Дәріс № Конструкторлық материалдар және оның жіктелуі. Материалдардың негізгі технологиялық, механикалық және эксплуатациялық қасиеттері



бет26/70
Дата24.02.2022
өлшемі1,33 Mb.
#26306
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   70
Байланысты:
консмат лекция

Металл қалыпқа құю. Құю өндірісінің бұл әдісінде балқытылған металл ішкі кеңістігінің түрі құйылатын құйманың сыртқы бетінің түріне ұқсас, кокиль деп аталатын, металдан жасалған қалыпқа құйылады (4.1-сурет). Металл қалып шойын, болат немесе түсті металдар мен олардың құймаларынан жасалуы мүмкін. Металл қалыптар оның материалының түріне байланысты 20-дан 500 ретке дейін құйма құюға жарайды. Бұл қалыптарға құйылған құйма үлкен жылдамдықпен суынатын болғандықтан, құйманың структурасы майдаланып, механикалық қасиеттері артады.

Кокильді құю әдісінің мынадай артықшылықтары бар:



  • еңбек өнімділігінің жоғары болуы;

  • құйма өлшемдерінің дәлдігі жоғары болғандықтан, механикалық өңдеуге қалдыратын запасы мөлшерінің аз болуы;

  • құйманың суыну жылдамдығы жоғары болғандықтан, оның сапасының артық болуы;

  • құю жүйесіне жұмсалатын металл шығынының аз болуы;

  • қалып, өзекше қоспалары мен оларды дайындайтын машиналарды керек етпейтіндігі;

  • қалыптың құйманың бетіне күйіп жабысуы, құйманың металл емес заттармен былғануы азаятындығы;

  • құйылған құйманың өзіндік құнының арзан болуы;

  • құю өндірісінің тазалығын арттыруға мүмкіндік беретіндігі.

  • Металл қалыптарға құю әдісінің негізгі кемшілігі- қалыптың бағасының қымбаттығы мен шойыннан құйылған құйманың ағарып кететіндігі.

7.1-сурет. Металл қалып: 1-орталық өзек, 2-итергіш.


Қысыммен құю. Құю өндірісінің бұл әдісінде балқытылған, кейде шала балқытылған (температурасы ликвидус сызығынан шамалы төмен ) металды белгілі қысыммен (39, 2-98 Мн/м²) (400-100 атм) ауа немесе металдан жасалған поршень арқылы металл қалыпқа құяды. Құюдың бұл әдісімен жұқа қабырғалы (1-3мм), бүйір бетінің тазалығы жоғары, өлшемдерінің дәлдігі 0,3÷0,08мм, жазуы бар күрделі құймалар құяды. Мұндай жолмен құйылған құймалар кейде одан ары өңделмейді.Бұл әдіспен болат, мыс, алюминий, магнийден және олардың қоспаларынан құйма құйылады.

Қысым арқылы құю машиналары металға қысым түсіру әдісіне байланысты поршеньді және компрессорлы машиналар болып екіге бөлінеді.

Түсті металдан майда құймалар құюда қолмен жұмыс істейтін ыстық камералы поршеньді машиналар қолданылады. 4.2-суретте балқу температурасы 450°С-қа дейін баратын металдарды құятын ыстық камералы поршеньді машинаның схемасы көрсетілген.

Машинаны іске қосатын тұтқаны бұрағанда қалыптың екі бөлігі автоматты түрде бірігіп, штуцері қалыптың тесігіне енеді де, қалып металмен толтырылады. Поршень жоғары көтерілгенде, қалып ашылып, құйылған құйма жерге түседі. Қалыпты ауамен суытып, процесті қайталайды. Поршеньнің металға түсіретін қысымы 588-2450кн/м² (6-25атм)-ге дейін жетеді. Автоматтандыру дәрежесіне қарай машинаның өнімділігін сағатына 1000 құймаға дейін жетеді.








7.2-сурет Қысым арқылы құятын камералы поршеньді машинаның схемасы:

1-балқыған металл, 2-поршень, 3- қалып, 4- қалып толтырушы металл.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет