Дәрі Химиялық және фармацевтикалық технологияның негізгі процестерін жіктеу. Химиялық өндірісті оңтайландыру


Компрессордағы теориялық жұмыс жасау процессі



бет46/102
Дата19.09.2023
өлшемі2,17 Mb.
#108470
түріҚұрамы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   102
Байланысты:
книга ПАХТ

Компрессордағы теориялық жұмыс жасау процессі
Компрессордағы ауа қысымы аса ауыр процесс. Оны білуді оңайлату үшін теориялық жұмыс жасау процессі деген түсінік енгізілген. Оны оқып білген соң, одан қиын жұмыс жасау процессі қарастырылады.
Компрессордың жұмыс жасау процессінде туғызылатын көптеген факторлар есепке алынбайтындықтан процесс теориялық жұмыс жасау процессі деп аталады. Поршеннің үйкелуі, клапандардың механикалық және гидравликалық қарсылығы есепке алынбайды. Теориялық жұмыс жасау процессін екі еселік қызмет ету процессінде қарастырамыз.
Поршень оң жаққа клапан арқылы қозғалған кезде цилиндірде атмосферлық қысымға тең қысым пайда болады. Сондықтан диаграммадағы 1-2 сызығы сорғыш сызығы деп аталатын абцисс осіне паралельді болады. Поршеннің керіс жүрісі кезінде сол жақты сорғыш клапан жабылады, кейін цилиндірдегі ауа қысылады. 2-3 сызығы қысым сызығы деп аталады. Ауа көлемі кеміген кезде қысым артады, өйткені сол жақты клапан жабық. Қысылу қысымы қысымға жеткен кезде клапан ашылады, сол қысымдағы қысылған ауа цилиндірден итеріледі.
Диаграммадағы 1 және 2 нүктелерінде поршеннің орналасуы өлі жағдай деп аталады, өйткені поршеннің жылдамдығы нөлге тең болады, яғни компрессор жұмыс істемейді.
Диаграмма көлемі 1-2-3-4 индикаторлы деп аталады. Ол бір циклдің жұмысын көрсетеді. Қысымның бірдей деңгейінде индикатордың көлемі аз болған сайын, компрессорды қалпына келтіруге байланысты жұмыс шығыны да аз болады.
Ауа қысымының адиабатикалық процессі кезінде (салқындату процессінсіз) қысымға кетірілген жұмыс диаграмма көлеміне 1-2-3-5 пропорцианалды болады. Егер қысым изотерма бойынша, яғни жиі температурада (ауаның толық салқындатумен) болса, онда қысым процессі 2-4 сызығымен, ал жұмысты 1-2-4-5 диаграмма көлемімен мінездеуге болады. Изотерма бойынша қысым процессі диаграмма көлем шамасымен көретіндей, үнемді. Бірақ изотерма бойынша компрессордағы ауа қысым прцессін жүргізу цилиндірді қатты салқындатқан кезде де жүргізуге мүмкін емес.
Цилиндірді салқындатқан кезде, қысым политропикалық процесс деп аталатын процесспен жүзеге асырылады. Диаграммада бұл процесс 2–3 сызығымен мінезделеді, ол политропа деп аталады. Соқымның соңғы деңгейі жоғары болған сайын, соғұрлым политропа изотермадан тыс болады. Политропа бойынша жұмыс диаграмма 1-2-3-5-6 көлемімен мінезделеді. Диаграммадағы штрихпен боялған көлем изотермиялық процесстен адиабатикалық процесстің ауытқуынан пайда болатын қуаттың жоғалтуымен мінезделеді.
Сонымен, компрессордың экономды жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін компрессордың максималды жылуды немесе салқындатуды жіберуді қамтамасыз ету қажет, яғни қысым прцессі изотермиялық процесске мүмкін болған жағдайға дейін жақындау үшін жасалынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет