Дәріс № Конструкторлық материалдар және оның жіктелуі. Материалдардың негізгі технологиялық, механикалық және эксплуатациялық қасиеттері



бет20/70
Дата24.02.2022
өлшемі1,33 Mb.
#26306
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   70
Бақылау сұрақтары

1. Шойынды балқыту кезінде қандай рудалар қолданылады?

2. Байыту деген не?

3. Агломерация деген не?

4. Шойын қандай пештерде қорытылады?

5. Шойынды болатқа айналдырудың мәні неде?

6. Болаттың тотығуы деген не?

7. Болатты балқыту процесі қалай жүреді?

8. Оттекті конвертер құрылысы туралы айтыңыз?

9. Болатты негізгі мартен пешінде скрап-кен процесімен балқыту неден тұрады?

10. Электрдоғалық пештерде болат қорытуда қандай негізгі технология қолданылады?



Дәріс №7. Құю өндірісі. Құйманы алу технологиясы. Құйманың түрлері. Металдар мен қорытпалардың құю қасиеттері.
Құю өндірісі қара және түсті металдар мен олардың қорытпаларын арнаулы қалыптарға құю құймалар алынады. Құйма жасау үшін балқытылған металл, ішкі кеңістігінің түрі жасалынатын бұйымның сыртқы түріне сәйкес етіп жасалған қалыпқа құйылады. Металл қалыпта тұрып суынғаннан кейін түрі қалыптың ішкі кеңістігіне ұқсас құймаға айналады. Құю өндірісінің негізгі технологиялық операциялары үлгі жабдықтары мен құю қалыптарын жасау, металл балқытау, қалыпқа балқытылған металды құю, құйманы қалыптан ажырату, тазарту, кесуден тұрады. Құю өндірісі б.э. 5000 жыл бұрын пайда болған. Қазіргі кезде құю өндірісінің өнімдері еліміздің халық шаруашылығының барлық тауарларында қолданылады. Өйткені құю арлықы детальдар жасау арзан, кейде деталь жасаудың бірден-бір жолы болып табылады. Машина детальдарының 40%-і құю әдісімен жасалды, ал кейбір машиналар үшін бұл көрсеткіш артады, яғнаи 80-90%-ке дейін барады.

Мысалы, су трубинасы детальдарының 95%-і универсал фрезер станоктары детальдарының 80%-і құю әдісімен жасалады. Құю әдісімен салмағы бірнеше граммнан жүздеген тоннаға дейін жететін әр түрі құймалар жасауға болады. Құйма өндірудің көлемі жағынан еліміз АҚШ-ты басып озып, дүние жүзі бойынша бірінші орынға шықты. Ерте заманда орыс халқынан көптеген құю өндірісінің шеберлері шығып, дүние жүзіп өз өнерлерімен таңқалдырған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет