Дəрі Кіріспе. Биотехнологиялық процесстер жайында түсінік. Биотехнологияның даму сатылары. Халық шаруашылығының əр түрлі саласындағы биотехнологияның ролі



Pdf көрінісі
бет24/58
Дата06.01.2022
өлшемі1,69 Mb.
#15325
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   58
Байланысты:
Osnovy-BT-kaz.

Ақуыз биосинтезі. Биосинтез – молекулалық биологиядағы негізгі бағыт. Ол өсу жəне 

даму  барысында,  көптеген  ауруларға  ем  іздеуде  туындайтын  мəселелермен  тығыз 

байланысты. 

Ақуыз биосинтезінің матрицалық теориясы қарастырады: 

1)  ақпаратты 

ядродан  матрицалық  мРНК  нуклеотидтік  ізбе-ізділік  түрінде 

транскрипциялық процесс кезінде цитоплазмадағы рибосомаларға өтуін 

2)  аминоқышқылдардың 

белсенділігін 

жəне 


белсенді 

аминоқышқылдардың 

тасымалдаушы тРНК көмегімен рибосомаға өтуін 

3)  пептидтік байланыстар синтезін – трансляцияны 

Транскрипция  процесі  кезінде  синтезделген  мРНК  тізбегі  ДНК  тізбегінің  бір 

тармағындағы  нуклеотидтердің  ізбе-ізділігін  дəлдікпен  көшіреді.  Үштік  нуклеотид  немесе 

триплет  ақуыз  молекуласының  тізбегіндегі  кодталған  аминоқышқылдың  үйлесімді 

орналасуын  анықтайды.  Осылайша  мРНК-да  ақуыз  синтезінің  коды  сақталады.  Процесс 

барысында ДНК шығындалмайды жəне өзгеріске ұшырамайды. 

Трансляцияға  дайындықтың  екінші  маңызды  этапы  –  кодтау  (кодирование),  яғни 

белсенді  аминоқышқылдарды  тасымалдаушы  тРНК-ға  жеткізу.  Олар  тасымалдау  кезінде 

аминоқышқылдардың 

қатаң 

ізбе-ізділін 



қамтамасыз 

етеді. 


Өзінің 

тРНК-сымен 

байланысқаннан  кейін  аминоқышқылдар  өздеріне  тиісті  тРНК  антикодондық  ілгегінде  үш 

нуклеотидтік ізбе-ізділік түріндегі «шифр» алады. 

Рибосома  ақуыздары  біріншілік  құрылымы,  аминоқышқылдық  құрамы,  молекулалық 

массасы  байланысты  əртүрлі.  Рибосомалық  ақуыз  құрамындағы  азоттың  көптігімен 

ерекшеленеді.  Рибосомада  полипептидтік  тармақтың  түзілу  процессі  трансляция  деп 

аталады. 

Ақуыз  синтезінің  коды  триплеттік  (əрбір  аминоқышқыл  мРНК  кодонында  ізбе- 

ізділікпен  орналасқан  үш  нуклеотидпен  кодталған),  көптік  немесе  тума  (бір 

аминоқышқылдың  полипептидтік  тармақта  орналасуы  бірнеше  кодондармен  анықталады), 

үзіліссіз (код үзіліссіз саналады, əмбебап ( барлық ағзаға біркелкі) болып бөлінеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет