Мыс негiзiндегi қорытындыларды классификациясы
Мыстағы кеңiнен тараған легірлеуші элементтер – Zn, Al, Sn, Fe, Si, Mn, Be, Ni. Олар мыстың берiктiк қасиетiн жоғарлатады. Өте қатаюға әсерiн Si және Al тигiзедi. Мыстың пластикалылығын Al, Fе, Si – мен легiрлегенде бiрнеше концентрацияға дейiн арттырып, содан кейiн жылдам төмендеткенде пайда болады. Мырыш пен марганец – пластикалылығына әсер етедi.
Мысты қорытпалар деформацияланатын, құйма, термиялық қатаятын және термиялық қатаймайтын болып бөлiнедi. Оларды жездер, қолалар, мыс – никельдi қорытпалар деп те бөледi. Мыстың пайдалы қасиеттерін (жоғары жылу және электр өткізгіштігін, коррозияға төзімділігін) сақтай отырып, мыс қорытпалары жақсы механикалық, техникалық және антифрикциялық қасиеттерге ие болады.
Жез деп – мыс пен мырыштың қорытпасын айтады. Олар қос және көп компонентті болады. Қос жез Л (жез) әрпімен және мыстың орташа мөлшерін пайызбен көрсететін цифрмен маркаланады. Құрамында 90%-дан аса мысы болатын жез томпақ (Л90) деп, ал 80-90% Cu кезіндегісі жартылай томпақ (Л80, Л90) деп аталады. Легирленген жез маркалаында мыстың мөлшерін көрсететін цифрдан басқа, легирлеуші элементтердің атауын белгілейтін әріптер мен мөлшерін процентпен көрсететін цифрлар беріледі. Мысалы,
ЛАН 59-3-2 маркасында 59% Cu, 3% Al, 2% Ni болады.
Жез. Cu-Zn күйі диаграммасына (сурет) сәйкес мыс пен мырыш концентрациясы жоғары болатын қатты ерітінді түзеді. Мырыштың мыстағы шектік ерігіштігі 39 % болады.
Мырыштың мөлшері көп болғанда кристалдық торының көлемі центленген куб болатын CuZn (-фаза) электрондық қосылысы түзіледі. 454-4680С температураларында реттелген CuZn (-фаза) электрондық қосылысының реттелуі басталады. Тепе-теңдік күйінен айырмашылығы сол, іс жүзінде -фаза (құрамында шамамен 30% мырыш болатын) жез құрылымында пайда болады. Құрылымының өзгеруіне сәйкес жездің механикалық қасиеттеріде өзгереді. Жездің құрылымы -қатты ерітіндісінің құрылымындай болғанда, мырыш мөлшерінің көбеюі оның беріктігі мен платикалығының артуын тудырады. -фазаның пайда болуы жез платикалылығының шұғыл төмендеуімен қоса жүреді де, жез әлі де болса екі фаза күйінде болғанда, жездің беріктігі мырышты 45%-ке арттырғанға дейін жоғарылай береді. Жез -фазақұрылымы бойынша бір фазалық күйге көшкенде жездің беріктігі шұғыл төмендейді. Кейбір өнеркәсіпте қолданылатын жездің химиялық құрамы мен оның механикалық қасиеттері келтірілген.
Қола дегеніміз – мыстың мырыштан өзге барлық элементтермен қосылған қорытпасы. Қоланың атауы негізгі легирлеуші элементтер бойынша беріледі. Сонымен оны қалайылы, алюминийлі, берилийлі, кремнийлі және басқа қолаларға бөледі. Қола Бр (қола) әріптерімен маркаланады, оның соңынан әріптер, сонан кейін легирлеуші элементердің атауын және процент есебімен мөлшерін белгілейтін цифрлар жазылады. Мысалы, БР ОЦС 6-6-3 маркасында 6%Sn, 6%Zn, 3%P болады. Мыс пен никель қорытпаларының да басқа атаулары болады: мельхиорлар, куниальдар, нейзильберлер.
Қалайылы қола аса қаттылық пен морт сынғыштыққа ие. Қола құрылымындағы -фазаның пайда болуы оның тұтқырлығы мен платикалылығының шұғыл төмендеуіне әкеп соқтырады.
Сондықтан, қалайының мөлшерін одан әрі қарай 25%-ке дейін арттырғанда, қола беріктігінің артуына қарамастан, құрамында тек 14%-ке дейін ғана Sn болатын қоланың практикалық маңызыелеулі болады. Қосарланған қалайылы қола қымбат болғандықтан сирек қолданылады.
Қалайылы қоспаны арзандату мақсатымен, стандартталған құйылатын қоладағы қалайының мөлшері 3-6% Sn-нен аспайтын болады. Zn және Pb-нің көп мөлшері қоланың сұйықтай аққыштығын арттырады, құйманың тығыздығын, антифрикциялық қасиеттерін және кесу арқылы өңделуін жақсартады. Қалайылы қоланың құрылымы, мыста ерімейтін қорғасынның жұмсақ кірмелері болуының салдарынан, антифрикциялық қорытпалардың құрылымына қойылатын талаптарды толық қанағаттандырады.
Достарыңызбен бөлісу: |