Прокаттау
Металды прокат әдісімен өңдегенде оны қарама-қарсы бағытта айналып тұрған екі біліктің арасына еңгізіп қысады. Нәтижеде металл жұқарып, оның ені мен ұзындығы артады.
Прокаттау процесінде металдың соңғы ұзындығы бастапқы ұзындығынан неше есе артық болса, бастапқы көлденең қимасының ауданы соңғы көлденең қимасының ауданынан сонша есе артық болады.
Прокат процесінде прокатталған металл мен біліктердің бетіне үйкеліс пайда болады.
Үйкеліс күшінің шамасы иілу бұрышына байланысты. Үйкеліс күші мен үйкеліс коэффициентін арттыру үшін кейде прокат стандарын біліктерінің бетіне әр түрлі өрнектер салады. ИІлу бұрышының шамасы металдарды суық күйде прокаттағанда 3-80, ыстық күйде прокаттағанда 15-220, біліктің беті өрнектеліп, ыстық күйде прокаттағанда 27-340-қа жетеді.
Прокаттау процесі металл кесектерін прокаттауға дайындау, металл кесектерін қыздыру, прокатталған металды суыту, прокатталған бұйымдардың кем-кетігін түзету сияқты кезеңдерден тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |