Жентектелген алюминий опасынан (САП)жасалған материал қасиеттерінің жоғары беріктігімен, қызуға беріктігімен, коррозияға төзімділігімен және термиялық тұрақтылығымен сипатталады.
Жентектелегн алюминий опалары алюминий мен алюминий тотықтарынан тұрады. САП-ты бетіндегі алюминийі тотыққан опадан оны брикеттеу, жентектеу және престеу арқылы алады.
Опаны алу кезіндегі бастапқы материал ретінде ұнтақ – пульверизат қолданылады, ол балқытылған алюминийді тозаңдату арқылы жасалады. Ұнтақ 2-3% оттек және 0,25-1,2% стеарин қышқылы үстеп қосылған азот атмосферасында шар диірменінде ұнтақталады.
САП-ның құрылымы – дисперсті Al2O3 кірмелерінің бір қалыпты таралатын алюминий негізгі болып табылады. САП-ның аса беріктігі тотық фазасының көп дисперстігімен, оның бөлшектерінің арасындағы қашықтығының аздығымен, сондай-ақ алюминий матрицасы мен Al2O3 арасындағы когеренттік байланыстың болатындығымен түсіндіріледі. САП-ның алюминийде ерімейтіндігі және жұқа дисперсті Al2O3 бөлшектерінің алюминий матрицасы арқылы коагуляцияға бейімділігінің жоқ болуы оның 5000С-қа дейінгі температурадағы құрылымының тұрақтылығы мен аса беріктігін қамтамасыз етеді.