Дәріс № Конструкторлық материалдар және оның жіктелуі. Материалдардың негізгі технологиялық, механикалық және эксплуатациялық қасиеттері


Металл кесетін станоктардың жіктелуі



бет44/70
Дата24.02.2022
өлшемі1,33 Mb.
#26306
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   70
Металл кесетін станоктардың жіктелуі

  Қазіргі металл кесетін станоктар әр түрлі белгілері бойынша топтарға бөлінеді: 



  • қызметі бойынша - токарь, тескіш, фрезер, сүргілеу және ажарлау станоктар тобына; 

  • тартып өңдейтін, арнайы (бұранда өңдеуші т.б.); 

  • агрегаттық немесе мамандандырылған және басқадай (центрлеуші, арамен кесуші т.б.);

  • автоматтандыру дәрежесі бойынша - автомат-станоктар, жартылай автоматтар, бағдарламамен басқарылатын, автоматтандырылған станоктар желілері т.с.с:

  • өңделетін бөлшектер өлшемдерінің дәлдік дәрежесі бойынша - кәдімгі дәлдікті және жоғары дәлдікті станоктар (прецизиондық);

  • өңделетін беттердің тазалығы дәрежесі бойынша - сыдырушы және тазалаушы;

  • конструкциялық белгілері бойынша (шпиндельдердің орналасуына байланысты) - көлбеу-фрезерлеуші, вертикаль-фрезерлеуші, вертикаль -бұрғылаушы және т.с.с.

Әр топтың станоктары конструкциялық және технологиялық ерекшеліктеріне, мамандандырылу дәрежесіне т.с.с. сәйкес жартылай топқа (түрге) және үлгілерге бөлінеді.

Станоктың үлгісі сәйкестелген нөмірмен белгіленеді. Станок жасау зауыттары негізінен үш немесе төрт санды нөмірлермен пайдаланады, олар бойынша бірінші сан станоктың тобын анықтайды, екінші - сол топтың ішінде жартылай тобын (түрін, үлгісін), үшінші (немесе төрт санды белгіде - үшінші мен төртінші сандар) шартты түрде станоктың, негізгі технологиялық ерекшеліктерінен (мысалы, станоктағы өңделетін бөлшектің ең үлкен диаметрін, үстелінің өлшемін т.с.с.). Бірінші саннан кейін жазылған әріп станоктың модернизациясын көрсетеді. Мысалы, токарь тобы станоктары үшін бірінші сан І, ал екіншісі: 1 және 2 - автоматтар мен жартылай автоматтар, 3-револьверлі, 6-токарь-бұрандаушы т.с.с.

Бұрғылау тобы станоктары үшін бірінші сан 2, ал екінші сан: 1-тік бұрғылаушы, 4-координатты-жонушы, 6-радиальды-бұрғылаушы т.с.с.

Ажарлау тобы станоктары үшін бірінші сан 3, ал екінші: 1-дөңгелектеп ажарлаушы, 2-іштен ажарлаушы, 7-жазықтай ажарлаушы т.с.с.

Фрезерлеу тобы станоктары үшін бірінші сан 6, ал екінші: 1-тік фрезерлеуші, 7-кең әмбебапты, 8-көлбеу-фрезерлеу консольды және т.б.

Сүргілеуші тобы станоктары үшін бірінші сан 7, ал екіншісі: 1-бойлық бір тіреуішті, 2-бойлық екі тіреуішті, 3-кесе көлденең сүргілеуші, 4-үңгілеуші (қашаушы) т.с.с

Сонымен 1620 үлгілі станок - токарлық бұрандалаушы станок, орта (центр) биіктігі 200 мм; 2150 үлгілі станок - тік бұрғылаушы станок, бұрғысының ең үлкен диаметрі 50 мм; 2Н150 станогы - алдыңғыдай станок, бірақ модернизацияланған; 3740 -жазықтай ажарлаушы, дөңгелек үстелінің диаметрі 400 мм.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет