Дәріс № Конструкторлық материалдар және оның жіктелуі. Материалдардың негізгі технологиялық, механикалық және эксплуатациялық қасиеттері



бет41/70
Дата24.02.2022
өлшемі1,33 Mb.
#26306
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   70
Байланысты:
консмат лекция

Жоңқалардың пайда болу процесі


2- сурет. Жоңқа түзілу процесі

1 — дайындама; 2 — жоңқалар элементтері; 3 — кескіш
Өңделетін материалдың химиялық құрамына, структуралық күйі мен механикалық қасиеттеріне, кесілген қабаттың қалыңдығына, аспаптық алдыңғы бұрышына, кесу жылдамдығына және т.б. факторларға байланысты жоңқалар әртүрлі пішін мен түрге ие болады.

И. А. Тиме жоңқаның барлық түрлерін сыртқы түрі мен құрлысы бойынша үш негізгі түрге бөлді. Олар: ығысу жоңқасы, оралма жоңқа және опырылма жоңқа.

Оралма жоңқа — үздіксіз лента сияқты спираль. Ол түзілгенде жылдамдықтың нәтижесінде металл кескіштің алдыңғы бетінен «аққан» сияқты болып көрінеді. Мұндай жоңқа төмен көмертекті болаттарды, мыс, алюминий, қорғасын сияқты пластикалық қасиеті жоғары металдар мен қорытпаларды аз беріліспен, жоғары жылдамдықпен және алдыңғы бұрышының мәні үлкен кескіштермен өңдеген кезде түзіледі. Жоңқаның өңделген беті тегіс болып, жылтырап тұрады, ал жоңқа металдан үздіксіз спираль түрінде бөлінеді.

Ығысу жоңқасы өз алдына жеке-жеке элементтерден тұрады. Мұндай жоңқа мол көміртекті болаттарды орташа жылдамдықпен, үлкен беріліспен және алдыңғы бұрышының шамасы аз кескіштермен өңдегенде түзіледі. Ығысу жоңқасының астыңғы жағы тегіс болады, ал үстіңгі жағы кетіктеніп келген, бір бірімен тығыз байланысқан жеке элементтерден тұрады.

Опырылу жоңқасы әр түрлі формалы ұсақ металл түйіршіктерінен тұрады. Мұндай жоңқа шойын, қола сияқты морттық қасиеті жоғары металдар мен қорытпаларды өңдегенде түзіледі.

Өңделетін материалдың қасиеттеріне және кесу шарттарына байланысты жоңқаның 3 түрі түзіледі: иірмелі, буынды және жарықшақ жоңқасы.




3-сурет. Жоңқа түрлері

а — опырмалы; б — сатылы; в — жарықшақ; г,д – иірмелі
Иірмелі жоңқа — кесу жылдамдықтары үлкен және кесілетін қабаттың қалыңдығы аз илемді металдар мен қорытпаларды (аз көміртекті болатты, мысты, алюминийді және т.с.с.) кесу кезінде пайда болады. Ол тегіс ішкі (кескіш жанындағы) қабырғасы бар тұтас таспаны білдіреді. Оның сыртқы қабырғасында ара тәрізді әлсіз кетіктер көрініп тұрады. Жоңқаның бетінде оның элементтері арасында шекаралар көрінбейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет