Дәріс № Конструкторлық материалдар және оның жіктелуі. Материалдардың негізгі технологиялық, механикалық және эксплуатациялық қасиеттері


Еркін соғу үрдісінің негізгі түрлері



бет37/70
Дата24.02.2022
өлшемі1,33 Mb.
#26306
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   70
Еркін соғу үрдісінің негізгі түрлері

Отырғызу (осадка); шеңбер бойлау созу (раскатка); тесу (прошивка); созу (протяжка); кесу (рубка); ию.

Отырғызу деп металдың көлденең қимасының ауданын артыруды атайды. Отырғызу арқылы өңделінетін металдың биіктігі оның диаметрінен немесе енінен 1,5-2,8 еседен артық болмауы шарт. Бұл шарт орындалмай биіктігі енінен тым артық болса, өңделу процесінде метал майысып кетеді.

Шеңбер бойлай созу дегеніміз темір тесігінің диаметрін ұлғайту. Темірдің тесігін ұлғайту үшін оны цилиндр тәрізді валға кигізіп, шеңбер бойлай үстіңгі жағынан балғамен соғады. Нәтижеде металл созылып, тесіктің диаметрі кениді.

Тесу дегеніміз пуансон деп аталатын тескіш құралдың жәрдемімен металды тесу. Тесу үшін металдың астына, тесігінің диаметрі тесілетін металдың диаметрімен шамалас, астарлық сақина қойылады.

Созу дегеніміз металдың көлденең қимасының ауданын азайтып, ұзындығын арттыру. Созу процесі жалпақ немесе фигуралы соққыштардың жәрдемімен орындалады.

Кесу дегеніміз металды арнаулы кескіш құралдың жәрдемімен бірден көп біліктерге бөлу. Кесу процесінде кескіш құрал ретінде тура, радиалды балғалар қолданылады.

Штамптау

Ағуы штамптың қабырғаларымен шектелген металға динамикалық күшпен әсер ету арқылы бөлшектер жасау процесін штамптау деп атайды. Артықшылықтары: жұмыс өнімділігі өте жоғары, өндірілген бұйымның дәлділігі жоғары металл шығыны аз болады. Кемшілігі: штамптың өзіндік құнының қымбаттылығы.

Өнделінетін металдың күйіне байланысты: ыстық күйде көлемділік штамптау, суық күйде көлемділік штамптау; темір табақтарын штамптау болып үш түрге бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет