«Антибиотик» сөзі грек тілінен аударғанда «autі» — қарсы және«bіos» — тіршілік дегенді білдіреді. Антибиотиктер микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін өсімдіктер мен жануарлар жасушасынан алынған органикалық зат. Олар әртүрлі бактерияларға байланысты туындаған инфекцияларды емдеу кезінде қолданылады және адамның барлық ағзаларына күшті әсерін тигізеді. Әсіресе, ауыр инфекциялық аурулардан зардап шеккендер осы дәрі түрі арқылы ғана сауыға алады. Алайда, бұл кез келген сырқатты жазуға көмектеседі дегенді білдірмейді. Бірақ бүгінде ауырғанның бәрі антибиотиктің көмегіне жүгінетін болды. Ал дәріні жүйесіз қолдану денсаулыққа қауіп төндіретіні анық.