Практиканың 1-ші күні
База
“Фармация” мамандығы бойынша симуляциялық орталық Практиканың алғашқы күнінде ең алдымен 151 кабинетке бардық,бізді Галия Болатовна қарсы алды. Біз орталыққа кіру барысында талаптарға сәйкес арнайы медициналық бахила және бас киім(чепчик) киіп, орталыққа кірдік. Кейін бізді қауіпсіздік және технологиялық шаралармен таныстырды және танысқанымыз жөнінде қол қойдық.Осы практика уақыт аралығынды біздің не істеп не өтетінімізге шолу жасады.Қандай тақырыптарды қамтып қандай фармкомпанияларға баратынымызбен таныстырды. Әрі қарай симуляциондық орталықтағы жұмыс барысымен таныстырып өтті. Сонымен қатар аппараттарға шолу жасадық.
06.10.2023
Практиканың екінші күні орталыққа кіру барысында талаптарға сәйкес арнайы медициналық бахила және бас киім(чепчик) киіп, орталыққа кірдік. Сабақ басталысымен Фармацевтикалық кәсіпорынның құрылымымен таныстық жүргіздік . Аппараттардың жұмыс істеу принціптерін көріп, өзімізге фармацевтика саласының тағы бір жаңа құрылғыларының бағытымен таныстық. Бұл сабақта өндірістегі еңбек қауіпсіздігі туралы таныстық. ҚР-ның еңбек кодексі, еңбекті қорғау, еңбек міндеттері, нормативтер, мониторинг жайлы айтты. Фармацевт қызметкерлерінің еңбекті қорғау мазмұны бойынша ақпараттармен бөлісіп, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі бойынша пікірталас өткіздік. Ғылыми-зерттеу бөлімінің және сапаны бақылау бөлімінің жұмысымен танысып, шолу жасадық
13.10.2023
Орталыққа кіру барысында талаптарға сәйкес арнайы медициналық бахила және бас киім(чепчик) киіп, орталыққа кірдік. Бұл сабақта тақырып бойынша қатты дәрілік заттардың өндірісімен танысу бойынша баяндамалар жасадық. Қатты дәрілік заттардың қолданылуы аясымен танысып , қатты дәрілік заттардың дайындалуы бойынша арнайы аппараттарды талқыладық. Қатты дәрілік заттардың дайындалуы мен қолданылуы бойынша топ ішінде пікірталастар мен шағын ғылыми-зерттеу жұмысын жүргіздік .
20.10.2023
Орталыққа кіру барысында талаптарға сәйкес арнайы медициналық бахила және бас киім(чепчик) киіп, орталыққа кірдік. Бұл сабақта тақырып бойынша сұйық дәрілік препараттар өндірісімен таныстық. Сұйық дәрілік заттардың қазіргі дәрілік препарттар арасында алатын орны мен маңыздылығын талқылап топ арасында баяндама, слайд жасадық. Сабақ барысында бізге сұйық дәрілік заттардың адам органзіміне әсер етуі мен ену жолын толық түсіндірді. Бұл препараттарға қандай дәрілердің жататынын түсіндірді және олардың дайындалатынын айта отыра ҚР аумағындағы дәрілік заттарды кеңінен өндіретін фармацевтикалық фабрикаларға тоқтала кетті. Сабағымызды жауапты мұғалімге кері байланыс беру арқылы аяқтадық
27.10.2023
Орталыққа кіру барысында талаптарға сәйкес арнайы медициналық бахила және бас киім(чепчик) киіп, орталыққа кірдік. Бұл сабақта тақырып бойынша жұмасақ дәрілік заттармен таныстық.
Жұмсақ дәрілік формалардың негізгі түрлері:
Жақпа.
Гельдер.
Желе.
Кремдер.
Линименттер.
Пасталар.
Патчтарға толық анықтама беріп ,күнделікті өмірде қолданысын айттық. Жұмсақ дәрілік заттардың дайындау құрылғыларын бізге көрсетіп, жұмыс істеу принципімен таныстырды. Жұмсақ дәрілік заттардың түрлеріне анықтама беріп, сыртқы қолданыс орындарына әсер ету физиологиясына тоқтала кеттік. ҚР аумағындағы ең ірі фармацевтикалық фирмалармен танысып, олардың негізгі жұмыс жоспарымен таныстық. Жауапты мұғалім бізге қазіргі таңда ең маңызды фармацевтикалық дәрілер мен олардық әсерін түсіндіре кетті. Сабағымыз қысқа пікірталаспен аяқталды.