Насостардың түрлері -Аксиал-поршеньдi сорғы (Насос аксионально-поршневой) -ротордың айналмалы қозғалысынан және поршеньнің ерсілі-қарсылы қозғалысынан энергия алатын роторлы сорғы. Сору қысымы 30 МПа дейін. Аксиал-поршеньдi сорғы гидроберілістерде, күштік бақылау жетектерінде қолданады.
Екі қалақты сорғы (насос каловратный) -жұмысшы органдары айналмалы қозғалатын роторлы сорғы. Роторда орналасқан сорғының екі қалағы арқылы орындаушы механизмдерге сұйықтық беріліп отырады.
-Көлемдік сорғы (Насос объемный) -сорғының сұйықтық шығатын бөлігінде орналастырылып, сол камерадағы сұйықтықтың көлемін өзгертетін құрылғы. Қозғалтқыш жетегінің қуаты сақтық клапанның көмегімен максималды түрде тұрақталып тұрады.
-Қоректендiргiш сорғы (Насос питательный) -бу қазандарына суды жеткізу процестерінде қолданылады. Қоректендіргіш сорғы электрліпоршеньді сорғылар ретінде қолданылады.
-Тiлiмшектi сорғы (Насос пластинчатый) -жұмысшы органдары ерсілі-қарсылы қозғалатын айналмалы роторлы сорғы. Роторда орналасқан сорғының тілімшектері арқылы орындаушы механизмдерге сұйыктық беріліп отырады.
-Радиал-поршеньдi сорғы (Насос радиально-поршневой) -ротордың айналмалы қозғалысы мен поршеньнің ерсілі-қарсылы қозғалысынан механикалық энергияалатын роторлы сорғы; Радиал-поршеньдi сорғы қысымы жоғары гидрожүйелерде қолданады.
-Тiстегергiштi сорғы (Насос шестеренный) -жұмыс органы екі тістегергіштен тұратын роторлы сорғы; Тiстегергiштi сорғыда сұйықтықтың үлкен қысым мөлшерін реттеп отыратын сақтық клапаны орналасқан.
Сұйық орталарды, қатты паста тәрізді және сусымалы материалдарды араластыру -химиялық технологияда кең тараған процестердің бірі. Техникада көбінесе сұйық орталарды араластыру жиірек қолданылады.
Сұйық орталарды араластыру процесі -механикалық араластырғыш көмегімен ортаға берілетін импульс әсерінен сұйық орта көлемінің макроскопиялық элементтерінің көп қайтара салыстырмалы араласуы. Сұйық орталарды араластыру келесі негізгі міндеттерді шешу үшін қажет:
1) жылу және масса беру процестерін қарқындату үшін;
2) сұйықтық көлемінде қатты бөлшектерді біркелкі тарату үшін (суспензия дайындауда);
3) сұйықтықты сұйықтықта біркелкі майдалап тарату үшін (эмульсия дайындауда);
4) газды сұйықтықта біркелкі тарату үшін (барботаж процесінде).
Араластырғыш құрылғылары бар аппараттар химиялық технологияда буландыру, кристалдандыру, абсорбция, экстракциялау тағы басқа процестерді жүргізу үшін кеңінен қолданылады.
Араластыру кезінде аппарат толтырылған ортада температура мен концентрация градиенттері минималды мәніне ұмтылады. Сондықтан араластырғыш құрылғылары бар аппараттар, мысалы, ағын құрылымы бойынша идеалды араластыру моделіне жақын келеді.
Сұйық орталарда араластыруды әртүрлі әдістермен жүзеге асыруға болады: араластырғыштың айналмалы немесе тербелмелі қозғалыстарымен (механикалық араластыру); сұйықтық қабаттары арқылы газдың барботажымен (пневматикалық араластыру); тұйықталған тізбек бойынша сұйықтықты насос көмегімен тасымалдау (айналдыра араластыру).