Дәріс- психологиялық денсаулықты зерттеудің теориялық МӘселелері



бет4/5
Дата04.11.2023
өлшемі26,84 Kb.
#122035
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс- психологиялық денсаулықты зерттеудің теориялық МӘселе

1. Дұрыс тамақтану. Тамақтану – психикаға әсер ететін физикалық денсаулықтың
негізі.
2. Физикалық белсенділік. Толыққанды жаттығу денсаулыққа жағымды әсер етеді.
3. Өзін-өзі түсінуге деген талпыныс. Өзінің күшті және әлсіз жақтарын қабылдау.
4. Тәуелділікті жеңу. Психологиялық тәуелділік-күрделі байланыстар болып
табылады.
5. Стресске төзімділікСтресті басқару – бұл өзін-өзі бақылау.
6. Ойлау тәсілін өзгерту. Барлық жағдайда оң шешім қабылдай білуге үйрену.

Позитивті ойлауда үш негізгі бағыт бар: позитивті бағдар, аффирмация, өзіндік
позитивті ойлау.
Позитивті бағдар – бұл сіздің болайын деп жатқан өмірге, өзіңізге, өтетін
оқиғаларға деген психикалық қатынасыңыз.
Аффирмация – бұл саналанған, нақты құрастырылған позитивті ойлау, адам
жаман ойды әдейі жақсымен ауыстырады. Бұл позитивті пікір. Бұл сенім мен күшке



толы фразалар. Оны дауыстап айту арқылы сіздің сөзіңізге сенімділік пен күш


ұялайды. Аффирмацияны әр күні қолдану керек!. Әрқашан не қалайтыныңызды
айтыңыз! Ең бастысы - олар дәл осы шақта құрастырылу керек және тек Сізге
қатысты болуы шарт.
Өзіндік позитивті ойлау - бұл тек сіздің өмірдегі сәттілік көзі болатын жақсы
ойыңыз, сөзіңіз бен бейнеңіз.
Өзіңізді бақытты екеніңізді сезінуге ПОЗИТИВТІ ОЙЛАУ ғана көмектеседі!
8-дәріс бойынша тексеру сұрақтарына жауап беріп, өз біліміңізді бекітіңіз:
1. Психологиялық денсаулық ұғымы мен оның адам өмірінде алатын орны.
2. Психологиялық денсаулықты анықтайтын көрсеткіштер.
3. ДДСҰ бойынша психикалық денсаулықтың анықтамасы
4. ДДСҰ бойынша психикалық денсаулықтың критерийлері
5. 4.Адам психикасының саулығын анықтайтын деңгейлер.
6. Психологиялық денсаулық критерийлері
7. Психологиялық денсаулықтың құрылымы
8. Психологиялық денсаулықтың негізгі өлшемдері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет