Қалып және тұрық қоспасының қандай қасиеттері болуы тиіс?
Қабықтық пошымда құю қалай жүргізіледі?
Кокиль деген не?
Ортадан тепкіш құю қалай жүргізіледі?
Дәріс № 8. Металдарды қысыммен өңдеу. Өңдеу алдында металды қыздыру. МҚӨ түрлері. Металдарды қысым арқылы өңдеудің келесі негізгі түрлері бар:
Прокаттау (илемдеу);
созу (волочение);
престеу;
еркін соғу;
суық және ыстық күйде штамптау.
Қысым арқылы өңдеуде металдың беріктік, пластикалық қасиеттерін пайдаланады. Беріктік дегеніміз металдың бүлінбестен, түсірілген күшке қарсы әсер ете білуі, ал пластикалық қасиеті дегеніміз түсірілген күштің әсерінен металдың суық немесе ыстық күиінде өз қалыпын өзгертіп, күштің әсері жойылғаннан кейін өзгерген қалапын сақтап қалуы. Температура жоғарылған сайын металдардың беріктік қасиеті төмендеп пластикалық қасиеті артады.
Металдың жоғары температурадағы пластикалық қасиетін оның соғылғыштығы деп атайды. Кейбір металдардың пластикалық қасиеттері төменгі температурада қанағатанарлық болғандықтан, ондай металдарды суық күйінде өңдейді.
Металдарды қысым арқылы өңдеу, олардың пластикалық қасиеттерінің температураға байланысты өзгеруіне қарай, ыстықтай және суық күйде өңдеу болып екіге бөлінеді. Суық күйде өңделген металдың беткі қабаты нығайып, беріктік, қаттылық, аққыштық шектері артып, тұтқырлығы, салыстырмалы ұзаруы және көлденең қимасының жіңішкеруі кемиді.
Ыстық күйде өңделген металдың структурасы майдаланып, кристалдық тордағы атомдардың өзара тартылыс күштері артады да, қайта кристалданады. Егер металл қайта кристалданбай, нығайып, деформация күші жойылғаннан кейін оның структурасы нығайған металдың структурасындай болса, онда металл суық деформациямен өңделген болып есептеледі.
Егер металл қысым арқылы өңдеу процесінде толық қайта кристалданып, онда нығаю белгісі қалмаса, металл ыстық деформациямен өңделген болып есептеледі.
Металдың беріктік, қаттылық қасиеттерін нашарлатып, деформациялық қасиетін жақсарту үшін оларды қысым арқылы өңдеуден бұрын қыздырады.
Прокаттау Металды прокат әдісімен өңдегенде оны қарама-қарсы бағытта айналып тұрған екі біліктің арасына еңгізіп қысады. Нәтижеде металл жұқарып, оның ені мен ұзындығы артады.
Прокаттау процесінде металдың соңғы ұзындығы бастапқы ұзындығынан неше есе артық болса, бастапқы көлденең қимасының ауданы соңғы көлденең қимасының ауданынан сонша есе артық болады.
Прокат процесінде прокатталған металл мен біліктердің бетіне үйкеліс пайда болады.
Үйкеліс күшінің шамасы иілу бұрышына байланысты. Үйкеліс күші мен үйкеліс коэффициентін арттыру үшін кейде прокат стандарын біліктерінің бетіне әр түрлі өрнектер салады. ИІлу бұрышының шамасы металдарды суық күйде прокаттағанда 3-80, ыстық күйде прокаттағанда 15-220, біліктің беті өрнектеліп, ыстық күйде прокаттағанда 27-340-қа жетеді.
Прокаттау процесі металл кесектерін прокаттауға дайындау, металл кесектерін қыздыру, прокатталған металды суыту, прокатталған бұйымдардың кем-кетігін түзету сияқты кезеңдерден тұрады.