1. Әрбір пациент жеке құпиясының сақталу құқығына ие, медициналық көмек көрсетуге қатысатын дәрігер, басқа да тең дәрежелі тұлғалар, науқаспен басқаша қарастырылмаған жағдайда, дәрігерлік құпияны пациент өлімінен кейін және де медициналық көмекке жүгіну дерегін сақтауы тиіс.
2. Құпия науқастың медициналық көмекке жүгіну дерегіне және емделу процесінде алынған барлық мәліметтерге (диагноз, емдеу тәсілдері, болжам және т.б.) таратылады.
Қылмыстық жауапкершілік.
Қылмыстық жауапкершілік.
ҚР қылмыстық кодексінің 321-бап. Дәрігерлік құпияны жария ету:
1. Медициналық қызметкердiң кәсiптiк немесе қызметтiк қажеттіліксiз адам бойында ВИЧ/ЖҚТБ бар екенi туралы мәлiметтердi хабарлау арқылы пациенттiң сырқаты немесе медициналық куәландыру нәтижелерi туралы мәлiметтерді жария етуi - айлық есептiк көрсеткiштің бір жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, не екі жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не екі жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.