тапқа өту өлшемі. Ал, ашық қоғамда білім билеуші тапқа жол ашады. Дегенмен, билеуші тап
мұнда білім беруді монополияландырады, белгілі бір индивидтер ғана мәртебелі білім алады.
Г. Моска үшін элитаға жаңа адамдардың келуі – қоғам денсаулығының кепілі. Бірақ Г.
Моска пікірі бойынша бұл консервативті үрдіс тұрақты қоғамда ғана мүмкін, яғни элитаны
бұқарадан шыққан таңдаулылармен толықтыру мен сабақтастықты сақтауы. Демек, Г. Моска
элитаның ауысуы емес, трансформациялануы концепциясына жақын келді.
Г. Москаны тарихтағы бұқара рөлін жоққа шығарғаны үшін және демократияға негилистік
қатынасы үшін сынға алуға болады. Г. Моска билеуші таптағы екі үрдісті атап көрсетті, олар
аристократиялық және демократиялық. Біріншісі, элита мобилділігінің жоқтығымен, қоғам
жаңармауымен ерекшелінеді, ал екіншісі, әлеуметтік өзгерістер кезеңі, билеуші таптың
әлеуметтік төмендегілердің біршама динамикалық және қабілетті өкілдерімен толықтырылуына
мүмкіндік жасалынады.
В. Парето – позитивті социологияның көрнекті өкілі, ол элитаға кім жататындығын анықтау
үшін статистикалық әдісті ұсынады: «... өз қызметінің саласында ең жоғары баға алған
адамдардың әрқайсысын элита деп атаймыз» – деп жазады.
Сонымен байлар әлеуметтік пирамиданың шыңын қалыптастырады, кедейлер негізін
құрайды. В. Парето пікірінше қоғамды басқа негізде, мәселен, кез келген қызмет облысындағы
қабілет негізінде жіктеуге болады. Оның тұжырымы бойынша өмір сүру үшін күресте кімдер ең
жоғары шыңға жетсе, олар элитаны құрайды. Индивидтер, күшті ықпал мен байлыққа ие,
«қоғамның жоғары қабаты элитаны» құрайды. Оларға В. Парето ең алдымен коммерциялық,
саяси, әскери, діни төбелтопты жатқызды. Бұл элитаны кең тұжырымдау. Дегенмен, В. Парето
элитаны тар мағынада да тұжырымдайды. Бұл элитаның саясатта шешуші рөл атқаратын бөлігі,
яғни билеуші элита. Демек, элитаның барлық мүшелері оның тар мағынасына енбейді.
Әлеуметтік құрылым В. Парето бойынша былай бөлінеді: жоғары қабат – элита, билеуші және
билемеуші; төменгі қабат – бұқара.
Қоғамдағы материалдық және рухани құндылықтарды бөлу, әсіресе, билік, байлық, беделді
тең емес. «Байлықты бөлудегі теңсіздік қоғамның экономикалық ұйымдастырылуынан гөрі,
адамның табиғатына көбірек тәуелді».
Әлеуметтік динамиканы түсіндіру үшін В. Парето «элитаның циркуляциялану» теориясын
жасады: әлеуметтік жүйе тепе-теңдікке ұмтылады және ол тепе-теңдіктен шыққанда белгілі бір
мерзімде оған қайтып келеді; жүйенің теңселу процесімен оның тепе-теңдіктің «бірқалыпты
жағдайына» келуі әлеуметтік циклді қалыптастырады; цикл ағымы элитаның циркуляциялану
сипатына тәуелді. В. Парето тарихи процесті элитаның негізгі түрінің мәңгілік циркуляциялануы
ретінде көрсетуге талпынды. Бұл циркуляциялану схемасының қоғамдық дамудың тарихи
тұрғысымен байланысы шамалы. Ол «элита қоғамның төменгі қабатынан пайда болады және
күрес барысында жоғары көтеріледі, гүлденеді және ақыр соңында жойылады және жаншылады.
Бұл элита айналымы тарихтың әмбебап заңы болып табылады» – деп жазады. В. Парето үшін
тарих – артықшылыққа ие азшылықтың сабақтастық тарихы, олардың қалыптасуы, күресі,
билікке жетуі, биліктен құмарының қануы, құлауы, басқа артықшылыққа ие таптың келуі.
Неге элитаның ауысуы болады, ал олардың үстемдігінің тұрақсыз және ұзақ болмау себебі
неде? Бір элитаның тұрақты түрде екіншісін ауыстырып отыруы қоғамды басқару сұранысына
басқару әдісінің сай келмеуінен. Демек, әлеуметтік жүйеде тепе-теңдікті сақтау үшін бір элитаны
басқасымен ауыстыру процесін талап етеді, элиталар алдында бұл талап қайта ауысып пайда
болып отырады.
В. Парето элита күштілігін күштеумен шатастыруға болмайды, ол әлсіздік сыңары деп
санады. Төменгі қабатта барлық уақытта қоғамды басқаруға қабілетті адамдар бар. Элитада
тұрақты түрде қоғамды басқаруға қажетті сапасы болмайды. Күштеуге жүгінетін элементтер
жинақталынып отырады. «Аристократияда сандық ғана емес, сапалық та құлдырау болып
тұрады». Яғни, билеуші элита уақыты келгенде өзінің сапалық қасиеттерінен айырылады, сол
кезде халық үшін қажетті сапалық қасиеттерге ие жаңа, жас элита өмірге келеді.
Достарыңызбен бөлісу: