Тағам өндірісіндегі биотехнология. Сыра, шарап, квас, нан ежелгі заманнан белгілі,
бірақ оларды өндіру технологиясында микроағзалардың атқаратын ролі тек өткен ғасырда
ғана белгілі болды.
Қышқыл-сүт тағамдары. Бұл биотехнология өнімдері де ежелден белгілі, сондай-ақ əр
халық ұйытқы ретінде əртүрлі микроағзаларды пайдаланған. Сусындарды дайындау
технологиясында да айырмашылықтар бар.
Сірке де ежелден белгілі, себебі сірке-қышқыл бактериялардың əсерінен шарап шарап
сіркесіне айналатын.
Лимон қышқылы. Оның қанттан немесе оның өндіріс қалдықтарынан – мелассадан,
сонымен қатар құрамында қант болатын ағаш гидролизаттарынан немесе бидайдан
биосинтездеу тəсілі табылды. Лимон қышқылының əлемдік өндірісі жылына 200 мың т-ға
жуық.
Тағамдық ақуыз. Құрамында ақуыз аз болғандығына қарамастан, адамзат ақуыз алу үшін
етпен қоректенеді жəне бұндай ақуыз қымбатқа соғады. Сондықтан тағамдық ақуызды
микроағзалардан алу жолына көп көңіл бөлінеді. Соңғы кезде адам жоғарғы сапалы жеуге
жарамды саңырауқұлақтардың мицелийін егуді үйренді.
Шұжықтар. Жақсы сапалы шұжықтар алу үшін тартылған етке тартымды дəм беру
үшін белгілі бір микроағзалардың дəмдеуіштерін қосады.
Ас бояғыштары, консерванттар, қоюлатқыштар. Сары, қызыл, көк түсті ас
бояуғыштарын өндіру үшін микроағзаларды немесе жоғарғы сапалы саңырауқұлақтардың
оқшауланған жасушаларын қолданады. Қоюлатқыш ретінде биотехнология микроб текті
полисахарид – декстранды ұсынады. Биотехнологияда консерванттар ретінде сүт-
қышқылдық бактерияларының арнайы штаммалары бөлетін - низин пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |