Дәріс № Конструкторлық материалдар және оның жіктелуі. Материалдардың негізгі технологиялық, механикалық және эксплуатациялық қасиеттері



бет24/70
Дата24.02.2022
өлшемі1,33 Mb.
#26306
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   70
Қалып жасау Құю өндірісінің еңбек пен уақытты көп керек ететін операциялардың бірі - қалып жасау. Қалып жасауға құйма құюға кететін жұмыстың 40-60%-ы жұмсалады. Көптеген құю цехтарында осы күнге дейін қалып қолмен жасалады, ал ірі сериялы өнім шығаруда қалып машинамен жасалады. Қалып жасау үшін мынадай құрал-саймандар қолданылады: қол және пневматикалық таптағыш; жалпақ, фосонды тегістегіштер, күрек, қалыптан үлгіні алуға арналғанілгек; ланцет, қасық, елек, сызғыш т.б.

Құю өндірісінде қалыпты қолмен жасаудың мынадай әдістері қолданылады: опоакда, жерде үлгі бойынша қалып жасау. Опокада қалып жасау әдісі бөлшектклмейтін және бөлшектелетін үлгі бойынша екі опокада қалып жасау болып екі түрге бөлінеді.

Бөлшектелмейтін үлгі бойынша екі опокалы төмендегіше жасалады: үлгі плитаға үлгінің (4-сурет) тегіс бетін төмен қаратып қойып (1), оны опокамен жауып, қалыңдығы 15 мм-ге жеткенше үлгінің қаптау қоспасын сеуіп, опоакның қалған кеңістігін толтырғыш қалып қоспасымен толтырады. Опоканың ішндегі қалып қоспасын алдымен ұшы үшкір, сонан кейін жалпақ таптағыштармен таптайды.

Опоканы 1800-қа бұрып аударып, үстіне екінші опоканы,құю жүйесі мен ауа шығаруға және металдың қалыпқа толуын бақылауға арналған түтіктердің үлгілерін қойып, қалып қоспасымен толтырып, қоспаны таптайды (2, 3); құю жүйесі мен ауа шығаруға арналған түтік пен металдың қалыпқа толуын бақылауға арналған түтік үлгілерін қалыптан суырып алып, үстіңгі опоканы қалып қоспасымен бірге төменгі опокадан ажыратады. Астыңғы опокадағы үлгіні алу үшін оның шетін ылғалдап, үлгіні аздап шайқағаннан кейін ілгектің жәрдемімен оны опокадағы қалып қоспасынан суырып алады. Үлгінің астыңғы опокадағы орны құйылатын құманың қалыбы болып табылады (3, 4, 5). Үлгіні алғанда қалыптың бүлінген жерлерін түзетіп, құю жүйесі мен ауа шығатын түтік жолдарын қалып кеңістігімен қосады (6). Енді қалыптың екі беті кептіру шкафтарында құрғатылып, ауа ағынында үрленгеннен екйін қалыптың ішкі беті отқа төзімді сырмен сырланады. Сыр екпкен соң екі опоканы бір-бірімен беттестіре бекітіп, қалыпқа металл құяды.

Бөлшектелетін өзекшелі үлгі бойынша екі опокалы қалыпжасалады. Қалып жасаудың бұл әдісі подшипниктің корпусын құюға арналған қалыпты жасау процесімен түсіндіаейік.

Подшипник қалыбы бұл әдіспен былайша жасалады:



  • Плитаның үстіне үлгінің төменгі бөлігін қойып, оны төменгі опокамен жауып, опоканы қаптаушы, толтырушы қоспаларымен толтырады да қоспаны таптайды;

  • Төменгі опоканы 1800-қа бұрып, бетіне құм сеуіп, үлгінің үстіңгі бөлігін қойып, оны үстіңгі опокамен жабады;

  • құю жүйесі мен ауа щығаруға арналған түтіктің үлгілерін үстүңгі опокаға қойып, оны толтырғыш қалып қоспаларымен әдеттегідей таптайды;

  • құю жүйесі мен ауа шығатын түтік үлгілерін опокадан суырып алады, сонда олардың қалыптағы орны қалып кеңістігімен қосылады;

  • үстіңгі опоканы төменгі опокадан ажырытып алып, оны 1800-қа бұрып, төменгі опоканың қасына қояды да, көлденең құю каналын жасайды. Ілгектің жәрдемімен үстіңгі және төменгі опокалардағы үлгінің бөліктерін алып, қалыптың бүлінген жерлерін түзетеді. Енді қалыпты екптіру пештеріне салып кептіреді. Қалып кепкеннен кейін оны отқа төзімді сырмен сырлап, оның тиістіжеріне өзекшені қояды да екі опоканы бірктіркді, бекітілгеннен кейін қалып металл құюға даяр болады.

Қалып қоспасы құрамына және қолданылуына қарай қаптаушы, толықтырғыш және “біріңғай” қоспа болып үш түрге бөлінеді. Қаптаушы қоспаны жаңа сапалы қалып қоспасын жасайды, ол жақтаудың негізгі құймамен жанасып тұрады. Қаптаушы қоспаны қалыңдығын 15-20 мм етіп жақтаудағы үлгінің үстіне себеді.

Толықтырғыш қоспаның сапасы қаптауыш қоспаның қарағанда төмен болады, оны жақтауды бос кеңістігін толтыру үшін қолданады. Әдетте қалып қоспасы 12-20% қаптаушы қоспадан және толықтырғыш қоспадан тұрады. “Бірыңғай” қоспа майда және орташа құмалар құю өндірісінде және мәшинемен қалып жасауда пайдаланылады.

Қалыптың сапасы қалып қоспасының мынадай қасиеттеріне байланысты:


  • пластикалығы, яғни қалып қоспасының үлгі түрін қабылдағыштығы;

  • беріктігі, яғни қалыптыңсырттан әсер еткен күштер мен балқытылған металдың статиаклық, динамикалық күштеріне бүлінбестен, қарсы тұру қасиеті;

  • газ өтімділігі , яғни қалыптың сұйық металл құйғанда пайда болған газдарды сыртқа шығару қасиеті;

  • отқа төзімділігі, яғни балқытылған металды құйғанда қалыптың балқымау, күймеу, құйманың бетіне жабыспау қасиетіне;

  • пайдаланылуының ұзақтығы яғни пайдалануда болған қалып қоспасынан қалып жасағанда оның бастапқы қасиеттерін сақтауына.

Қалып қоспасының жоғарыдағы қасиеттері қоспа құрамындағы балшықтың ылғалдылығы мен мөлшеріне, құм түйіршектерінің мөлшеріне қарай, химиялық, минералогиялық құрамына қарай анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет