«Дәрілік препараттар өндірісіне кіріспе»


В072 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша білім алатын 3 курс ФӨТ21-031қ тобы студентінің



бет13/13
Дата19.12.2023
өлшемі88,32 Kb.
#141145
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Күнделік 3 курс

В072 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша білім алатын 3 курс ФӨТ21-031қ тобы студентінің
«Дәрілік препараттар өндірісіне кіріспе»
өндірістік практикасы бойынша жасаған


ЕСЕБІ


Практиканың өткізілетін орны: «Антиген» ҒӨК ЖШС

Практиканың ұзақтығы: 25.09.2023 ж. – 23.12.2023 ж.
Студент: Ботабек А.С. Қолы: _________ күні _____________
Тобы: ФӨТ21-031қ
Мекеме бойынша өндірістік практикасына жауапты тұлға: Нурмухамбетова А.Б.

Бағалау______________ қолы_____________күні _________________


Өндірістік практикасына университеттен жауапты тұлғалар: Ибадуллаева Ғ.С., Елекен Г.К., Шуленова Н.К.

Өндірістік практикасының нәтижесі бойынша комиссия шешімі
Баға қолы күні __________
Алматы, 2023
ЕСЕП
"Дәрілік препараттарды өндірісне кіріспе" атты оқу тәжірибесі 19.09.2022 ж- 25.11.22 ж аралығында өтті. Оқу тәжірибесі ҚазҰМУ Фармация мектебінің ФӨТ факультетінің 2 курс студенттері үшін өткізілді. Тәжірибе басында бізге тәжірибені өткізу тәртібімен таныстыру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ бізге электрондық силлабус және өткізілетін график ұсынылған болатын. Тәжірибелік оку басталған алғашқы күні қауіпсіздік техникасы қағидаларын және еңбекті қорғау жайында түсіндірілді, экология және өндіріс қауіпсіздігі қағидаттарын атап өтті. Өнеркәсіптік кәсіпорынның негізгі міндеттері мен функцияларымен жәнеде фармацевтикалық өнімді өндіруді ұйымдастырудағы GMP принциптерімен яғни нормативтік базамен таныстыру жүргізілді. Tақырыптық жоспарға сәйкес өндірістік тәжірибеден өттік. 19.09.2022ж бастап «Элеас» ЖШС, «Dolce-Pharm» ЖШС, «Антиген» ҒӨК ЖШС, «Такеда Казақстан» ЖШС, "Инфекцияға қарсы препараттардың ғылыми орталығы" ЖШС, «VivaPharm» ЖШС, «Kelun-Kazpharm», ЖШС «LuAli-Pharm» атты компанияларының тәжірибеге жауапты жетекшілері бізге силлабусқа сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бірінші, «Антиген» ҒӨК ЖШС базасына барған кезімізде бізге, ең алдымен, компанияның қауіпсіздік ережелерімен таныстырып өтті. Кейін бізге компанияның бөлімдерімен таныстырып, жұмыс жасауды үйретті. GMP стандарттарын сай сертификатталғандығы жөнінде атап өтті. Біз бұл базаға бару арқылы биологиялық және дәрілік препараттарды қалай өндіретіндіктерін білдік. Еліміздігеі ковид жағдайы кезінде осы компанияның бір бөлігінде «Қазвак» вакцинасының белгілі дозаларын шығарумен айналысқанын атап өтті.
Тестілеу орталығының негізгі қызметі:
- Өз құзыреті шегінде өнімнің сәйкестігін бағалау саласында сынақтар жүргізу және Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінің ережелері мен рәсімдеріне сәйкес басқа да жұмыстарды жүргізу.
- Өнімнің қауіпсіздігі мен сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау.
- Сәйкестікті бағалаудың сапасы мен сенімділігін арттыру.
- Отандық өнімнің сыртқы нарыққа шығуына жағдай жасау.
- Сынақтардың толықтығы мен дұрыстығын, олардың нәтижелерінің объективтілігі мен сенімділігін қамтамасыз ету.
- Тест нәтижелерін тіркеу және беру.
- Тұтынушыларға көрсетілетін қызметтердің сапа менеджменті жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Келесі, "Kelun-Kazpharm" фармацевтикалық зауытына барған уақытымызда, ең алдымен, зауыт қауіпсіздік ережелерімен танысып, жетекші айтуымен арнайы киім ауыстыратын бөлмеде зауыт ережесіне сай киімге ауыстырып, зауыт ішіне кіріп, құты еретінді шығару процессін бақыладық және жұмыс барысы түсіндірілді.
Сонымен қатар, "Kelun-Kazpharm" фармацевтикалық зауыты жайлы ақпараттар берілді. Жоғары сапаны қамтамасыз ету үшін барлық шығарылатын өнімдер Жапония мен Тайвань өндірісінің заманауи жабдықтарында сынақтан өтеді, сонымен қатар Сингапурдан импортталатын шикізат қолданылады. Ал, «Dolce-Pharm» ЖШС фармацевтикалық компаниясы 1998 жылдың 18 мамыры құрылған. «Dolce-Pharm» ЖШС компаниясы Қазақстанда бір рет қолданылатын медициналық бұйымдарды шығарады. Әрбір кәсіпорынның тарихымен, құрылысымен, сертификаттарымен, өнімдерімен танысқан болатынбыз. Мысалы, «Антиген» ҒӨК ЖШС базасына барған кезімізде бізге, ең алдымен, компанияның қауіпсіздік ережелерімен таныстырып өтті. «Антиген» ҒӨК ЖШС ғылыми-зерттеу базасы ветеринария, биология, химия және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы түрлі тапсырмаларды орындауға арналған заманауи қондырғылармен жабдықталған. Зертханалар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Ғылым қоры» АҚ, шетелдік қорлар қаржыландыратын ғылыми жобаларды жүзеге асыруға белсенді қатысады. "Инфекцияға қарсы препараттардың ғылыми орталығы" ЖШС бізге GMP стандартына сай құрылған фармацевтикалық өндірістік зауыттың эскизымен таныстырды, ал «Dolce-Pharm» ЖШС белсендірілген көмір таблеткасының өндірісін толығымен түсіндірді: қандай технологиялық аппарат керек екенін, қандай технологиялық үрдістер жүретіні жайлы айтты.
Қорытындылай келе, тәжірибелік жұмыстар, алынған жаңа ақпараттарды жинақтау фармацевтикалық өндiрiс саласында болашақта сәтті жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Оқу тәжірибесінен өту барысында мамандығымызға деген сүйiспеншiлiк екі есе артты. Жетекші мамандарға алғыс білдіремін, себебi тiкелей өндіріс орындарынан мүмкіндігінше өндiрiстiн жүру барысын көрсетті, тәжiрибенi өткiзген форматы өте пайдалы әрi қызықты болды, өндiрiстiң құрылымы мен жалпы жұмыс істеу принципі жайлы мағлұмат алдық. Сонымен “Дәрілік препараттардың өндірісіне кіріспе” оқу практикасы 23.12.2023 жылы аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет