Дәріс № Конструкторлық материалдар және оның жіктелуі. Материалдардың негізгі технологиялық, механикалық және эксплуатациялық қасиеттері


Мартен пешінің құрылысы мен жұмыс істеу принципі



бет18/70
Дата24.02.2022
өлшемі1,33 Mb.
#26306
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   70
Мартен пешінің құрылысы мен жұмыс істеу принципі

Газбен жұмыс істейтін мартен пешінің нобайы 3.2-суретте көрсетілген.



3.2-сурет. Мартен пешінің құрылысы


Пештің жұмыстық немесе балқыту кеңістігі көлденең соғылған кең үңгірден тұрады да төменгі жағы астау құрамдас. Жұмыс кеңістігі оның күмбезі /I/ мен ұлтаны /П/, алдыңғы және артқы қабырғаларымен, бүркеншіктерімен /3/ айнала қоршалған. Пештің алдыңғы жақ қабырғасында жапқышпен жабылатын шихта түсіруге, шойын құюға, процесті бақылауға және пробалар алуға арналған терезелер /2/ бар. Артқы кабырғасында болатты ағызатын науа бар. Пештің табаны болат ағатын жағына қарай қия жасалады. Пеш бүркеншіктерінде газ /немесе мұнай/ және ауа өтетін, әрі жану өнімдерін шығаратын симетриялық орналасқан 4 және 5 каналдары бар. Газ бен ауаны қыздыратын 6 және 7 регенератор саптамалары, оның төменгі жағы газ бен ауа жүретін және жану өнімдерін шығаратын 8,9 каналдармен байланысқан. Жанатын газ бен ыстық ауа қызып тұрған 6,7 регенераторлар арқылы пешке барады. Газ жанған да шихта мен пештің маңдайшасын қатты қыздырып шихтаны ерітеді. Жылжымалы клапанды /10/ мезгіл-мезгіл 30-40 минут сайын ашып жабу нәтижесінде газ бен ауаның және жану өнімдерінің қозғалу бағытын өзгертіп тұрады. Ауа мен газ бірде оң жақтағы бүркеншікте келсе, енді бірде сол жақтан енеді. Пешке енетін ауа мен газдың температурасы 1100-І200°С шамасында болып, пешті қыздырғанда температура 2000°С-қа жетеді.

Мартен пешінің жұмыстық кеңістігінде отын жанғанда оның түтіні бүркеншек, қож ұстауыш, регенератор саптамалары арқылы өтіп, оларды қыздырады. Онан соң түтін мұржа арқылы сыртқа шығады.

Пештің сыйымдылығына, корытылатын болаттың маркасына, шихтаның сапасына және басқа факторларға байланысты онда балқыту уақыты 3-тен 18 сағатқа дейін болады. Мартен пештерінің күрделілігі мен алынатын болаттың өзіндік құнының жоғарылығымен балқу уақытының ұзақтығын ескере келіп, соңғы жылдары ондай пештерді салу азайып келеді. Мартен пештерінің негізгі көрсеткіштері болып оның суткасына ұлтанының әрбір м2 аумағынан тонна есебімен алынатын болат мөлшері мен отын шығыны саналады. Сыйымдылығы 900 тонна пештердің жұмыстық ұлтан аумағы 115-120 м2. Орта есеппен суткасына бұл пештерде 9-І2 т/м2 болат өндірілсе, отын шығыны әрбір тонна болатқа шаққанда 100-200 кг.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет