Дәріс № Конструкторлық материалдар және оның жіктелуі. Материалдардың негізгі технологиялық, механикалық және эксплуатациялық қасиеттері



бет27/70
Дата24.02.2022
өлшемі1,33 Mb.
#26306
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   70
Байланысты:
консмат лекция

Центрден тепкіш машинамен құю

Құю өндірісінің бұл әдісі цилиндр тәрізді құймалар құюда қолданылады. Центрден тепкіш машинаның белгілі жылдамдықпен айналатын қалыбына құйылған металл, центрден тепкіш күштің әсерімен, қалыптың қабырғасына қарай ағып құйылады, суынғанда формасы қалыптың ішкі бетіне ұқсас құйма пайда болады. Центрден тепкіш күш құйманың түзілуіне ғана әсерін тигізіп қана қоймай, оның кристалдану процесіне де әсер етеді. Центрден тепкіш машинаның қалыбы металл немесе металл емес заттардан жасалады.



7.3-сурет. Компрессорлық құю машинасының схемасы:

1-қалып, 2- мундштук, 3- сопло, 4- ауа клапаны, 5- қысу камерасы, 6 – шойын қазан (котел).

Қалып осінің айналу бағытына байланысты центрден тепкіш машиналар тік, көлденең және көлбеу ості машиналар болып үш топқа бөлінеді.

Центрден тепкіш машинамен құю әдісінің мынадай артықшылықтары бар:


  • құйма сапасының жоғары болуы;

  • металл шығынының аз болуы;

  • өзекшені керек етпейтіндігі;

  • құйманың өзіндік құнын 20-40%-ке дейін арзандатуға мүмкіндік беретіндігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет