүлдем энергия көзін қолданбайтын,өзіндік конденсаторлардан құралған,жартылай өткізгішті аумақтың зарядтар жинағының негізінде құрастырылған. Конденсаторлар матрица шинасының тігінен және көлденең қиылысуында орналасқан. Ақпаратты жазу және есептеу жад ұяшығына жататын,элементтермен байланысқан сол матрица шинасына электрлік импульспен беріледі. Микросхеманың кіруіне алғаш болып матрица жолының адресі беріледі, ол RAS(Row Address Strobe–жол адресінің стробы), содан бірнеше уақыттан кейін–баған адресі CAS(Column Address Strobe–баған адресінің стробы) сигналынан тұрады. Конденсаторлар біртіндеп зарядталатындықтан (заряд ұяшықта бірнеше милисекунд қана сақталады), сақталынған ақпаратты жоғалтпау үшін оған әрдайым регенерациялау қажет,одан да жадтың атын көреміз–динамикалық.Динамикалық жад ұяшығының статикалыққа қарағанда орындалуға көп уақыты бар (он шақты наносекунд),бірақ үдемелі тығыздығы көп және энергия қолданылымы аз. Динамикалық жад ДК жадтың оперативті есте сақтау құрылғысы ретпен орналасады.
1.2.Регистрлік кэш жад
Регистрлік кэш жад–ОП және МП арасында буфер болып табылатын, салыстырмалы үлкен сиымдылықты жоғары жылдамдықты жад және операцияның орындалу жылдамдығын күшейтуге мүмкіндік береді.Кэш жадтың регистрі қолданушыға қол жетімсіз, осыдан «кэш» (cache) атауы шыққан, ағылшын тілінен аударғанда «тайник». Қазіргі кездегі аналық тақшада блоктың мүмкіндігі бар (Pipelined Burst Cache) конвейерлі кэш қолданылады. Кэш жадта оперативті жад облысының мәліметтер блогының көшірмесі сақталады, оған соңғы реттегі істеген жұмысы орындалады. Бұл мәліметке жылдам қолжеткізу программа командаларын орындалуының уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.Кэш жадта МП орындалған операцияның қорытындысы жазылады.
Оперативті жадқа қорытынды жазу бойынша кэш жадтың екі типін ажыратады:

  • Кэш жадта «кері жазбамен» операцияның қорытындысы ОП-ға жазылмас бұрын, алдымен белгіленеді, одан соң кэш жадтың контроллері ОП-ға бұл мәліметтерді өздігінен қайта жазады;

  • Кэш жадта «жылжымалы жазба» операциясының қорытындысы бір мезгілде кэш жадта да,ОП-да да жазылды.

Микропроцессорлар, МП 80486-дан бастап МП кэш жадтың негізгі ядросында құрылған болады (немесе бірінші деңгейдегі кэш жад–L1). Pentium микропроцессорларда мәліметтерге бөлек, командаға бөлек кэш жад бар: Pentium-да бұл жадтың сиымдылығы үлкен емес-8 Кбайттан, Pentium ММХ-та 16 Кбайттан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет