Дәріс 1- стандарттау. Дәріс жоспары



бет1/8
Дата17.10.2023
өлшемі43,46 Kb.
#116674
  1   2   3   4   5   6   7   8

Дәріс 1- Стандарттау.


Дәріс жоспары:

  1. Негізгі ұғымы мен анықтамасы.

  2. Стандарттаудың негізгі мақсаты мен міндеті.

  3. Стандарт түрі. Халықаралық стандарттау.



Дәрістің мақсаты: білімалушыларды стандарттау туралы ұғымдар, терминдер мен анықтамалармен таныстыру. Стандарттаудың техника саласында бөлшектердің өзара ауысымдылығына ажырамас үлес қосатыны туралы пікір қалыптастыру.
«Өзара ауыстырымдылық, стандарттау және техникалық өлшеулер» курсы осыған дейін өткен жалпы техникалық курстардың, «Машина және механизмдер теориясы», «Металлдардың технологиясы», «Материалдардың кедергісі», «Машина бөлшектері» сияқты пәндердің қисынды түрдегі қорытынды циклы болып келеді.
Егер басқа курстар циклы теория негізінде машина және механизмдерді жобалауды, бір типті машина бөлшектерін қолдануды, әрі оларды беріктілікке және қатаңдығына есептеуге қызмет етсе, ал бұл курс геометриялық параметрлердің дәлдігін, өзара ауыстырымдылықтың ең қажет жағдайы және сапаның мынандай маңызды көрсеткіштері – сенімділік және жұмыс істеу мерзімінің ұзақтылығын қамтамасыз етуді қарастырады. Ауылшаруашылық техникасын әзірлегенде, пайдалануда және жөндегенде стандарттың, өзара ауыстырымдылықтың және бекітілген техникалық жағдайының бақылау принциптерін пайдаланып, сапа көтеру мәселесін жинақты қарауға болады.
Бұл пәннің алдына қойған мақсаты – болашақ инженерлерді білімге төсілдіру және өндірістік дағдыға әрі жалпытехникалық жинақты стандарт жүйе талабын сақтап, дәлдік есепті орындауда және ауылшаруашылық техникасын әзірлеуде, пайдалануда және жөндеуде метрология ілімін қамтамасыз ету. Метрология  жеке шаманы өлшеудің құралын және әдісін, олардың бірлігін және қажетті дәлдікке жету тәсілін қамтамасыз ететін ғылым.
Бұл курсты оқып игерудің нәтижесінде және біліктілік сипаттамасына сәйкес ауыл шаруашылығы инженерөмеханигі білуге тиісті жайлар: негізгі саладағы анықтамаларды және ұғымдарды мемлекеттік стандарттау жүйесін және ғылыми техникалық дамуын жылдамдатуда алатын орнын өндірісті қарқындылауды, ауыл шаруашылық техникасының сапасын көтеру және үнемқысапты тиімді қолдануды; конструкторлық және технологиялық құжаттарда дәлдік мөлшерлер белгілеу ережесін техникалық өлшеу және өзара ауыстырымдылық теориясының негізгі мәселелерін орындауды; машина бөлшектері біріктірмелеріне типтік қондыру стандартын және есептеу әдістемесін таңдауды; мөлшерлер тізбегін есептеуді; бұрыштамалық және сызықтық өлшеу құралдарды керекті күйге келтіруді, оларды қалай пайдалану ережесін және әдістемелерін таңдай білуге үйрету керек. Инженер-механиктің машинаны жобалағанда, жаңадан жасап шығарғанда және жөндеу кезінде өнім сапасының жинақты жүйесін басқарудан түйсігі болуы керек және де дәлдік шегі бірыңғай жүйе кестесі арқылы практикалық тұрғыда таңдай білу дәлдік көрсеткіштерді анықтай білу, қазіргі заман есептеу әдістемесін қолдану арқылы, бөлшектердің құрастырма жұмысшы сызбаларында мөлшер дәлдігін белгілеуді, өлшеуіш құралдарды таңдай және оларды қолдана білулері керек.
Бұл курсты игеруде алынған білім келешекте мынандай арнаулы пәндерді оқығанда «Ауылшаруашылық машинасын жасау технологиясы», «Машинаны жөндеу және сенімділік», «Машина-трактор паркін пайдалану» және т.б., сонымен қатар курстық және дипломдық жобалармен айналысқанда әрі қарай беки береді, сондықтан өндірісті ұйымдастыру, машинаны жөндеу және пайдалану өзара ауыстырымдылық, стандарттау негізін әрі сенімді өлшеу құралдарын қоса қолдануды қамтамасыз етуге негізделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет