Дәріс № Конструкторлық материалдар және оның жіктелуі. Материалдардың негізгі технологиялық, механикалық және эксплуатациялық қасиеттері



бет41/46
Дата15.04.2023
өлшемі1,33 Mb.
#82917
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Байланысты:
Д ріс № Конструкторлы материалдар ж не оны жіктелуі. Материалд

Техникалық мыс
Мыстың негiзгi қоспалары : Bi, Sb, Pb, S, О. Таза мыстың маркілері мынандай: МОО, МО, МОб, М1б, М1, М1р, М2, М2р, М3, М3р , мұнда: б – оттегiсiз мыс, ал р – тотықтанғанмыс. МОО құрамында 99, 99 % Сu; ал М3 – 99,50%Сu; М1, М2, М3 маркілерінда оттегінiң пайыздық мөлшерi 0,05… 0,8%.

Мыс негiзiндегi қорытындыларды классификациясы


Мыстағы кеңiнен тараған легірлеуші элементтер – Zn, Al, Sn, Fe, Si, Mn, Be, Ni. Олар мыстың берiктiк қасиетiн жоғарлатады. Өте қатаюға әсерiн Si және Al тигiзедi. Мыстың пластикалылығын Al, Fе, Si – мен легiрлегенде бiрнеше концентрацияға дейiн арттырып, содан кейiн жылдам төмендеткенде пайда болады. Мырыш пен марганец – пластикалылығына әсер етедi.
Мысты қорытпалар деформацияланатын, құйма, термиялық қатаятын және термиялық қатаймайтын болып бөлiнедi. Оларды жездер, қолалар, мыс – никельдi қорытпалар деп те бөледi. Мыстың пайдалы қасиеттерін (жоғары жылу және электр өткізгіштігін, коррозияға төзімділігін) сақтай отырып, мыс қорытпалары жақсы механикалық, техникалық және антифрикциялық қасиеттерге ие болады.
Жез деп – мыс пен мырыштың қорытпасын айтады. Олар қос және көп компонентті болады. Қос жез Л (жез) әрпімен және мыстың орташа мөлшерін пайызбен көрсететін цифрмен маркаланады. Құрамында 90%-дан аса мысы болатын жез томпақ (Л90) деп, ал 80-90% Cu кезіндегісі жартылай томпақ (Л80, Л90) деп аталады. Легирленген жез маркалаында мыстың мөлшерін көрсететін цифрдан басқа, легирлеуші элементтердің атауын белгілейтін әріптер мен мөлшерін процентпен көрсететін цифрлар беріледі. Мысалы,
ЛАН 59-3-2 маркасында 59% Cu, 3% Al, 2% Ni болады.
Жез. Cu-Zn күйі диаграммасына (сурет) сәйкес мыс пен мырыш концентрациясы жоғары болатын қатты ерітінді түзеді. Мырыштың мыстағы шектік ерігіштігі 39 % болады.
Мырыштың мөлшері көп болғанда кристалдық торының көлемі центленген куб болатын CuZn (-фаза) электрондық қосылысы түзіледі. 454-4680С температураларында реттелген CuZn (-фаза) электрондық қосылысының реттелуі басталады. Тепе-теңдік күйінен айырмашылығы сол, іс жүзінде -фаза (құрамында шамамен 30% мырыш болатын) жез құрылымында пайда болады. Құрылымының өзгеруіне сәйкес жездің механикалық қасиеттеріде өзгереді. Жездің құрылымы -қатты ерітіндісінің құрылымындай болғанда, мырыш мөлшерінің көбеюі оның беріктігі мен платикалығының артуын тудырады. -фазаның пайда болуы жез платикалылығының шұғыл төмендеуімен қоса жүреді де, жез әлі де болса екі фаза күйінде болғанда, жездің беріктігі мырышты 45%-ке арттырғанға дейін жоғарылай береді. Жез -фазақұрылымы бойынша бір фазалық күйге көшкенде жездің беріктігі шұғыл төмендейді. Кейбір өнеркәсіпте қолданылатын жездің химиялық құрамы мен оның механикалық қасиеттері келтірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет