Бос орын – символдарды бір - бірінен ажыратады.
← немесе Backspace пернесі алдыңғы символды өшіреді.
Shift - бұл кіші әріптерді алкен етуге және керісінше орындауға болады.
Caps Lock - алкен әріптер енгізіледі.
Delete - меңзердің оң жағында орналасқан символдарды өшіреді.
кейбір амалдарды орындау үшін пернелердің комбинациясын пайдаланады. Ctrl Alt Порцессор жадта сақталған бағдарламаларды керекті тізбектерін таңдап, соны орындайды. Компьтерде негізгі бағдарламаны орындайтын орталық процессор (СPU –central processing unit) болады.
Орталық процессор – кейбір қиын функцияларды орындауға көмектесу үшін бірлеспроцессор (сопроцессор) қосылады. Жылжымалы нүкте форматындағы сандық деректерді есептеу үшін математикалық бірлеспроцессорлар, графикалық бейнелерді өңдеу үшін графикалық бірлеспроцессорлар, орталық процессорлардың жұмысын азайту үшін көп қайталанатын шектері құрылғыларды басқару операцияларын енгізу- шығару бірлеспроцессорына береді. Басқа да түрлі бірлеспроцессорлар болады, бірақ оның барлығы орталық процессор бөліп берген жұмысты ғана істейді.
Тактілік жиілік – микропроцессор бір секунд ішінде қанша элементарлық операция жасай алатынын көрсетеді. Тактілік жиілілік мегагерцпенесептеледі. Әр түрлі типтегі микропроцессорлар бірдей операцияны әр қилы тактілік жылдамдықпен істейді.
Қатты диск (винчестер) орнынан алынбайды, ауа кірмейтіндей жабық корпусқа салынып, жүйелік блокта орналасады.
Интерфейс – бақылаушылардың түрлері. Бақылаушылар IDE/EIDE немесе SCSI болып бөлінеді.
Дыбыс картасы - бір жағынан дыбыс картасы компьютер аса қажет емес құрылғы болып табылады. Бірақта, музыка тыңдауға әр түрлі тілдерді үйренуге өте пайдалы құрылғы. Қазіргі компьютерлердің барлығында қамтамасыз етілген.
Компьютер жады командалық кодтар мен деректерді – көп немесе білгілі бір уақыт сақтауға арналған құрылғы. Ақпараттар жадта екілік кодпен сақталады немесе оны бит дейді.
Барлық компьютерлер үш түрлі жадта пайдаланады: жедел, тұрақты және сыртқы жад. Жедел жады. Прцессор мен бірлеспроцессор жедел жадтан және өңдейтін ақпаратты алып, нәтижені соған қайтадан жазады. Жедел жад бұл жадта жылдам істейтігінен айтады. Бірақ, жедел жадтағы деректер тек қана компьютер істеп тұрғанда да, өшкенде жойылып кетеді.
Кэш жады – жылдам процессорлар мен одан жәй істейтін жедел жадтың жұмысын үйлестіру үшін қажет. Кэш жады – микропроцессорлармен жедел жадтың ортасында орналасады. Қазіргі кезде көбінесе процессор құрамына кіреді. Сондықтан процессор деректі бірінші болып Кэш жадтан іздейді. Арнайы бақылаушы процессорға келесі керек боатын ақпаратты кэш –жадқа жіберіп отырады.
Тұрақты жады –деп компьютер құрылысы жайындағы барлық керек мағлұмат жазылған микросхеманы айтамыз. Көбінесе бұл жадты ROM ( read only memory –тек оқитын жад) деп аталады.
ІВМ ДК компьютерлерінің тұрақты жадында компьютер құрамын тексеретін, қосуға қажет ақпараттар сақтайтын және операциялық жүйені іске қосатын BIOS(Basic Input –Output System немесе негізгі енгізу– шығару жүйесі) атты бағдарлама орналасқан.
BIOS –ақппараттық жүйемен тікелей байланыса алады, оған қоса компьютер қосылған кезде компьютерді тексеретін POST бағдарламасы құрамында бар.
POST бағдарламасы компьютер токқа қосылған кезде барлық негізгі бөлшектерді тексереді олар: процессор, жад, қосалқы микросхемалар, дискілер, клавиатура, бейне жүйелер.