Дәріс № 6. Операциялық жүйелер. Мақсаты: Windows 10 операциялық жүйесімен таныстыру
Жоспар:
1. Операциялық жүйелердің негізгі тұжырымдамасы, эволюциясы.
2. Операциялық жүйелердің жіктелуі, оның ішінде мобильді құрылғылар үшін. Үстелдік қосымшалардың жіктелуі.
1. Операциялық жүйелердің негізгі тұжырымдамасы, эволюциясы.Операциялық жүйе компьютердің аппараттық қамтамасыз етілуін қалданушылардың қолданбалы программаларынан оқшаулайды. Қолданушыда және оның программалары да операциялық жүйенің интерфейсі арқылы қарым-қатынасқа түседі.
Дербес компьютерге арналған компьютерлер келесі түрге бөлінеді:
Бір –және көпміндетті (қатар орындалатын қолданбалы процестердің санына тәуелді);
Бір – және көпқолданушылық (операциялық жүйеде бір мезгілде жұмыс істейтін қолданушылардың санына байланысты)
Қазіргі кезде дербес компьютерге арналған 32-разрядтты операциялық жүйелер қолданылады:
OS/2 барлық түрлері (IBM);
Windows NT барлық түрлері (Microsoft);
Unix барлық түрлері;
Next Step 3.2 (Next);
SCO Open Desktop 3.0 (Santa Crus Operation);
Solaris 2.1 (SunSoft) – x86;
UnixWarePersonal Edition 1.0 (Novell).
MS DOS операциялық жүйе(Microsoft фирмасы) 1981 жылы пайда болады. Қазіргі кезде бұл ОЖ 6.22 және 7.0 нұсқалары бар (Windows 95 құрамында), сонымен қатар басқа фирма-дайындаушылардың басқа түрлері (DR DOS, PC DOS). Қазіргі кезде бұл операциялық жүйе көптеген компьютерлерде орнатылған. 1996 жылдан бастап MS DOS Windows 95 түрінде таратыла бастады – 32-разрядтты көпміндетті және көпағымды графиктік интерфейсі және кеңейтілген желілік мүмкіндіктері бар операциялық жүйе.